Тәрбие сағатының жоспары Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Тәрбие сағатының мақсаты: Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Сұрақ-жауап,мақал-мәтел,пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Оқушы ережесі.
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы?»
IҮ. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» (сұрақ-жауап.)
V. Жалғасын тап… (мақалдардың жалғасын табу)
VI Қорытынды.
І Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім: Құрметті оқушылар «Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер! Біз бүгін оқушы жасөспірімдердің мектептегі және мектептен тыс ережелері, құқық бұзушылықтары туралы айтамыз. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктер белең алып бара жатыр. Қателік кімнен кетуде? Ата — анадан ба, мектептен бе, әлде қоғамнан ба? Мүмкін осы үш тараптың жауапкершілікті тең арқалай алмауынан болар… Біз бүгін осы тақырыпқа тереңірек үңілмекпіз.
Пікірталастың тақырыбы: «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық түрлерімен таныстыру, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Пікірталас кешіне «Жақсылық» және «Парасат» тобы қатынасуда.
Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет — әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» — деген.