Бағдарлау– іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қа
Бағдарлау– іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) – балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез құлық нормаларын игеруіне көмектеседі.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп-бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді.
Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалімнің мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
Заттар ( ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);
Рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
Бұқаралық ақпарат құралдары;
Педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру,сендіру):
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру,сендіру):
Этикалық әңгіме;
Әңгімелесу;
Пікірталас;
Лекциялар;
Өнеге;
Көндіру (суггестия).
Этикалық әңгіме – этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар: • бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы; • оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу; • әңгіменің дайын жауаптарының болмауы; • баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы; • қарым қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі; • әңгімені лекцияға айналдырмау; • әңгіменің жылы шырайлы жағдайға өтуі; • баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі; • әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу; • түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару; • жас ерешеліктеріне сай болуы; • тартымдылығы, қызықтылығы; • мұғалімнің артық сөздер айтпауы.