Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары



бет7/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980

Ересек адамдармен бірге орындалатын қарапайым еңбек тапсырмалары (құмсалғыштағы құмды қазып алу.)
Мақсат-міндеттер: еңбекке деген позитивті қатынасты тәрбиелеу; жауапкершілікке үйрету.
Қимыл-қозғалыс ойындары: "Түрлі-түсті көліктер". (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: ойын ережелерін сақтауға үйрету; педагогтің белгісі бойынша, кез-келген бағытта бір-біріне соқтығыспай жүгіру; түстерді ажырату.
Өзіндік еркін ойын әрекеттері, орыннан жоғары секіру. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: секіру қабілетін, жылдамдықпен күш біріктіре отырып, дене бұлшық еттерінің күштерін шоғырландыру қабілетін дамыту.

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Түскі ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Ойын жаттығуы:
Сылдыр, сылдыр, сылдыр су,
Мөлдір суға бетіңді жу.
Көркем сөз.
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне тағам, міне ас,
Қасық түк те қалдырмас!
Осы сөздерден кейін балалар таңғы ас ішуді бастайды. Таңғы ас кезінде педагог балалардың орындықтарда дұрыс отыруын қадағалайды. Егер үстел басында отырған бала өз қалпын сақтамаса, оған жақындап, дұрыс отыруын сұрау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет