2. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс әдістері және оларды жүзеге асыру жолдары
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әлеуметтік технологиялардың бір саласы. Ол қиын өмірлік жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрестіп, қолдау жасау мен әлеуметтік қызмет көрсетуге бағытталған.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы әдетте екі мағынада қарастырылады. Кең мағынасында -әлеуметтік жұмыс объектісіне әсер ететін ұйым, юағдарлама, құрал, тәсілдерінен тұратын теориялық білім мен практика жүйесі ретінде. Мұндай түсінік әдетте әлеуметтік жұмысты жалпы мемлекеттік және аймақтық басқару органдары деңгейінде қолданылады. Ал тар мағынасында –жеке технологиялар жиынтығы ретінде, яғни нақты субъект пен әлеуметтік жұмыс объектісіне ғана қолданылатын белгілі-бір, нақты тәсілдер мен құралдар болып табылады. Мұндай түсінік ең алдымен халықтың әртүрлі категорияларымен мекен-жайы, оқуы, жұмысы және т.б. бойынша әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылардың тікелей әрекетінде қолданылады.
Жоғарыда көрестілгендей екі жол жастармен әлеуметтік жұмыс технологияларында қолданылады, оны жастардың әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет ететін белгілі-бір категориясына, оларды өмірлік қиындықтардан «алып шығу» мақсатында қолданылатын тиімді тәсілдер, құралдар, әдістерді ұйымдастырудың білімдер жүйесі деп анықтауға болады. Жастармен әлеуметтік жұмыстың технологиясында екі форманы бөлуге болады:
процедура мен операциялардан «іс-әрекеттің ьтәсілі мен құралы ретінде» тұратын бағдарламалар.
осындай бағдарламаларға сәйкес құрылған іс-әрекеттің өздері.
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясы әр алуан, олардың түрлері көптеген негіздерге байланысты жүзеге асады, солардың ішінде тәжірибеде ең көп тарағаны –объектілердің (жастар ортасында, жастар тобында және т.б. болатын құбылыстар, процестер) жіктелуі, мұнда олардың әрқайсысының объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі-бір әсер ету тәсілдерін қолдану арқылы олардың тиімді қызмет етіп, дамуы мен жетілуіне мүмкіндік туады.
Жастардың әлеуметтік жұмысының технологиясының жіктелуі олардың жаңа дәрежесіне де байланысты. Осы түріне қарай жаңа (жаңарған) және дәстүрлі (бұрынғы тәжірибелер технологиясы) деп бөлінеді. Жаңарған технологияға «жастардың әлеуметтік жұмысының мобильдік» (басқаша атауы «көшедегі әлеуметтік жұмыс») технологиясын жатқызуға болады, бұл соңғы уақыттардағы батыс елдерінде кеңінен тараған технология, ал ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанға аз танылып отыр. Оның мәні –ешбір жастар орталығынан, кеңес беру пунктерінен, немесе басқа да жастар қызметінен көмек сұрамайтын, бірақ девиантты мінез-құлық танытатын, агрессивті жастардың бір бөлігіне бақылау жасау. Осындай жастарға «рокерлер», спорттық және музыка «фанаттары» және т.б. жастар тобын жатқызуға болады. Бұл технологияның негізгі қағидасы -әлеуметтік қызметкерді осындағы «тусовка» енгізу, оның қатысушыларымен өзара қатынасқа түсіп, олардың қызығушылықтарын зерттеп, түсіну, осы негізде ондай топтардың көбеюіне жол бермеу, таралуына әсер ету, олардың агерссивті көңіл-күйлерін дұрыс ағымға бағыттау.
Әлеуметтік жұмыстың технологиясы стратегиялық сипаттағы технологиялар болып жіктеледі. Біріншісі жастардың көп ауқымын қамтып, олардың өмір деңгейін жақсартуға, білім алып, жұмысқа орналасуға және т.б. мүмкіндік жасауға бағытталған технология. Екіншісі –жастардың кейбір категорияларымен, соның ішінде әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін топтарымен жұмыс жасау технологиясы. Қазіргі Қазақстанның жағдайна байланысты тактикалық сипаттағы технологиялар анықтаушы ғана болып отыр, себебі, жастардың «рискілік» жігін, топтардың пайда болуын алдын-ала саралайтын стратегиялық технологияның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қаражаты жетіспейді, сондықтан жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жүйесінде адрестік әлеуметтік көмек тұжырымдамасына ғана сүйенеді.
Соған қарамастан, жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысын табысты жүзеге асыруда тактикалық технологияны алдын-ала саралайтын стратегиялық сипаттағы технологиямен үйлестіре қолданған дұрыс. Мысалы, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздық проблемасын шешу үшін үйсіздерге нақты көмек көрсетудің жеке, тактикалық технологиясын іске асыру жеткіліксіз. Оған бір мезгілде, мемлекет пен жергілікті билік органдарының мүмкіндіктеріне қарай, балалар мен жасөспірімдердің қамқорсыздығына алып келетін себептерді тауып, оны болдырмау шараларын қолдануға бағытталған стратегиялық технологияны да жүзеге асырған дұрыс.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жалпылау осы салада қолданылатын көптеген технологиялар негізделетін басты қағидаларды бөліп қарауға мүмкіндік береді:
ұйымдастырушылық тәсіл жұмыс нысанының, жобаларының әр алуандығына бағытталғанымен сипатталады, оны орталық және жергілікті әкімшілік байқаудан өткізу арқылы қарап, қабылдайды да, оған қажетті қаржы бөледі, оның жұмсалуына бақылау жасайды және таңдалған технологияның қолдану нәтижесін бақылайды;
кезеңмен қолдану тәсілі жұмыстың шартты түрде екі негізгі кезеңге бөлінуін қарастырады. Бірінші кезең таңдалып алынған технологияның объектісі –жастардың белгілі-бір тобы немесе жеке өспірім, бозбала, бойжеткен, олардың отбасының басындағы жағдайларды терең зерттеумен байланысты. Осы кезеңде барынша маңызды, алдымен шешуді талап ететін проблемалар анықталады. Бұл кезеңнің аяқталуы әлеуметтік қызметтің, әлеуметтік қызметкердің клиентпен (жеке адам, топ) бірге проблеманы шешудің жоспарын құрудан тұрады. Екінші кезең –жасалған жоспарға сәйкес жұмыс жасау, ол психо-әлеуметтік және басқа да қажетті көмекті қарастырады және басына түскен жағдайдан шығуда қолайлы жағдай жасау, клиенттің жағдайын реттеу сияқты істерді атқаруға бағытталған.
Кадрмен қамтамасыз ету таңдап алынған технологияны жүзеге асыруға арнайы мамандарды –психологтарды, әлеуметтік педагогтарды, медиктерді және т.б. дайындауды қарастырады. Осындағы негізгі тұлға жастармен жұмыс істеуге арнайы дайындалған, клиентпен сенімді қатынасқа түсіп, оның басына түскен жағдайды зерттеп, оның проблемасын шешуде қолайлы әсер ететін адамдарды, қоғамдық (ресми және бейресми) институттарды және байланыстарды іздеуші, осы жоспардың жүзеге асуына бақылау жасаушы маманданған әлеуметтік қызметкер болып табылады.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиясының тағы бір маңызды қағидасы –саралап жіктеу тәсілі қағидасы, ол жоғарғы аталғандардан басымырақ түсетіндіктен жеке қарауды қажет етеді.
Әлеуметтік жұмысының мақсаттары мен қызмет ету жағдайларымен және жалпы жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстары жағынан жақынырақ, соның ішінде Ресей Федерациясының жастар ісі бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің органдарының мынадай құрылымы бар:
|