4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрастыру, рөлдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, кеспе қағаздармен жұмыс.
Студенттердің тәжирибелік сабағына дайындығын теориялық сұрақтар арқылы тексеру.
Сұрақтар:
1.Сынықтар дегеніміз не?
2.Сынықтың түрлері қандай?
Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Сүйектің сынуы - бұл оның тұтастығының бұзылуы, ішінара (сүйектегі жарқын-шақ) немесе толық сынуы мүмкін. Сүйек сынған жердегі терінің зақымданған немесе зақымданбағандығына байланысты сүйектің сынуы ашық және жабық деп аталады.
Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):
бірінші топ – сынық алғандар(иық сүйектерінің,шынтақ сүйегінің) ;
екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.
Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.
Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі(медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):
1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:
келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;
сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;
ауыртпайтын дәрі беру;
зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.
2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:
иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);
ауыртпайтын дәрі беру.
Алғашқы медициналық көмек көрсету:
иық сүйегі сынған кезде – шынтақ және бұғананың арасында орналасқан сүйек сынығы:
Зақымдалған қолды қозғалтпау керек, бұл кезде ауырғаны азаяды және сынған сүйекті қоршаған ет-ткандерінің, қан жүретін тамырларының, жүйкелерінің асқынуы жойылады;
Абайлап зақымдалған қолдан киімді шешу немесе киімді жырту;
Сынған жерді қарап шығып және оның жабық сынық екеніне көз жеткізіп, иммобилизация жасап шинаны қою.
Иммобилизация дегеніміз – зақымдалған дененің бөлігін қозғалтпауын айтады.
Латын тілінен аударғанда «иммобилизация» сөзі «қозғалмау» деген мағынаны бідіреді. Иммобилизацияның екі түрі болады: транспорттық және емдік. Үшінші күні тек транспорттық қаралады.
ЕСКЕРТУ:
Қатты зембіл жоқ болған жағдайда зақымданушыны ішіне жатқызып, кеудесіне және сирағана жастық қойып тасымалдайды.
Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:
Иммобилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.
Иммобилизация кезінде аяқ-қолға физиологиялық жағдай жасау керек.
Ашық сынық кезінде сүйек сынықтарын жөндемейді, таза таңғыш қойылады.
Шинаны бірден жалаңаш қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта, киім, сүлгі қойылуға тиіс.
Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек
Дұрыс жасалынған иммобилизация тез жазылуға және асқынудың болмауына алып келеді.
Шынтақ сүйегі сынған кезде – шынтақ пен саусақ сүйектері арасында орналасқан, ол шынтақ бутағының жанында байқалады. Сынықтың бұл түрі шынтақ буынындағы қан ұйуының асқынумен жүреді.Шынтақ буыны қан жүретін тамырлармен жақсы қамтамасыз етілгентіктен, сынған жағдайда тамырлардың жарылуы пайда болады, сонымен қатар сынық болған жердегі ткандердің ісінуімен асқынады:
1.Ісінген жерге мұздай зат қою.
2.Содан соң шынтақ буынына шина қою. Білек сүйегі сынған кезде шинаны саусақтарды қамти отыра иыққа жақындатып қояды, шынтақ пен кәрі жілік және білек буындарының қозғалмауын қадағалап, байламға іліп қояды.
Жарадан қан кету және ашық сынық болған жағдайда, қан кеткен жерге міндетті түрде тығыз таңғыш (бинттен, дәкеден, орамалдан) қойылады, қолда бар материалмен орап, кәдімгі әдіспен шина қойылады. Егер шина қолдағы бар заттардан қойылытын болса, онда оны қолданбай тұрып, жақсылап қарап шығу, артық лас заттардан тазалау, кез-келген материалмен орау және содан кейін ғана сынған жерге қойылуға тиіс.
Студенттер жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орынларымен аусады):
бірінші топ – сынық алғандар(сирақтың, сан сүйегінің) ;
екінші топ – медициналық көмек көрсететіндер.
Екінші топтағы студенттер жаттығуды бастамай жатып бірінші топтағыларға соғып алу кезіндегі алғашқы медициналық көмек(өзіне және бір-біріне көмек)көрсетуде асқынуын болдырмауын түсіндіреді.
Жаттығу кезінде зардап шегушіге көмек көрсетушілер төмендегі айтылған талаптарға және кезектілікке сәйкес кіріседі (медициналық қорапшаны,суық компрессті,орамалды қолдану):
1. Ашық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:
келесі жолдармен артериалды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;
сынған жердегі жарақатқа стерильді таңғыш қою;
ауыртпайтын дәрі беру;
зақымданған қалыптағы жағдай бойынша иммобилизация жасау.
2. Жабық сынықтар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек:
иммобилизация жасау (сынған жерді қозғалтпау);
ауыртпайтын дәрі беру.
Рөлдік ойын
Сирақ сүйегі сынған кезде – көбінесе үлкен сан жілігі немесе қос сан жілігі зақымдалады. Бұл сынықтар сирақ сүйегі қатты соққы алғаннан пайда болады. Сүйектің ығысуынсыз болған сынықтан зақымданушы аяғын баса алады және емін-еркін қозғалады. Алайда сирақ сүйектерінің ығысуы пайда болады және тізе буынының сіңірлері, сондай-ақ тізе тамырлары және жүйкелері зақымдалады. Тез арада аяқтың және буынның ісінуі ұлғаяды, қатты ауырыды, қозғалғыш функциялары бұзылады. Аяқты жанынан қараған кезде оның қысқаруы және формасының бұзылуы байқалады. Алғашқы көмек аурғанын қойдырту, зақымдалған жерге тыныштық беру болып табылады. Тез арада ісінуіне байланысты:
зақымданушыны тез жатқызу;
ісінген жерге мұздай зат қою;
сүйек сынықтарына иммобилизация жасау.
Сан сүйегі сынған кезде – жабық және ашық түрі болады.Сан сүйегі сынған кезде, нақты сынатын жерлері болады; бұл сан сүегінің басының жерлері, екі жамбас сүйегі және жамбас сүйегінің басы.Көбінесе олар жасы келген және қарттардың жасында байқалады. Негізгі белгілері – бұл ауыруы, аяқтардың қысқарылуы, аяқтардың жайсыз жағдайда болуы, патологиялық қозғалуы, сынған жердің ісінуі. Сан сүйегі сынған кезде алғашқы медициналық көрсету үшін кем дегенде екі адам болуға тиіс. Басқа да сынықтар кезіндегідей, шина қойылады, бірақ шина жеткілікті ұзын болуға тиіс. Сыртқы шина шаттан төмен қарай бүкіл аяққа қойылады, табаннан сәл жоғары болуға тиіс.
6. Әдебиет
1. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы.
Оқу құралдың І және ІІ кітабын құрастыруына ТЖ мен АҚ республикалық курстарының қыжметкерлері мен мұғалімдері: Суровцев А. А., мельников Е. Н., Малеваный С. В., Медведева Н. М., Шарипханов С. Д., және Хурсанов С. К. Қатысты.
2.Гражданская оборона. Учебник под редакцией Шубина Е. П., Москва. 1997.
3.Белов С. В. Безопасность жизнедеятельности. Высшая школа, Москва. 1999.
4.Демиденко Г. П. и др. Справочник. Защита объектов народного хозяйства от оружия массового поражения. Киев. Высшая школа. 1989.
5.Дудин П. Г. и др. Безопасность жизнедеятельности. Таганрог. ТРТУ. 1993.
6.Рагимов Р. Р. и др. Безопасность жизнедеятельности. Ростов - на - Дону. РГУ. 2001.
Алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасын пайдаланып, өзіне және өзара көмек көрсету
Оқытушы студенттерге медициналық қобдиша ішіндегі дәрілер құрамы жазылған бақылау парақтарын және қандайда бір жарақат түрін айтады ( вводная), студенттер өзіне және өзара көмек кезінде қандай дәрі-дәрмектерді, құралдарды пайдаланатынын параққа толтырады.
Алғашқы көмек көрсететін қобдишадағы дәрі-дәрмектер мен құралдар тізбесі
|
Өзіне және өзара көмек көрсету ережесі
|
1. Жарақат кездерінде жансыздандыру, қабынуға және шокқа қарсы дәрілер.
1.1. Анальгин 0,5 – 1 қорап.
Аспирин 0,5 - 1 қорап.
1.2. Портативті гипотермиялық пакет-контейнер - 1 дана.
1.3. Сульфацил натрий ерітіндісі-1 фл.
2.Қан тоқтату, жараны өңдеу заттары
2.1.Өзіне және өзара көмек көрсеткенде артериялық қанды тоқтатуға арналған жгут - 1 дана.
2.2. Стерильді бинт 10х5 -1 дана.
2.3. Стерильденбеген бинт 10х 5 – 1 дана.
2.4. Стерильденбеген бинт 5 х 5 – 1 дана.
2.5. МАГ иоксидині немсе күміс нитраты бар атравматикалық 8 х 10 бинті- 1 дана.
2.6. Бактерицидті лейкопластырь 2,5 х 7,2 немесе 2 х 5 - 8 дана.
2.7. Венозды және капиллярлы қанды тоқтататын фурагині бар 6 х 10, 10 х 18 «Колетекс ГЕМ» стерильді сальфеткалары - 3 дана.
2.8. 5 %- иодтың спиртті ерітіндісі-1 фл
2.9. Лейкопластырь 1 х 500 немесе 2 х 500 см – 1 дана.
2.10. медициналық эластикалық бинт -№1, 3, 6 - 1 данадан.
2.11. мед. Мақта 50 гр -1 қорап.
3. Жүрек ауырғанда қолданылатын дәрілер.
3.1. Нитроглицерин таб.№ 40 немесе капсула № 20 - 1 қорап.
3.2. Валидол таб. немесе капсула -1 қорап.
4.Клиникалық өлім жағдайында қолданылатын жүректі-өкпелік реанимация заттары.
4.1. Жасанды тыныс алдыруды жүргізетін « Рот-устройство-рот» қондырғысы.
5.Коллапс кезінде қолданылатын дәрілер.
5.1. Аммиак ерітіндісі - 1 флакон.
6.Тағаммен уланған кезде дезинтоксикация жасайтын заттар.
6.1. Энтеродез - 2 қорап
немесе белсендірілген көмір – 1 қорап.
|
1.Жарақаттар:
Соғып алу, буын таю, сүйек сынықтары, сүйек крепитациясы, ашық сынық кезінде сүйектің сыртқа шығып кетуі.
Жансыздандыру _____, шиналар және де басқа да заттармен иммобилизация жасау, жарақат алған жерге суық қою _____.
2. Жарақаттар және қан ағу.
а) артериальді қан ағу кезінде жарақаттың жоғарғы жағынан жгут салу _____, салынған уақытын көрсетіп, жарақатты таңып-байлау __________________.
Зақымданған жерді иммобилизация жасап жансыздандыру ______.
б) венозды қан ағу кезінде жарақатқа сальфетка салып _____ немесе статин ұнтағын сеуіп _____ бинтпен қысып байлау ______________.
в) Жарақатты стерильді бинтпен байлап __________, жасыздандыратын дәрілер беру _________.
Ұсақ жараларды иодпен өңдеп ______, бактериоцидті пластырь жабыстыру _______.
3. Күйіктер.
Ауқымды күйіктерде күйген жерге стерильді бинтті таңу _____, жансыздандыру _____. Сілтілі 1 стакан су беру. Локальді күйіктерде байланған жара үстіне ______ гипотермиялық пакет салу ______.
4.Жүрек ауырған кезде 1 таб. валидол ______ немесе нитрглицерин _____, корвалол ______ 50 мл суға 15 тамшы қосып.
5. Адам естен танған кезде оны жерге жатқызып, аяқтарын жоғары көтеріп аммиак ерітіндісін иіскету керек.
6. Асқазанды жуу, 1 қорап энтеродезді ______ 100 мл суда ерітіп ішкізу.
|
7. Бақылау (кеспе қағаздармен жұмыс)
Кеспе қағаз №1
Иық сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету.
Кеспе қағаз №2
«Иммобилизация» сөзін қалай түсінесіздер?
Кеспе қағаз №3
Иммобилизацияның түрлерін атаңдар?
Кеспе қағаз №4
Көлік иммобилизациясының негізгі принциптері қандай?
Кеспе қағаз №5
Шынтақ сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Кеспе қағаз №6
Сирақ сүйегі сынған кездегі негізгі белгілері қандай?
Кеспе қағаз №7
Сирақ сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Кеспе қағаз №8
Сан сүйегі сынған кездегі негізгі белгілері қандай?
Кеспе қағаз №9
Сан сүйегі сынған кездегі алғашқы медициналық көмек.
Кеспе қағаз №10
Тасымалдау қалай жасалады?
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№14 тақырып: Радиациялық және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Оқытылатын курс пен семестр: II курс және IV семестр
Мамандық: 5В110400 – Дәрігерлік емдеу ісі
Сағат саны: 2
2014ж.
Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
Акушерия және гинекология курсымен
АМСЖ кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.
Өңдеген: оқытушы Сырманова З.К.
1. Тақырыбы: Радиациялылық және аралас зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
2. Мақсаты:
-өзіндік жұмыс дағдысын дамыту және бекіту;
-ластанған аймақта сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мен оның ерекшеліктерін оқып үйрену;
-оқушылардың АҚ ұйымдастыру мен ТЖ зардаптарын жою бойынша іс-шараларға қатысу кезіндегі белсенді азаматтық позициясы мен білімге талпынысын арттыру.
3. Оқыту мақсаты:
-радиациялы және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете алуы;
-құрастырылған оқу жағдайларын бағдарлау және тиімді шешімді таба білу;
-интерактивті оқу технологияларын ендіру;
-топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
+Радиациялық және аралас зақымдану кезінде алғашқы медициналық қызмет көрсету.
Студент біліп келуге тиісті мәліметтер:
-сәулелі ауру дамуының кезеңдерін, оның бастапқы белгілерін;
-АИ-2, АИ-4 жеке қобдишаларының қолдану инструкциясын білу.
Студент меңгеріп келуге тиісті дағдылар:
-йодпен емдеу жүргізуді, радиациялы зақымдану кезінде медициналық қорғаныс заттарын қолдану;
-ТЖ алғашқы медициналық қызмет көрсету.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: сұрау, рольдік ойын, жұптасып жұмыс істеу, тесттік тапсырмаларды орындау, ситуациалык есептерді шешу.
Студенттердін тәжірибелік сабағына дайындығын теориалық сұрактар арқылы тексеру.
Сұрактар:
1.Радиация деген не және ол аркылы пайда болатын сәуле түрлерін түсіндіріп беріңдер?
2.Тірі организімдердегі ионизация арқылы соматикалық және генетикалық өзгерістерді түсіндіріп беріңдер.
3.Жедел сәуле ауруының неше ауырлық деңгейін ажыратады?
4.Жедел сәуле ауруының ағымының неше кезенін ажыратады?
5.АИ-2 жеке қобдишаның құрамына қандай дәрі-дәрмектер кіреді?
6.Радиациялық апат кезінде медициналық қорғау заттарына қандай дәрі-дәрмектер жатады.
7.АИ-2 және АИ-4 жеке қобдишаларының айырмашылығы?
Рольдік ойын
Радиациялық зақымдану кездерінде
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
Оқушылар жұптасып жұмыс істеу үшін 2 топқа бөлінеді (басқарушының бұйрығы бойынша орындарымен ауысады):
+ бірінші топ зардап шегушілер;
+ екінші топ медициналық көмек көрсететіндер.
Жаттуғыды бастамай жатып екінші топтағы оқушылар бірінші топтағыларға радиациялы зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек (өзіне және бір-біріне көмек) сәулелі аурудың алғашқы белгілерін азайту немесе жоюды көздейтінін (біріншілік реакцияның алдын-алу мақсатында жеке дәрі-қобдишасынан құсуға қарсы дәрі – РСД немесе этаперазиннің бір таблеткасын қабылдайды) түсіндіреді. Ары қарай сәулелену қаупі бар болса (аймақтың радиоактивті зақымдануы кезінде) радиоқорғаныс дәрісін – цистамин – бірден 6 таблеткасын қабылдайды. Радиоактивті уланған аймақтан шыққаң сон жартылай санитарлық өңдеу өткізіледі.
Екінші топтағы оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі, төменде көрсетілген кезек бойынша және АИ-2 құрамындағы медициналық дәрі-дәрмектерді қолдана отырып:
+ зақымданушыларда асфикцияның (ауа жетпеу) барлық түрін жою: ауыз қуысынан бөгде заттарды, құсу массасын және тағы басқа дем алуға кедергі болатын заттарды. Ол үшін зақымданушының ауызын ашып басын бір шетке бұрып, шүберекпен оралған саусақпен ауыз қуысын тазалау керек;
+ өмірлік көрсеткіштер бойынша тез көмек көрсету, оған жүрекке уқалау мен жасанды тыныс алу (өкпенің жасанды деп алуы);
+ келесі жолдармен артериальды қан кетуді уақытша тоқтату керек: қатты қан кетіп жатқан жерден жоғарыға жгут салу, жарақаттан жоғарғы жерінде артерияны саусақпен басу немесе жарақат ішінде залалсыздандырылған дәке анжысымен басу;
+ герметикті таңғыш салу (кеуде қуысының жарақатында кеуде қуысының ішіне ауа кіруін жою үшін);
+ қол-аяқтарды иммобилизациялау (бекіту) (сынық кезінде, буындар жарақаттанғанда немесе күйік кезінде);
+ жарақат аймағын залалсыздандырылған таңғыш заттармен жабу.
Әр топкаалғашқы медициналық көмек көрсетіп жатқанда қосымша қыстырма беріледі:
-сәулелену басталғанға дейін бұрын радиоактивтік зақымдану қаупі кезінде жеке сақтандыру үшін не қабылдайды?(4-ұя – алқызыл түстегі екі пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 1, әрқайсысы 6 таблеткалы цистамин);
-адам радиоактивті затпен зақымданған жағдайда не қабылдайды? (6-ұя – ақ түсті пеналдағы радиациядан қорғау дәрмегі № 2, йодты калий – 10 күн бойы әр күн сайын 1 таблеткадан);
-бас ауырғанда, қатты соққы тигенде және құсықты тоқтату үшін сәуленің бастапқы әсері кезінде не пайдаланылады? (7-ұя – көк түсті пеналдағы құсуға қарсы дәрмек этаперазин – 1 таблеткадан);
-сандырақтап қалған жағдайда не қабылдайды? (1-ұя – ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті, 2% промодел ерітіндісі – 1мл).
Бұны білу керек! Бірлескен зақымдану кездерінде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек жалпы ережелермен көрсетіледі және ашық жарақаттарға қоршаған ортадан инфекция түсуі мүмкін болатындықтан қосалқы іс-шараларды қолдануға тура келеді.
6. Әдебиеттер:
-«Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни»; оқу құралы, Саудабеков К., Лухнова Л., Айкимбаева А.; Алматы: КазГЮУ -1999г.
-«Защита населения и территорий в ЧС»; оқу құралы, В. В. Тарасова, 2003г.
-«Медицинская помощь населению в очагах поражения», Л.Горелов, В.Дубровин, 1992г.
-«Защита объектов народного хозяйства от ОМП», Г. П. Демиденко, 1987г.
-«Гражданская оборона» Алтунин А. Т., Воениздат, М., 1980г.
Оқу-материалдарымен қамтамасыздандыру:
-ПМП АИ – табелді қызмет ету заты - әрбір оқушыға.
-Құрал-жабдық класcы: экраны бар мультимедиялы проектор.
-Плакаттар: «Сәулелі аурудың даму кезеңдері»
7. Бақылау :
Тесттік тапсырмаларды орындау
Достарыңызбен бөлісу: |