"Көктем белгілерін ажыратамыз" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды тез ойлауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Балалар, сендермен ойын ойнайтын боламыз. Мына, жерде жыл мезгілдеріне тән белгілерінің суреттері тұр. Осы белгілердің ішінен қыс мезгілінің белгісін ажыратып алуымыз керек. Ал, балалар, суреттерді тезірек ажыратып алайық.
Балалар, суреттерді тезірек қойып шығады.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)
|
Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Көктемде жер бусанды".
Мақсат-міндеттер: балаларға көктем мезгілі туралы түсінік бере отырып, көктемгі табиғатқа тəн ерекшеліктермен таныстыру.
|
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу
"Ақылды егінші".
Мақсат-міндеттер: балаларды "Ақылды егінші" ертегісінің мазмұнымен таныстыра отырып, ертегі желісін зейін қойып, бар ықыластарымен тыңдай білуге үйрету.
|
Саусақ жаттығуы. «Тұқым себу».
Ішіне топырақ толтырылған бір рет пайдаланатын кішкентай пластмасса ыдысты таратып береді. Алдыларындағы қорапшадан өсімдік тұқымын алып, ыдысқа отырғызуды ұсынады. Бұл өсімдіктер апат болған ғаламшардың ауасын тазартады.
Педагогтің көрсетуімен кішкентай пластмасса ыдыстарға қорапшадағы тұқымдарды себеді.
(қоршаған ортамен танысу)
|
Таңертеңгі жаттығу
|
Жалпы дамыту жаттығулары (қысқа секіргіштермен)
1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіргішті екі бүктеп төменде ұстау.
1 - оң аяқты ұшына қойып, секіргішті жоғары көтеру; 2 - б.қ. Жаттығуды сол аяқпен қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.
2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіргішті төменде ұстау.
1 - секіргішті жоғары ұстау; 2 - оңға бұрылу; 3 - тіктелу; 4 - б.қ. Осы жаттығуды сол жаққа қайталау. Жаттығу 6 рет қайталанады.
3. Бастапқы қалып: аяқты алшақ ұстап, отыру, секіргішті жоғары ұстау.
1 - 2 - еңкейіп, секіргішті аяқтың ұшына қою; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6-7 рет қайталанады.
4. Бастапқы қалып: тіземен отырып, секіргішті төменде ұстау.
1 - 2 - оң жамбасқа отыру, секіргішті алдына шығару; 3 - 4 - бастапқы қалып. Жаттығуды сол жақ жамбасқа қайталау. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
5. Бастапқы қалып: жерге етпетінен жатып, бүгілген қолымен секіргішті ұстап, алдына қою.
1 - 2 - бүгіліп, қолдарын алдына-жоғары созу; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. Жаттығу 6 рет қайталанады.
6. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, қол төменде, секіргіш жерде.
Секіргішпен айналып секіру. Жаттығуды 8-10 рет қайталау.
7. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, секіргіш төменде (секіргіштің екі жағынан екі қолымен ұстау).
1 - секіргішті алға қою, оң аяғын ұшына артқа қою; 2 - бастапқы қалып. Жаттығу сол жағына қайталанады. Жаттығу 6 рет қайталанады."
|
Достарыңызбен бөлісу: |