"Мозаика", "Құрастырғыш" ойындары. Мақсат-міндеттер: логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
(танымдық дағдылар)
«Ата-аналарға қамқорлық жасау» Ойын мақсат-міндеттер: елгезектікке, ата-аналарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Балалар бірнеше қадам қашықтықта педагогке қарама-қарсы тұрады. Педагог кезекпен балаларға допты лақтырып, мынадай жағдайларда қалай қамқорлық жасауға болатынын сұрайды: - анаң ауырып қалды;
- анаң жұмыстан шаршап келді;
- анаңның көңіл-күйі жоқ;
- анаңның шаруасы көп;
- әкеңнің жұмысында қолайсыздықтар болды.
Ата-аналарға қалай көмектесуге болатынын ойлап тапқан бала алға бір
қадам жасайды, бірінші болып тәрбиешіге жеткен бала жеңімпаз болады. Ойын соңында педагог балалардан өмірлік жағдайда өздері айтқандай әрекет етуді айтады.
(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)
Таңертеңгі жаттығу
Жалпы дамыту жаттығулары (доппен). 1. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
1.1. Балалар доптарын жоғары көтеріп, екі қолды қайшылайды.
1.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4-5 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: аяқ алшақ, дене тік, қол төменде.
2.1. Қолдарын иыққа көтеріп, допты қояды.
2.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, доп ұстаған қолдары екі жанында.
3.1. Аяқтарын жинап, доп ұстаған қолдарымен құшақтайды.
3.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: аяқ бірге, дене бос, қол төменде.
4.1. Доптарын көкірек тұсында ұстап, бір орында тұрып секіру.
4.2. Бастапқы қалып. (жаттығу 3 рет қайталанады).
(дене шынықтыру)