Талдау:
3 5 5
Қар-тай-дық, // қай-ғы ой-ла-дық, // ұл-ғай-ды ар-ман, 13
3 4 4
Шо-ши-мын // ке-йін-гі жас // ба-ла-лар-дан. 11
4 3 4
Те-рін сат-пай, // тел-мі-ріп // кө-зін са-тып, 11
3 4 5
Теп-те-гіс // жұрт-тың бә-рі // бол-ды а-лар-ман. 12
Шумақ: 1
Тармақ: 4
Бунақ: 3
Буын саны: 11
Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
V Сабақты бекіту:
Сұрақтар:
Өлең қай жылы жазылған?
Ақын өлеңде не туралы айтады?
Алғаш рет қай жинақта жарияланды?
Қандай ұйқаста жазылған, неше буынды?
Қандай тілдерге аударылған?
VІ Үйге тапсырма:
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» өлеңін жатқа айту.
Құрылысына қарай талдау.
VІІ Оқушыларды бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 09.02.2017
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды өлеңнің шығу тарихымен таныстыру, өлеңнің мазмұнымен, тақырыбымен, идеясымен таныстыру, құрылысына қарай талдату;
Дамытушылық: оқушыларды өз ойын дәлелді жетізе білуге төселдіру, өлең құрылысына талдай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |