Тексерілді: Күні


ІV «Сегіз аяқ» өлеңінің 1 шумағын мәнерлеп оқыту



бет20/78
Дата08.09.2024
өлшемі230,66 Kb.
#203928
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Байланысты:
11-сынып Абайтану қмж

ІV «Сегіз аяқ» өлеңінің 1 шумағын мәнерлеп оқыту.
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағына жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.

Балалар, бұл өлең біз бұрын өткен Абай өлеңдерден өзгеше екенін көріп отырсыңдар. Себебі «Сегіз аяқ» өлеңіне Абай тыңнан қосқан шумақ өрнегін көріп отырмыз. Өлеңнің әр шумағы сегіз жолдан тұрады. Өлеңнің ырғақтық құрылысы өзгеше өрнектелген.
Шумақ 5-8 буынды, тармақтары жүйелі түрде үйлесіп, араласып түзілген. Алдыңғы 6 тармақ тезис есебінде болса, соңғы 2 тармақ ақындық ой қорытылады. Бұл өлең қазақ поэзиясында жаңа туынды.
«Сегіз аяқ» өлеңінің өлшемін, шумақтың өрнегін Ш. Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т. б. ақындар да қолданған.
«Сегіз аяқ» өлеңі – өз заманындағы өмір шындығы көрсетілген өлеңдерінің бірі. Абай өзінен бұрын ешкім таппаған қиын ұйқасты шебер түрлендіріп, әдейі арнап ән де шығарған.


Ән тыңдау. Жүсіпбек Елебековтың орындауында «Сегіз аяқ».
Бұл әннен өлеңнің мазмұны мен мақсатына ақынның ерекше зер салғанын көреміз.


V Дәптермен жұмыс:
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі қанатты сөздерді теріп жазу.
1. Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
2. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас.
3. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын.
4. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
5. Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.


VІ Сабақты бекіту:
Топтық жұмыс/өлең құрылысына талдау/:
І топ
Түбінде баянды еңбек - егін салған
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған – өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Қара өлең ұйқасы
ІІ топ
Білімдіден шыққан сөз, а
Талаптыға болсын кез. а
Нұрын, сырын көруге, -
Көкірегінде болсын көз. а
Жүрегі – айна, көңілі ояу, б
Сөз тыңдамас ол баяу, б
Өз өнері тұр таяу, б

Ұқпасынба сөзді тез. а Аралас ұйқас
ІІІ топ
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің әсері бар.
Қара өлең ұйқасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет