"Жапырақ" артикуляциялық жаттығуы. Мақсат-міндеттері. Балаларды мәтін сөздерінің ырғағына, мәніне сай қимылдауға дағдыландыру; артикуляцияны жетілдіру.
Тақ-тақ-тақ (қолдарын оңға-солға сермейді),
Біз айтамыз тақпақ (қол білезіктерін айналдырады).
Рақ-рақ-рақ (орындарында тұрып айналады).
Күзде түсер жапырақ (саусақ бастарын қимылдатады),
Қол-қол-қол (қолдарын жан-жаққа жібереді).
Күзде егін мол (қолдарымен үлкен шеңбер жасайды).
Тоқ-тоқ-тоқ (саусақ бастарын бүгеді),
Шыбын-шіркей жоқ (қолдарын жандарына жібереді).
Г. Кожагулова.
(сөйлеуді дамыту)
Дидактикалық ойын «Зат неге ұқсайды?» Мақсат-міндеттері. Балаларды бөлме ішіндегі заттардың қандай пішінге ұқсайтынын ажыратып айтуды үйрету.
(математика негіздері, қазақ тілі, сөйлеуді дамыту)
Саусақ ойыны «Бақшадағы қызанақ пен қияр». Мақсат-міндеттері. Бақша туралы түсінік бере отырып, қызанақ пен қиярдың көгөніс екенін ажыратуды үйрету.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу. "Біздің балабақша" тақырыбына суреттер сериясы бойынша әңгімелеу.
Мақсат-міндеттері. Балаларға балабақшадағы күн тәртібіндегі топтастармен біріккен әрекеттерін "балабақша" жалпылауыш сөзіне, ұғымына байланысты екенін түсіндіру; бірнеше суретті қабылдап, "Біздің балабақша" ортақ тақырыбына әңгімелеу амалын көрсету.
Құрастырудан ойын-жаттығу. "Балабақша біздің үйіміз".
Мақсат-міндеттері. Балаларды құрамында: текше, білеу, үшбұрыш, цилиндр, тақтайша бар құрылыс материалдар жинағынан екі қабатты балабақшаны құрастыруды үйрету.