Тәрбие сағат жоспары Сыныбы: 2 Сынып жетекші: Мараханова а тексерілді: 14 10. 2016ж


ІІІ. Негізгі бөлім.«Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең»



бет17/30
Дата22.01.2022
өлшемі1,44 Mb.
#129600
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
2-сынып тәрбие сағаттары
№ 1 сабақ Портрет жанры., 5сабақ Туған өлке табиғатындағы жылы және суық түстер.Реңк атаулары
ІІІ. Негізгі бөлім.«Салт-дәстүрі қазақтың – сарқылмайтын кенмен тең»

Әдет-ғұрып – қоғамдық жосық ережелерін дәстүрлі түрде белгілейтін көпшілік мақұлдаған тәртіп.

Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өтетін, өткен ұрпақтардан қалған мұра.

Салт-дәстүр – тұрмыста дәстүрлер көрініс тауып, әдет- ғұрыппен белгіленген әрекеттер.

Адамның өмір жолы ерекше оқиғаларға толы. Олардың барлығы, мейлі ол баланың дүниеге келуі болсын, үйлену тойы, Наурыз мерекесі болсын әртүрлі атап өтіледі.Әрбір оқиға салт-дәстүрге сәйкес атап өтіледі. Салт-дәстүр адамды дүниеге әкелгеннен бастап, көз жұмғанға дейін жетелейді.



Шілдехана. Баланың шыр етіп дүниеге келуі тек ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.Міне, осы күндері оның алғашқы тойы жасалады. Ол тойды шілдехана деп атайды.Оған көбінесе жастар жиналады. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдіріп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр.

Бесікке салу.Үшінші немесе бесінші күнгі мейрам баланы бесікке салумен байланысты. Ол бесік той деп аталады. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып саналады. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет