Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Таңғы ас Гигиеналық дағдылар



бет3/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Ойын жаттығуы:
Сылдыр, сылдыр, сылдыр су,
Мөлдір суға бетіңді жу.
Көркем сөз.
Қасықтарымыз біздің,
Таңқалдырар барлығын!
Қасықтарым сиқырлы,
Тауысады тағамды.
Міне тағам, міне ас,
Қасық түк те қалдырмас!
Осы сөздерден кейін балалар таңғы ас ішуді бастайды. Таңғы ас кезінде педагог балалардың орындықтарда дұрыс отыруын қадағалайды. Егер үстел басында отырған бала өз қалпын сақтамаса, оған жақындап, дұрыс отыруын сұрау.
(мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Көңіл-күйді анықтау»
Ойынның мақсат-міндеттер: мейрімділікке, жақын адамның көңіл-күйін көре білуге тәрбиелеу.
Педагог балаларға айналасындағы адамдарға көңіл бөлу керектігін түсіндіреді. Бір-бірінің көзіне, бет-әлпетіне қарап, көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Балалар жұптасып, қолдарынан ұстайды. Тәрбиеші оларға: «Тек көздеріңе қарап, бір-бірінің қолдарыңнан ұстап, әр түрлі эмоцияларды үнсіз жеткізуге тырысыңдар: «Мен көңілсізбін, маған көмектес! Мен көңілдімін, кел ойнайық! Мен сенімен дос болғым келеді!» және т.б. деп айтады.
Балалар тапсырманы жұппен орындайды. Содан кейін балалар қандай эмоцияның берілгенін және қабылдағанын талқылайды.
(әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Көктем мезгілі, табиғат құбылыстары туралы әңгімелесу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет