Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет11/11
Дата14.04.2023
өлшемі29,85 Kb.
#174552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
33 ересек
!1-СОР Алгебра 8 классс каз 060418-конвертирован, !1-ТС Алгебра каз 8 класс каз, алг ҚГБ Бжб, 10SYNYPBJB 1178 1200 1178 Y 1178 NEGIZDERI ZhMB 10 SYNYP TBZhB VK-10SYNYPBJB, эссе жазуға көмекКІТАП, Ғарышкер ашық сабақ (3), сілтеме есеп
Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу.

Кешкі ас

Гигиеналық дағдылар
Мақсат-міндеттер. Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.
Көркем сөз
Алға жайып тұз-дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.
(мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға үйрету. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы ақпаратты талқылауға баулу.Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге (қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға баулу.
Музыкалық аспаптармен ойындар. Ертеңгілікке дайындық. (музыка)
Мақсат-міндеттер. Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау.
Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану.
Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау.
Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету. Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.
Өнер бұрышында жаңа жыл тақырыбында сурет салу, жапсыру, мүсіндеу. (шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу. Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту. Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру. Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер- тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту, көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.
Логикалық ойындар, басқатырғыштар, санамақтар, домино ойындары. Пысықтау. (танымдық іс-әрекет, зерттеушілік іс-әрекет)
Мақсат-міндеттер. Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын кеңейту.
Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Мақсат-міндеттер. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру. Балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін
қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру, көрсеткен қызметі үшін алғыс айту.
Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу.
Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау).

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

"Балаңызға ертегі оқисыз ба?" тақырыбында ата-аналарға арналған сауалнама.

«Бала бөлмесіне арналған гүлдер» тақырыбында ата-аналарға арналған кеңес.

«Гүлдер» атты тақырыпта көрме ұйымдастыру.

«Айына бір рет отбасы күнін өткізу».

Баланың эмоциялық жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет