Тәй-тәй технологиясы Негізін қалаған: Джорж Сорос Мақсаты



Дата25.01.2022
өлшемі15,73 Kb.
#114581
Байланысты:
Тәй тәй


Тәй-тәй технологиясы

Негізін қалаған: Джорж Сорос

Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.

Монтессори технологиясы

Негізін қалаған: М.Монтессори

Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.

Дамыта оқыту технологиясы

Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев

     Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:

1.Ой толғаныс әдісі

2.Ассоциация әдісі

3.Салыстыру әдісі

4.Раунд-Робин әдісі

5.Топтастыру әдісі

 


  1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:

Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

  1. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

  1. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:

«Гүлдер» тақырыбында

-Гүл өсімдік

-Гүл әдемі

-Гүлді жұлуға болмайды

-Анамызға сыйлаймыз

-Достарымызға сыйлаймыз т.б.




  1. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде

І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.

ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.

ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.

Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.

Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.



Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет