Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



бет4/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

«Сыпайы өтініш»
Ойынның мақсат-міндеттер: балаларды мейірімділікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Балалар шеңберге тұрады. Педагог түрлі бұйрықтар береді, мысалы, қолды жоғары көтер, қолыңды шапалақта, көзіңді жұм және т.б., бірақ «мархабат» сөзі айтылған өтініштерді ғана орындау керек.
(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейрімді Жер - Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын - Күн!
Қуан, шаттан алақай!
(сөйлеуді дамыту)

Шаттық шеңбері
Мақсат-міндеттер. Балаларға эмоционалды жағымды көңіл-күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Қайырлы таң балалар!
Жарқырады қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң балалар!
Аман Отан панамыз,
Аман ата-анамыз,
Қайырлы таң балалар!
(сөйлеуді дамыту)

Білім беру ұйымының кестесі
бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет

Дене шынықтыру
"Қарлығаштай қайратты".
Мақсат-міндеттер. Балалардың сап түзеп бірінің артынан бірі шеңбер бойымен арақашықтық сақтап, бағытты өзгертіп жүгіру қабілетін қалыптастыру; қиғаш тақтайдың үстімен тізе мен саусақтарға сүйеніп, төрт тағандап өрмелеуге үйрету.

Дене шынықтыру
"Қайратты боламыз".
Мақсат-міндеттер. Балаларда бағытты өзгертіп жүгіру қабілеттерін дамыту; тақтайдың үстімен тізе мен саусақтарға сүйеніп, төрт тағандап өрмелеу және бір орында тұрып, арқаннан биікке секіріп, жерге табанмен түсу жаттығуларын жасаудғы дағдыларын дамыту.

Музыка
"Аялайық, аналарды бәріміз!"
Мақсат-міндеттер. Балаларды ана туралы әннің сипатын ажырата білу және дыбысты есту қабілетін қалыптастыру; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын дамыту; әуеннің ырғағына ілесе отырып, музыкалық аспапта шығарманы ойнай білуге жаттықтыру. Балаларды мәдени қарым-қатынас пен адамгершілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетикалық талғамын, оқу қызметінде қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру.

Дене шынықтыру
"Биік секіреміз".
Мақсат-міндеттер. Балаларда бір-бірден, шеңберге қайта тұру, саптағы өз орнын табу; екі аяқпен секіру дағдыларын дамыту; еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеуге үйрету; дене жаттығуларына қызығушылықтарын дамыту.

Қазақ тілі
«Жыл құстары»
Көктемге тән белгілердің қазақ тіліндегі атауларын таныстыруды жалғастыру (қар ериді, ағын сулар ағады, құстар ұшып келеді, күн жиі жарқырайды). Балалардың ұғымындағы құстар және олардың көктемдегі тіршілігі туралы білімдерін бекіту (құстар ұя салады, балапан басып шығарады). Сыртқы түрінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту (қауырсын, қанаттар, құйрық, екі аяқ, тұмсық, құстарға тән қимыл-әрекеттер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет