Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



бет10/11
Дата14.04.2023
өлшемі29,85 Kb.
#174552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
33 ересек

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)

"Туған елдің ұлымын" өлеңін жаттау.
Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Қуат алған өзіңнен,
Туған елдің ұлымын.
Бақытты етіп өсірген
Отанымның гүлімін.
А.Сәрсеков
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

"Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойын.
Мақсат-міндеттер. Балаларды тез ойлауға тәрбиелеу.
Ойынның барысы:
- Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына жерде жыл мезгілдерінің белгілерін білдіретін суреттер тұр. Осылардың ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, ендеше, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық.
Балалар суреттерді жылдам қойып шығады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

«Көктем».
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.

Түрлі түсті әйбәт,


Гүлдер шықты жайнап.
Қызыл-жасыл аймақ,
Қырға шықты ойнап.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Мақсат-міндеттер:
- киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру;
- өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру;
- шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу;
- ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу;
- көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу.
(дербес әрекет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет