ІV Сабақты бекіту:
Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау:
Бүгінгі дос – ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ және шау.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр-ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын-ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар-ау.
Қажымас дос халықта жоқ
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар.
Жақсылығың күнде ұмыт,
Бір жаңылсаң, болды кек.
Пайдасынан бой суыт,
Өзі тимей жүрсе тек.
Пайда, мақтан өзінен
Артыла ма ант ұрып?
Жарыса өсек сөзінен,
Айта берсін шарқ ұрып.
Кімге достық көп еттім,
Түбі болды бір кейіс.
Жақсы өмірім әуре өттің,
Жар таба алмай бір тегіс.
Жау қожаңдап бұртайып,
Дос құбылып, әуре етер.
Кімі тентек, кімде айып,
Тексере алмай өмір өтер.
Талдау. Өлеңдерді құрылысына қарай талдайды.
І-шім өл-ген, // сыр-тым сау, 7 а
Кө-рін-ген-ге // дей-мін-ау: 7 а
Бү-гін-гі дос – //ер-тең жау, 7 а
Мен не қыл-дым, // я-пыр-мау?! 7 а
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буынды, шұбыртпалы ұйқаспен жазылған.
Қа-жы-мас дос // ха-лық-та жоқ, 8 а
Ай-ны-мас серт // қай-да бар? 7 б
Ал-да көр-ген // арт-та жоқ, 7 а
Мыс-қыл, ө-сек, // ай-ла бар. 7 б
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |