Қанағатова Күләндә
Қанағатова Күләндә - 1931 жылы Қармақшы ауданы «Өндіріс» колхозында дүниеге келген. 1948 жылы Қызылорда педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 1953 жылы бітіреді. Ұлы Отан соғысы кезінде ата – анасының қарт адам болуына байланысты 8 жасынан колхоздың қара жұмысына араласып, бидай егіп, мал шаруашылығында сиыр сауады. 1949 жылдан Сталин атындағы 7 жылдық мектепте, 1954 жылы №29 Ворошилов атындағы мектепте, 1972 – 1977 жылдары ІІІ Интернационал колхозында мектепте бастауыш сыныптар бойынша сабақ берген. 1980 жылдан зейнеткерлікке шыққанша №29 мектепте бастауыш сыныпқа сабақ берген. Барлығы 35 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Тылдағы ерен еңбегі үшін 1985 жылы «Соғыс ардагері» медалімен марапатталып, 1941 – 1945 жылдары тылда еңбек еткен еңбегі үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген мәртебесі берілген. «Еңбек ардагері», «Батыр Ана» медалдарымен марапатталған. Он балас, немерелері бар. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Іздібаева Үбіш
Іздібаева Үбіш – 1921 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 1941 – 1947 жылдары Ленин атындағы жеті жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Ол кезде мектеп директоры Тәшкенбаева Әсем Айсауытқызы болған. 1980 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Маханбетова Майтан
Маханбетова Майтан – 1923 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қармақшыдағы Молотов атындағы орта мектептің 8 сыныбын бітірген. 1942 жылы Арал қаласында ашылған 6 айлық физика – математика курсын бітіріп, 1943 жылдан бастап бастауыш класс мұғалімі болып еңбек еткен. Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеде сырттай оқуға түсіп, 1948 жылы оның толық курсын бітіріп шыққан. 1943 – 1974 жылдар аралығында 7 жылдық Каганович мектебінде бастауыш кластарға сабақ берген. 1974 жылдан бастап еңбек демалысына шыққан. Жұмыс істеп жүрген уақытында бірнеше рет аудандық кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен» марапатталған, ауылдық кеңеске 3 рет депутат болған. «1941 – 1945 жылдардағы Соғыс ардагері» белгісін 2000 жылы алған. 1991 жылы «№121101 удостоверение бессрочное и действительно на всей территории союза СССР» берілген.
Махмутова Жұпар
Махмутова Жұпар – 1926 жылы 27 наурызда Жалағаш ауданы, Жаңаталап колхозында дүниеге келген. Әкесі Танаев Махмут колхозда завферма болып жұмыс істеген. Әкесі соғысқа аттанғанда 15 жаста болған.
1941 жылы 8 жылдық мектепті бітіріп, педагогикалық училищеге түсіп, оны 1943 жылы аяқтап, сол жылдан бастап Жалағаш ауданы Жаңаталап орта мектебінде мұғалім болып жүріп, институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, жоғарғы оқу орнын аяқтайды. Содан бастап жоғары білімді ұстаз болып жұмыс атқарады. 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеген.
1944 жылы «Еңбек ері» медалімен, «Үлгілі мұғалім» медалімен марапатталған. 1978 жылы тылдағы ерлігі үшін «60 лет – Вооруженных сил СССР» медалі және «Жеңістің – 50 жылдығына орай, 1941 – 1945жж» медалімен марапатталған. 1983 жылы еңбек демалысына шыққан.
Шоқпарова Алтынкүл
Шоқпарова Алтынкүл – 1926 жылы бұрынғы Ленин (қазіргі Тұрмағамбет) ауылында дүниеге келген. 1940 жылдан бастап осы колхозда жұмыс істеген. 1941 – 1945 жылдары ер азаматтардың барлығы соғысқа аттанғанда Алтынкүл апа ауылда қалып «Сталин» каналын, қазіргі «Аю жарма, «Бала жарма» арасындағы каналдарды қолмен қазуға белсене қатысқан. Осы уақытта бидай орып, шөп шауып, тасып Қармақшыға өткізіп және соғыс майданындағы жауынгерлерге қолғап, киім – кешек, ірімшік, май тағы да басқа да істер істеп соғысқа жіберіп отырған.
Соғыс біткеннен кейін бидай, жүгері тағы басқа істер істеп күн көрген. 1948 жылы тұрмысқа шығып, 5 бала, 37 немере сүйген.
Байжанова Ақшабақ
Байжанова Ақшабақ – 1928 жылы Бедеуіл деген жерде, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1946 жылы жолдасы Байжанов Қылышбекпен тамыз айында некеге тұрады. 1949 жылдан бастап 1952 жылға дейін Қызылорда қаласындағы почтада жұмыс істейді. 1952 – 1953 жылдары қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылында жұмысшы, 1963 жылдан бастап 1984 жылға дейін Қызылордаға қарасты радио операторы болып жұмыс істейді. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жеті баланың анасы, қазір тыл ардагерлері қатарында тұрған Ақшабақ ана 2005 жылы дүниеден озды.
Шоқпарова Бағда
Шоқпарова Бағда – 1919 жылы дүниеге келген. 1939 жылдан бастап бұрынғы Ленин колхозы, қазіргі Дауылкөл ауыл советінде колхозшы болып жұмыс істеген. 1941 – 1945 жылдар арасында жұбайлары соғысқа аттанып кеткенде, Сталин каналын, қазіргі «Аю жарма» мен «Бала жармаларын» және егін орталығындағы жармаларды қолмен қазуға қатысқан. Бидай орып, шөп шауып, тасып Қармақшыға өткізіп және соғыс майданындағы жауынгерлерге қолғап, киім – кешек, ірімшік, май тағы да басқа да істер істеп соғысқа жіберіп отырған.
Сейділдаев Слам
Сейділдаев Слам Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының бұрынғы 10-шы ауылсоветіне қарасты Ленин колхозында 1929 жылы дүниеге келген.
Отан соғысы басталғанда 13 – 14 жаста болған. 4 – класты толық оқып, 5-ші класты оқи алмай, барлық азамат соғысқа кетуіне байланысты колхоз жұмысына шығып кеткен. Содан 1952 жылға дейін колхозшы болған. 1946 – 1947 жылдары соғыстың жеңіс медалымен марапатталған. Тылда 10 жылға жақын жұмыс жасаған. 1953 жылы колхоз іріленіп колхоз механизатор оқуына жіберген. Қызылорда қаласындағы школ механизация мектебінде комбайн, трактор оқуын оқып келіп, осы ауылда 35 жыл механизатор болып еңбек еткен. Тылдағы 10 шақты жылды қосқанда 40 жылдай еңбек еткен. Екі рет аудандық советте депутат болып сайланған. Облысқа конференцияға делегат болып қатысқан. Сол еңбегінің арқасында 7 – 8 медальмен наградталған. 1989 жылы құрмет демалысына шыққан. Сол кезде еңбектерін бағалап партия қатарына енген. 1990 жылдан бері аудандағы ардагерлер есебінде тұрады. 2000 жылы соғыс ардагерлеріне теңестірілген. Жанұяда 7 қыз, 5 ұл тәрбиелеп өсірген. Олардан 18 немере, 5 шөбересі бар.
Бегалиева Шұға
Бегалиева Шұға – 1918 жылы Қазалы ауданы Сартоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Сартоғай ауданына қарасты Сталин мектебінде 7 жылдық класты бітірген. Содан 1941 жылға дейін 3 жыл жұмыс істеген. Шұға әжей жеті ағайынды болған. 1940 – 1941 жылдары екі ағасы армияға кеткен. Ал 1942 жылы 22 қыркүйекте Отанын фашистік басқыншылардан тазарту мақсатында соғысқа өзі аттанған. Содан Гурьевке барып госпитальде санитар болып, жаралыларға көп көмек көрсетеді. 1943 – 1944 жылдары Сталинград түбінде алғы шепте болған. 1944 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Рязанский АССР-інде болған. Онда орман шаруашылығында болып ағыш тағайындауға белсене көмек берді.
Бұл кісі 1901 жылы туылған. Дондағы Ростов қаласын азат етуге қатысқан. Бұл кез 1944 жылдың мамыр айы еді. Ол жараланып, елге қайтты. Ауылға келіп еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. 1990 жылы қайтыс болды.
Дәуіт ақсақал Отан үшін ауылда тамақ, киім дайындауда үлкен үлес қосты. Отан үшін де Дәуіт ақсақал барлық күш – жігерін сала жүріп еңбек етті. Қазір ол кісі қайтыс болды. Ата еңбегі бізге үлгі өнеге.
Достарыңызбен бөлісу: |