(сөйлеуді дамыту)
Мектепке дейінгі ұйым
кестесі бойынша
ұйымдастырылған
іс-әрекет
|
Жазғы ойын-сауықтар
|
Жазғы ойын-сауықтар
|
|
Жазғы ойын-сауықтар
|
Дене шынықтыру
"Қатар түзеп сапқа тұру"
Мақсат-міндеттері. Балаларды қатар түзеп, сапқа бір-бірден және бірінің артынан бірі тұрып жүру, жүгіру жаттығуларын жасауды үйрету.
|
2- таңғы ас
|
Тағамның атауын есте сақтауды үйрету, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Серуенге дайындық
|
Балаларды өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
|
Серуен
|
Мысықты бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Мысықтың бақылау; мысықтың тіршілігіне қызығушылығын арттыру.
Көркем сөзді мәнерлеп айту, жаттау жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Көркем сөзді мәнерлеп айтуға машықтандыру, артикуляцияны, есте сақтау қабілетін дамыту; мысыққа қызығушылықты арттыру.
Н. Арынова "Мысығым".
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады,
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.
Қасымнан қалмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнатсам да күнімен,
Ойыны бір қанбайды.
Еңбек әрекеті: бақшада піскен көгөністерді жинау.
Мақсат-міндеттері. Көгөністерді қазып алуды үйрету; топпен бірге жұмыс істеуге ұмтылысын тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |