Тексерген: Тоқтамысова А. Б. Жоспар: Кіріспе


Полипептидтік тізбектің кеңістіктегі орналасуы



бет6/13
Дата08.11.2023
өлшемі140,27 Kb.
#190366
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ақуыздар реферат

Полипептидтік тізбектің кеңістіктегі орналасуы. Ақуыздардың биологиялық қасиетін жоғалтуы (ферменттік немесе гормондық белсенділігін
жоғалтуы) қаралайым қыздыру кезінде-ақ байқалады. Бірақ, қыздыру кезінде олардың бірінші реттік құрылысының өзгеріссіз қалатындығы анықталды, яғни ақуыздардың өздеріне тән қасиеті, қызметі, олардың кеңістікте орналасуына тәуелді. Ақуыздардың екі түрі бар:
1. Глобулярлы ақуыз - ұзындығы мен енінің қатынасы 1:10, шар тәрізді, жақсы ериді.
2. Фибрилярлы ақуыз - ұзындығы мен енінің қатынасы 1:100, 1:1000, жіп төрізді, ерімейді.
Ақуыздардың кеңістіктегі құрылысы рентген көмегі арқылы анықталған (Полинг, Кори —1950 ж.) рентген арқылы құрылымдық талдаудың қорытындысы бойынша полипептидті тізбек кеңістікте α-спираль түрінде орналасады.

Спиральдің әрбір қадамы 3,6-3,7 амин қышқылы қалдығынан түрады (5,44 А°). Спиральдің түзілуі -NH- тобымен -СО- арасындағы сутектік байланысқа тәуелді.
Кейбір полипептидтік тізбектер жоғарыда көрсетілген кіші спиральдан басқа қадамы үлкен, екінші реттік спираль түзеді. Оның түзілуіне полипептидтік тізбекте радикалдарының сутектік байланыс түзуге қабілеті төмен серин, изолейцин , треонин, глутамин, аспарагин, лизин, аргинин, глицин сияқты амин қышқылдары себеп болады. Сондықтан, үжен спиральдің есебінен бірнеше полипептидтік тізбек суперспираль түзуі мүмкін. Пролиннің және оксипролиннің сутектік байланыс түзуге қабілеті жоқ болғандықтан, бұл амин қьннқылдары бар жерде спиральдің түзілуі тұрақсыз болады. Мысалы, глобулярлы ақуыздардың спиральдануы 25-75 % дейін болады. Кейбір ақуыздарда пролин, оксипролин көп болғандықтан β-қатпарлы құрылым түзіледі.

Сонымен, кеңістікте полипептидтік тізбектің пептид топтарының арасында түзілетін әлсіз сутектік байланыстары аркылы α-спираль немесе β-қатпарлы түрде орналасуы, ақуыздардың екінші реттік құрылысы деп аталынады. Ал, глобулярлы ақуыздардағы пролиннің жөне оскипролиннің қатысуымен түсіндірілетін α-спиральдің «сынық жерлері» спиральдің әртүрлі бөлімдеріндегі өзінің радикалдарымен жақындасуына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет