Тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдіснемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады



бет1/53
Дата08.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#119191
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі





5. Курсты оқу мақсаты: тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдіснемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының теориясы,әдіснемесі мен технологиясы саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету;
-тәрбиенің дәстүрлі әдіснемесі және қазіргі заманғы технологиясын пайдаланумен сынып жетекшісі іс-әрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдерде жалпы педагогикалық,әлеуметтік-тұлғалық және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту.
-болашақ мұғалімдердің оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз кәсіби жетілуіне және креативтілігін дамытуға ұстаным қалыптастыру.

6. Курсты оқу нәтижелері:


”Тәрбие жұмысының теориясы мен әдіснемесі” курсын оқыту барысында студент төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:
-тәрбие жұмысының мәнін,мақсатын және міндеттерін.
-ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамаларын және мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесін;
-сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары;
-тәрбие үдерісінің субьектілері – мұғалімдер,білімалушылар,ата-аналардың педагогикалық әрекеттестігі мен ынтымақтастығының формалары,әдістері;
-әр түрлі бағыттағы тәрбие жұмысының формалары,әдістері,құралдары;
-заманауи тәрбие технологиялары;
“Тәрбие жұмысының теориясы мен әдіснемесі” курсын оқыту барысында студентте келесі біліктіліктер мен дағдылар қалыптасуы керек:
-Қазақстан азаматына сәйкес адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде сыныпта,мектепте тәрбие жұмыстарын жобалау,жоспарлау және өткізу;
-мақсат пен міндеттерді, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жастық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиенің түрлерін таңдау;
-тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін вариативті қолдану, тәрбиені ұйымдастыру формаларын, құралдарын таңдау және пайдалану;
-сынып ұжымын қалыптастыру үрдісінде педагогикалық басшылық жасауды және басқаруды жүзеге асыру;
-сынып сағаттарын, ҰШІ-ті және әр түрлі бағыттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;
-тәрбиенің инновациялық технологияларын, оның ішінде қиын балаларды тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу әдістерін таңдау және пайдалану;
-ата-аналармен тиімді ынтымақтастық формаларын таңдау;
-дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
-сыныпта және мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;
-тәрбие үрдісінің тиімділігін зерттеу және оны әдістемелік қамтамасыздандыру.
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсын оқыту үдерісінде студент іс-әрекетті жүзеге асыруға теориялық әрі практикалық дайындығын
және оның кәсібилігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірлігі ретінде жалпыпедагогикалық, әлуметтік- тұлғалық, пәндік және т.б құзыреттілікті меңгеруі қажет.

7. Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе Педагогика, Педагогикалық психология


8. Постреквизиттер: Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагог-психологтың жұмысы,


Шағын жинақты мектептегі педагог-психологтың жұмысы

9. Курстың саясаты: студент сабаққа қатысуға міндетті және кешікпей келуі керек; барлық тапсырмалар уақытылы орындалып тапсырылуы керек; барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, талап етілген деңгейден төмен көрсеткішке ие болған жұмыс 0-мен бағаланады; бақылау жұмысы, межелік, қорытынды бақылауларда рұқсат етілмеген көмекші материалдар мен құралдарды (шпаргалка, конспект жазылған дәптер, қосылған не ажыратылған ұялы телефон, өзге де электронды құрылғылар т.б.) қолдануға болмайды; ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие студенттер межелік және қорытынды бақылауды қолайлы формада тапсырады.

10. Оқу жоспарынан көшірме
Семестр –3
Кредит саны – 5
Дәріс – 10 сағат
Практикалық сабақ – 40 сағат
СӨЖ – 100 сағат

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


(академиялық сағатпен)

Апта №

Дәріс

Практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет