Технологияларды пайдалану



бет2/2
Дата05.06.2017
өлшемі0,67 Mb.
#17737
түріДиссертация
1   2

Проблемалық оқыту. Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты- мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.


Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді. Олар ұғынуға тиісті заңдар мен заңдылықтарды, теориялық танымды, ақыл-ой тұжырымдамаларды білім алушының өздеріне іздету арқылы тапқызып, деркетерді талдап талқылау арқылы жетеізген нәтиже, түсінік-танымы тиісті білімді меңгеруі болып шығады. Сонда бұл жол проблеманы шешу, түрлі проблемалық ситуацияны талдау, болжамды айқындау, күрделі мәселе түйінін тарқату, мүмкіндігіне қарай тәжірибеде сынау нәтижесінде қол жеткен таным- түсінікті менгеруді білім алушының алған білімі деп танимыз. Мұндай іс- әрекет барысындағы жүйе мынау:

Проблемалық оқытуда мұғалім білім алушыны білім жүйесін ұқтыру мен іскерлік дағдысын қалыптастырумен қатар шәкіртің танымдық, шығармашылық бағдарда болуына жол нұсқайды. Тиісті тақырып бойынша проблемалық сұрақтарды шешудің варианттарын қарастырып, оны шешу шәкірттің үлесіне тиісті.Жаңа білімді игеру барысында білім алушының өздігінен ізденіп және оны практикада қолдана алу бағдарында еңбектенеді. Проблемалық оқыту білім алушының ғылым негіздерін мегерудегі дербестігін, қаблетін дамыру көзделеді. Білім алушының ойланту, іс- әрекеттегі ізденіс үшін репродуктивтік, продуктивтік және шығармашылық жолдар сәйкестіріле пайданылады. Репродуктивтік жолдар ұсынғанда атқарылатын іс- әрекет үлгі алгоритм бойынша орындалса, продуктивтік жолда білім алушы ситуацияны өзінше шешуге әрекеттеніп, жаңаша ізденуге мән береді. Ал шығармашылықта эвристикалық іс- әрекетке көшіп, проблеманы шешуде кенеттен келген ойларын ұсынып, жұмысты өзінше орындайды.

Білім беру саласында түсіндірмелі иллюстративтік оқыту жолының мәнділігі ой-пікірі айқын, жүйелі болғандықтан ондағы мағлұматты білім алушы қиналмай-ақ тез ұғынады, сол күйінде қайталап айтып бере алады. Алмұндағы әлсіздік-берілетін білім түсінік репродуктивтік, яғни қайталау түріне келеді де, білім алушының іс- әрекетегі өзіндік ізденісі мен өзінше ойлануна онша мән берілмейді. Орта оқу орындарындағы білімдендіру жүйесінде осы жол етек алған. Педагогика тарихында И.Гербарттық деп аталып дәстүрлік бұл жолдан көптеген мұғалімдер шыға алмай шармалап келеді, өйткені жаттандылық түріндегі оқтуға тым бейімделіп кеткендікпен қатар, екінші жағынан пәндік әдістемелік әдебиеттер осы жүйеге бағдарланған. Мұғалімнің іс- әрекеті: проблемалы ситуация туғызу, проблеманың мән- мазмұны туралы ойлауды ұйымдасрырады; тиісті қарама- қайшылыққа байланысты туындап отырған болжам жорамалды шешуді ұйымдастырады; болжам жорамалды тексеріп көруді ұйымдастырады; жүзеге асырылмақ нәтижеге байланысты тұжырымдама жасауды ұйымдастырады.

Білім алушының іс- әрекеті: кедергі мен қайшылық неде екенін аңғарып, оны зеріттеп білу; шешуші тиісті проблеманы айқындау; тиісті мәселеге байланысты өзінше болжам, жорамал жасап оны шешуге талпыну.


  1. Болжам жорамалға талдау жасап, қойылған міндетті шешеуді тәжірбеде сынап байқалады. Қол жетке нәтижені талдап, тиісті қорытынды жасап, алған білімін жүзеге асырады.Проблемалық оқытудың пайдалы жағы білім алушыны шығармашылыққа бейімдеп, күрделі мәселені шешу жолындағы ізденіске құлшындырып, ойлау қабілктін дамытады. Ол білім алушының ойлауын жетілдіріп, ой еңбегіне қызықтырып , ақылсанасын өрістетуге ықпал етеді.

Проблемадан туған кедергіні жеңіу жолындағы ізденісі мен талпынысы шәкірттің білім білігінің нәтижелі, таным- түсінігінің жоғары деңгейге көтеріле түсудегі мүмкіндігін арттырады. Білім алушыны ой еңбегі саласында тиісті дәрежеге жеткізеді, іздеп таба білуге машықтандырады.

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

Сонымен, зерттеу жұмысымыздың теориялық тұжырымдарын тәжірибелік түрде тексеру мақсатымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алдын-ала теориялық зерттеулерге негізделіп дайындалған тәжірибелі-эксперимент жұмысы жүргізілді.

Эксперимент жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыруға байланысты біз жасаған үлгіні тәжірибелі-практикадан өткізуге және оның тиімді қолданылуын қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар кешенін тәжірибеден өткізуге бағытталады.

Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін алдымызға мынадай міндеттер қойылды:


  • инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымын оңтайландыру;

  • болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қамтамасыздандыратын оңтайлы әдістемелік технологияларды айқындау;

  • тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерін математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеп, нәтижесін көрсету.

Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Экспериментке барлығы 60 студент қамтылды. Педагогикалық сабақтардағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары, жеткілікті, орта және төмен білім деңгейлерімен бағаланды.

Бұл эксперимент жұмысының мақсаты жоғары оқу орындарының тәжірибесіне сүйене отырып, алынған білім мен біліктілікті практикада пайдалану.

Педагогикалық эксперименттің айқындаушы кезеңіндегі қолданылған әдістер: студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыруға дайындығын анықтауға арналған сауалнама жүргізу; студенттердің ізденіпаздықпен шығармашылық тұрғыда жұмысты орындауы; инновациялық технологияларды қолдану кезіндегі студенттердің іс-әрекетін бақылау.

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының анықтау кезеңінде сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап, тест, әңгіме, бақылау, байқау т.б. әдістерді қолдану арқылы ұйымдастыру жұмыстары жүзеге асырылды. Бұдан соң болашақ мұғалімнің ақпаратты үдерістерді жүзеге асыру дайындығының деңгейін субъективті бағалауға арналған сұрақтар кешенін дайындадық.

Алынған нәтижелер студенттердің инновациялық құзыреттіліктері өздері бағалаған сауалнама нәтижелерінен төмен екенін көрсетті. Инновациялық құзыреттіліктің креативті деңгейінде (жоғары) 1%, эвристикалық деңгейде (орташа) 31%, ал репродуктивтік (төмен) деңгейде 68% студент бар екені белгілі болды. Нәтижесінде, инновациялық технологиялардыжүзеге асыру мотивациясы студенттердің 14% бар; инновациялық іскерліктер студенттердің 6% болғаны және 43% студент инновациялық құзырлығын бағалай алатыны белгілі болды.

Студенттердің инновациялық технологияларды қолдану білімі, іскерлігі мен дағдысы деңгейлерінің көрсеткіштерін төмен, орташа және жоғары деп айқындадық. Ол көрсеткіштер кесте-3-те бейнеленген.

Кесте-3 Студенттердің инновациялық технологияларды қолдану білімі, іскерлігі мен дағдысы деңгейлерінің көрсеткіштері


Деңгейлер

Көрсеткіштері

репродуктивтік деңгей (төмен)

жаңа білім, іскерлікті меңгеруге енжар қатысады, инновациялық үдерістерге деген қызығушылығы төмен. Инновациялық қызметтің түрлерін ажыратпайды.

эвристикалық деңгей (орташа)

болашақ мұғалім өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, инновациялық технологияларды енгізу, қолдану идеяларын қолдайды, и нновациялық қызметтің мәнін түсінеді.

креативті деңгей (жоғары)

инновациялық технология жайлы білім жоғары деңгейде, қызығушылық танытады, инновациялық технологиялардың тиімді тәсілдерін меңгерген, оны болжай және басқара алады.

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау кезеңінің қорытындысында эксперименттік топтар мен бақылау топтарындағы студенттердің білім деңгейлері шамалас болғанын байқадық. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелері кесте 4-те көрсетілген.

Яғни, анықтау кезеңіндегі тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі бойынша эксперимент тобында (ЭТ) жоғары деңгей 16,8%, орта деңгей 33%, төменгі деңгей 50,2%-ды көрсетсе, бақылау тобында (БТ) жоғары деңгей 16,6%, орта деңгей 32,5%, төменгі деңгей 50,9%-ды көрсетті. Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткішін кесте-4-тен көруге болады.

Кесте-4 Анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші (% есебімен)




Деңгейлер

Бақылау тобы

(БТ)

Эксперимент тобы

(ЭТ)

Жоғары

16,6%

16,8%

Орта

32,5%

33%

Төмен

50,9%

50,2%

Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттыру үшін, сауатты да білімді, білікті, жаңа технологияны жақсы меңгерген іскер маман керек. Ал осындай инновациялық технологияны меңгерген білікті маманды жоғары оқу орны дайындауы міндетті. Сондықтан да, қазіргі кезеңде жоғарғы оқу орнының қабырғасында болашақ мұғалімдер инновациялық педагогикалық технологияны жан-жақты меңгерген абзал.

Зерттеу жұмысымыздың теориялық бөлімінде анықтаған жоғары оқу орны оқытушыларының сабақ беру барысында инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін қалыптастыру үшін «Жоғары мектептің оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану» атты оқытушыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырдық.

Семинар төмендегідей 3 бөлімнен тұрады:

«Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда осы технологияның теориялық негіздері жан-жақты сараланып қарастырылады.

«Инновациялық технологияның түрлері» атты екінші бөлімде қазіргі кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданыс тауып жатқан инновациялық технологияның ерекшеліктері қарастырылады.

«Инновациялық технологияны оқу үдерісіне ендіру жолдары» атты үшінші бөлімде озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, насихаттау, тарату жолдары қарастырылады. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» арнайы курс мазмұны 5 кестетеде бейнеленген.

Кесте – 5 «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» арнайы курс мазмұны




Тақырыптардың атауы

Мақсаты және дайындыққа қойылатын талапар

І.Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың теориялық негіздері

Білім беру жүйесінің мазмұнын аша білу, білімнің мазмұнын, инновациялық технологияның

ерекшеліктерін меңгеру



1.1. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

1.2. Инновациялық технологиялар классификациясы

1.3. Оқытудағы ақпараттық технологиялар

1.4. Жаңа инновациялық технологиялардың негізгі принциптері

ІІ. Инновациялық технологияның түрлері

Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдістерін, тәсілдерін анықтап, ерекшеліктерін ашып көрсету

2.1. Білім беруді ізгілендіру технологиясы

2.2. Саралап-деңгейлеп дамыта оқыту технологиясы

2.3. Дербес оқыту технологиясы

2.4. Білім беруді ізгілендіру технологиясы

2.5. Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы

ІІІ. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны ендіру жолдары:

жаңа идеяны іздеу;

жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды ендіру кезеңдерін жан-жақты ашып көрсету;

озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдарын меңгеру



3.1 Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық технологияны ендіру кезеңдері

3.2 Инновациялық технологиялардың нәтижесіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар

3.3. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары: ұйымдастыру, таңдау, құрастыру, түзету, бағалау

3.4. Педагогикалық озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау жолдары

3.5.Педагогикалық шеберлік, озық іс-тәжірибе, жаңашыл мұғалімдер туралы ұғымдар

3.6. Озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату, насихаттау әдістері.

3.7.Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізу жолдары: педагогикалық оқулар, конференциялар, дөңгелек үстел, ашық сабақтарға қатысу, семинарлар, ашық сабақтар беру

Біздің зерттеу жұмысымызда болашақ мұғалімдердің инновациялық құзіреттілігін қалыптастыру қажеттілігін атап өткенбіз. Сондықтан аталмыш міндетті шешу мақсатында студенттерге арналған «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс ұйымдастырдық. Арнайы курс мазмұны 6-кестеде берілген.

6- кесте «Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігін қалыптастыру» атты арнайы курс мазмұны

р/с

Тақырыбы


өткізу формасы

Барлығы


лекция

прак

СӨЖ

СОӨЖ

1

Болашақ мұғалімнің инновациялық құзыреттілігі ұғымына сипаттама

1

1

2

2

6

2

Мұғалімнің инновациялық құзырлығы құрамы

1

2

3

3

9

3

Инновациялық құзыреттіліктің деңгейлері

2

1

3

3

9

4

Іс-әрекеттік, мәдени, жүйелілік, жеке тұлғаға бағытталған құзыреттілік

1

1

2

2

6

5

Оқытудың белсенді түрлері мен инновациялық технологиялар

1

2

3

3

9

6

Инновациялық білімді жетілдіру

1

1

2

2

6




Барлығы

7

8

15

15

45

Тәжірибелік-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде қайта жүргізілген сауалнама нәтижесінде жоғары болашақ педагогтардың инновациялық технологияларды меңгеру деңгейі анықталды.

Ол үшін экспреиментіміздің бақылаушы кезеңіне арнап тапсырмалар кешенін дайындап, жүзеге асырдық. Алынған нәтижелерді талдау барысында студенттердің 37% инновациялық технологияларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын; 53%) инновациялық технологнияларды пайдалану іскерлігіне ие екенін көрсеткен. Осы іскерліктің қалыптасуы болашақ мұғалімдердің басты қиындығы ретінде көрсетілген. 59% респондент ақпаратты беру іскерлігі бар екенін белгілеген. Респонденттердің 79% жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға инновациялық технологиялар өте қажет деп есептеген. Зерттеу нәтижесі бойынша, инновациялық құзыреттілікті студенттердің 46% өз бойында толық қалыптасқан деп есептейді.

Тапсырмалар кешенін орындау кезінде студенттердің инновациялық құзырлығының қалыптасуына практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ, зертханалық сабақтар, педагогикалық практика сияқты оқу формалары ықпал еткені белгілі болды. Оларды жеткілікті әсер етеді деп бағалаған көрсеткіштер 91%, 81%, 73%, 61% болды.

Студенттердің 51% өздерін инновациялық құзыреттілікке қажетті психофизиологиялық сипатқа иеміз деп санайды.

Студенттердің 79% өздерінің инновациялық технологияларды жүзеге асыруына баға бере алады.

Педагогикалық экспериментті жүргізу арқылы:

І. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісіне студенттердің инновациялық технологияларды жүзеге асыру деңгейі арта түскені байқалды.

2.Құрастырылған модельді қолдану барысында студенттердің студенттердің инновациялық технологиялардыжүзеге асыруға дайындау моделінің динамикасын қамтамасыз ететін дидактикалық шарттар жүзеге асты.

Қалыптастырушы эксперимент кезінде бақылау, әңгімелесу мен интервью, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу, студенттердің оқу, кәсіптік қызметтерін талдау әдістері қолданылды.

Қолданылған әдістердің растығы, дәлдігі статистикалық нәтижелерді өңдеу арқылы, құрастырылған модельді практикаға енгізу нәтижелерін талдау арқылы анықталды.

Осы кезеңде бақылау және эксперименттік топ деректері салыстырылып, эксперименттік топтың көрсеткіштері жоғарылағаны анықталды.

Эксперименттік топтарда диссертацияда ұсынылған педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың дидактикалық жүйесі жүзеге асырылды. Салыстыра талдау үшін ізденуші эксперимент нәтижелеріне қарай дайындық деңгейлері ұқсас келетін бақылау топтары алынды, ондағы оқыту дәстүрлі тәсілмен жүргізілді.

Қалыптастырушы экспериментті жүргізу барысында зерттеудің бірқатар қағидалары сынақтан өткізіліп, нақтыланды:

- оқу тапсырмалар мазмұнының, оларды шешу әдістемесінің инновациялық технологияларды пайдалану міндетіне сәйкес студенттердің оқу-кәсіптік әрекеті құрылымына оқу-педагогикалық тапсырмаларды, инновациялық дидактикалық кешенді енгізу тәсілдерінің адекваттығы;

-зерттеуде ұсынылған инновациялық технологияларды пайдалану студенттердің инновациялық құзырлығын қалыптастыру динамикасын арттыруға мүмкіндік берді.

Арнайы курс соңында қорытынды диагностикалық жұмыс пен сауалнама нәтижелеріне қарай студенттер инновациялық технологияларды қолданудың креативтік (жоғары) деңгейіне ауысты, яғни инновациялық технологияларды қолдануды шығармашылық тұрғыда іске асыра бастады (жеткілікті деңгейде дербестігін көрсетіп, инновациялық технологияларды бастамашылықпен қолдана бастады, берілген мақсат пен міндетке орай перспектива құрастыра біліп, оларды аяғына дейін орындап, нәтижелерді бағалай бастады).

Студенттерге тән сипаттамаларды атап көрсетсек:

-өзінің кәсіби қызметіне байланысты инновациялық технологияларды қолдануға деген мотивациясының тұрақты болуы;

-өз бетімен білім алуда және оқу үдерісінде жүйелі түрде ізденіп, шығармашылық қабілетінің болуы;

-инновациялық технологиялар әлемін еркін бағдарлай алуға және оларды тиімді қолдануға мүмкіндік беретін кәсіби білім жүйесінің тұтас, саналы әрі берік болуы;

Сонымен, педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды қолдану жүйесін іске асыру студенттердің іс-әрекеттің бұл түріне дайындығын қалыптастыруға ықпал еткенін байқап отырмыз.

Қорытынды эксперименттің нәтижелері эксперимент тобындағы студенттердің инновациялық құзыреттілік бойынша қажетті білім, іскерлік пен дағдылардың қалыптасқандығын көрсетті (7 кесте).
Кесте - 7 Студенттердің білім, іскерлік пен дағды деңгейлерінің өзгеруі (%)


Деңгейі

Эксперимент тобы

Бақылау тобы

Экспериментке дейін

Экспери-менттен кейін

Экспериментке дейін

Экспери-менттен кейін

Төмен репродуктивті

50,2%

4,0

50,9%

20,8

Орташа эвристикалық

33%

44,8

32,5%

59,2

Жоғары креативті

16,8%

51,2

16,6%

20,0

7-кестеде келтірілген нәтижелер бойынша жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыруда инновациялық технологияларды қолданудың біз ұсынған дидактикалық шарттары тиімді болғанын көріп отырмыз.



Педагогикалық эксперимент нәтижелерінің қорытынды динамикасын диаграмма түрінде 1- диаграммадан көреміз.


1- диаграмма. Эксперименттік және бақылау топ студенттерінің жаңа инновациялық технологиялар жағдайында ұйымдастырылған болашақ педагогтардың білім деңгейінің қорытынды динамикасы
Қорыта айтқанда, жүргізілген педагогикалық эксперименттің нәтижесінде қойылған міндеттер шешілді және тиісті қорытындылар жасалды. Тәжірибе барысында арнайы курс бағдарламалары бойынша өткізілген пәндік сабақтар мен курстық жаттығулар жоғары оқу орындарындағы студенттердің терең білім алып, кәсіби-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытып, жоспарланған жұмыстарды қызығушылықпен орындап, меңгеріп шығуына және кәсіби біліктілігін толықтыруына септігін тигізетіні анықталды, сонымен қатар теориядан алған білімдерді практика жүзінде жүзеге асыруына көмектескендігін қалыптастыру эксперименті растады.

Қоғамның барлық салаларында инновациялық технологиялардың тереңінен енгізудің қолданыс аймағы уақыт өткен сайын артып, оларды жоғары мектеп жүйесінің білім беру үдерісінде пайдалану, сөйтіп жоғары кәсіби мамандарды сапалы даярлаудың маңыздылығын күн өткен сайын артып отыр. Осындай шарттардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыту мазмұнына сапа және деңгей бойынша қойылатын талаптарға ықпалын тигізді.

Сонымен, зерттеу барысында қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1. Тақырып бойынша зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі талапқа сай теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді қолданумен, тәжірибелік-педагогикалық зерттеу бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу тәрбие процесіне ендірілуімен қамтамасыз етілді.

2. Диссертациялық жұмыста Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелері жан-жақты қарастырылып, оларды педагогикалық сабақтарда пайдалану жолдары айқындалды.

3. Заманауи инновациялық технологиялардың жіктемесін жасалып, олардың жоғары мектеп жүйесіндегі ролі айқындалды.

4. Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолдану әдістемесі жасалды.

5. Егер жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқыту барысында инновациялық технологияны қолданудың әдістемелік жүйесі анықталса, онда белгілі, бірізді жүйеге қарама-қайшы, жеке шығармашыл, ізденімпаздықпен жұмыс істей алатын білім алушының тұлғасын қалыптастыруға болады ғылыми болжам тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелденді және жүргізілген зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нәтижелер алынды.

6. Зерттеу барысында алынған нәтижелер болашақ мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде, сонымен қатар білімі мен біліктілігін арттыруға жасалған жүйе мен қолданылған әдістердің оңтайлығын дәлелдеді.

7. Жоғары мектептегі студенттердің инновациялық технологияларды меңгеру деңгейлері мен олардың білім сапасының негізгі көрсеткіштері анықталды.

8. Студенттердің бойына инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілет қалыптасты, инновациялық іс-әрекетке қатысып, жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге деген ынтасы артты.

Дегенмен, жүргізілген зерттеу өте күрделі де, көп салалы мәселе болғандықтан, оның барлық бағыттарын бір зерттеудің аясында жеткілікті дәрежеде қамтып шығу мүмкін емес. Біздің жүргізген жұмысымыз осы аса күрделі процестің бір қырын ғана ашып көрсетеді.

Жоғары мектептегі білім беру үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін айту орынды.

Қарастырылған «Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстары келешекте қоғам талабын, теориялық-практикалық жаңашылдықтарды есепке ала отыра, пән мазмұндарының интеграциясында жалғасын табуы мүмкін.



Ғылыми еңбектер тізімі

1. Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді – шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру.// «Зерттеулер. Ойлар. Көзқарастар. Тәжірибелер» атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы (2010 жыл),- Қызылорда: Қазақ - Қытай институты, 2010, 90-95 б.



2. Әбдіхалықов Н.Б. Кәсіби іс - әрекетте мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің даму заңдылықтары // «Қазіргі кезеңде жаңа формация педагогтарын даярлау: жағдайы, тәжірибесі, перспективалары» атты Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының құреметті мүшесі, халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.І.Асановтың 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары (2011 жыл, 27 мамыр),- Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 2011, 36-39 б.

РЕЗЮМЕ

на реферат диссертации на соискание ученой степени магистра педагогических наук по специальности 6М010300-Педагогика и психология
Абдыкалыков Нурхан Боранбекович
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИИ ПРИ ПРЕПОДАВАНИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН
Актуальность исследования: Основная цель подготовки специалиста в вузе — не только формирование профессиональной квалификации будущих специалистов, но и воспитание конкурентноспособной творческой личности в всемирном образовательном пространстве.

Новый век требует новых научных инновационных поисков исследования. В связи ускоренным обновлением общества требуется новая образовательная политика в сфере высшего профессинального образования. Внедрение тррехступенчатого образования, кредитной системы обучения — все это первые плоды инновационной реформы в нашей стране.

Современные инновационные технологии основывается на накопленные ценности педагогической науки. Использование инновационных технологий в педагогический процессе - это использование новых идеи, методов и технологий, это - эффективный путь решения образовательных и воспитательных задач с помощью целостности всех элементов педагогического процесса. Это проблема в высшей школе представляет собой актуальность исследуемой темы

Цель исследования: научно-теоретическое обоснование внедрения инновационных технологии в обучении педагогических дисциплин и ее использование на практике.

Задачи исследования:

  • изучить особенности педагогических технологий;

  • разработать классификацию современной инновационной технологии:

  • разработкать методику использования инновационной технологии при преподавании педагогических дисциплин и апробация его эффективности на практическом уровне.

Методы исследования:

  • анализ литературы по исследуемой проблеме;

  • анализ учебных программ и учебной литературы;

  • наблюдение за учебным процесом при преподавании педагогических дисциплин в высшем учебном заведении, беседа, анкетирование, педагогический эксперимент

Гипотеза исследования: если в высшем учебном заведении будет разработана методическая система использования инновационных технологии при преподавании педагогических дисциплин, то это будет способствовать формированию творческой личности.
Научная новизна и теоретическая значимость исследования:

  • теоретически обоснованы педагогические условия, обеспечивающие эффективное использование инновационных технологий при преподавании педагогических дисциплин:

  • разработана методика эффективного использования инновационных технологии при преподавании педагогических дисциплин в высшем учебном заведении.

Практическая значимость исследования:

  • разработан научно-педагогический образец эффективного использования инновационных технологий при преподавании педагогических дисциплин.

  • накопленные материалы по инновационным технологиям преподавания педагогических дисциплин можно использовать в педагогическом процесе высшего учебного заведения; в институтах повышения квалификации педагогических кадров при преподавании педагогических дисциплин, в совершенствовании знания, навыков и умения.

Структура исследования проблемы

Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.
SUMMARY
an abstract of dissertation for the degree of Master of Education Sciences, specialty 6M010300-Pedagogy and Psychology
Abdykalykov Nurhan Boranbekovich
USE OF INNOVATIVE TECHNOLOGY

IN TEACHING PEDAGOGICAL SUBJECTS
The urgency of the study: The main purpose of the specialist training in high school - not only the formation of professional skills of future professionals, but also raising the creative person in the competitive global educational space.

      The new century demands new scientific search for innovative research. In view of rapid upgrading of society requires a new educational policy in higher education seasoned professional. Introduction trrehstupenchatogo education credit system of education - all these are the first fruits of the innovation reform in our country.



       Today's innovative technology is based on the accumulated value of teaching science. Use of innovative technologies in the teaching process - is the use of new ideas, techniques and technologies, it is - an effective way to solve the problems of education and upbringing with the integrity of all elements of the educational process. This is a problem in high school is the relevance of the topic

The purpose of the study: science and theoretical basis for the introduction of innovative technology in teaching pedagogical subjects and its use in practice.
     Research objectives:
- Explore the features of educational technology;
- To develop a classification of modern innovative technologies:
- Razrabotkat use innovative methods in teaching pedagogical subjects and testing its effectiveness in practice.
     Methods:
- Analysis of the literature on the research problem;
- Analysis of curricula and textbooks;
- To monitor the processes of learning in teaching pedagogical subjects in higher education, conversation, questioning, pedagogical experiment
     Research hypothesis: if the higher education system will be developed methodical use of innovative technology in teaching pedagogical subjects, it will contribute to a creative person.
    Scientific novelty and theoretical significance of the study:
- Theoretically grounded pedagogical conditions that ensure the effective use of innovative technologies in teaching pedagogical subjects:
- The technique of effective use of innovative technology in teaching pedagogical subjects in higher education.
    The practical significance of the study:
- Developed a scientific and pedagogical example of effective use of innovative technologies in teaching pedagogical subjects.
- The accumulated material on the innovative technology of teaching pedagogical subjects can be used in the pedagogical pattern during high school, in institutions training teachers in teaching pedagogical subjects, to improve the knowledge, skills and abilities.
     The structure of the research problem . The thesis consists of an introduction, two chapters, conclusion, bibliography.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет