Өз бетімен ойындар. «Белдіктермен ойындар».
Өз бетінше ойнай білу қабілеттерін арттыру.
|
Терек ағаштарының жапырақтарын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Тақпақ.
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң егуге,
Сындырма жұрттың еккенін.
М. Қуанышбеков.
Бақылау. Терек ағашынын жапырағын ақ қайыңнын жапырақтарымен салыстыру, айырмашылықтарын бақылау.
Қимылды ойын. «Допқа дейін жеткіз». (дене шынықтыру)
Қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Еңбек. Ағаш түптерін әктеу. (еңбек дағдылары)
Ағаш түптерін әктесек одан құрт-құмырсқа аулақ болатынын ескерту. Балаларды табиғатты қорғауға, бұтақтарды сындырмауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар.
Ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу.
|
Ересек балалардың ойындарын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Тақпақ
«Балабақша».
Балабақша базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты.
Бақылау. Балалардың киімдеріне назар аудару (куртка, шапка, бессаусақ т.б.), балаларға қыста қалай киінгендерін естеріне түсіру. Балаларға бұрынғыдан қарағанада көбірек серуендеуге болатынын байқату. Күннің жылынғанын, ауа райының қалай өзгергенін бақылау.
Қимылды ойындар. «Батыл балалар». (дене шынықтыру)
Жіпке тартып өрмелеу: балаларды батырлыққа, күштілікке, ептілікке тәрбиелеу.
Еңбек. Ауладағы жұмыстар: арамшөпті жұлып, ағаштардың түптерін қопсыту. (еңбек дағдылары)
Балалармен арамшөпті жұлып, оны бір орынға жинау, бірге жұмыс жасауға үйрету. Таза, жинақылыққа, тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар.
Барлығына бірге топтасып ойындар ойнату.
|