Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет3/11
Дата14.04.2023
өлшемі29,85 Kb.
#174552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
33 ересек
!1-СОР Алгебра 8 классс каз 060418-конвертирован, !1-ТС Алгебра каз 8 класс каз, алг ҚГБ Бжб, 10SYNYPBJB 1178 1200 1178 Y 1178 NEGIZDERI ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB, эссе жазуға көмекКІТАП, Ғарышкер ашық сабақ (3), сілтеме есеп
(дене шынықтыру)

Таңғы ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Көркем сөз
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.
(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Игі істер қоржыны»
Түрлі-түсті қағаздан дөңгелектерді немесе жүрекшелерді қиып алуға болады. Әр күннің соңында балаға «қоржынға» бүгін қанша игі істер жасаса, сонша дөңгелек салу ұсынылады. Бала қиналған жағдайда, оған көмектесу керек. Мұндай ойын баланы игі істер жасауға ынталандырады.
(сөйлеуді дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

Туған жер туралы өлеңдермен танысу, жаттау.
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

«Әдепті сөздер шеңбері»
Ойынның мақсат-міндеттері: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету, зейінділікке, мейірімділікке баулу.
Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне ойыншықты бере отырып, әдепті сөздер айтады.
(сөйлеуді дамыту, әлеуметтік-эмоционалды дағдылар)

"Алтын микорофон" арқылы тақырыпқа байланысты сұхбат жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет