Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)



бет2/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

Балабақшадағы арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегінің қажеттілігі жөнінде түсінік беріп отырамыз. Балалардың алдына мақсат қоя білуді, оған жету үшін еңбектену мәдениетін қалыптастыру.
Мақсат-міндеттері. Балаларды үй өсімдіктердің жағдайына қарай, оларға күтім жасау үшін қандай әрекеттер қажет екенін анықтауды үйрету (суару, тазарту, қопсыту, үстіңгі киім), тиісті еңбек операцияларын дұрыс орындау, балаларға әрқайсының мақсаты туралы айтуды ұсыну.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

"Қара да, қайтала" ойын жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Көру арқылы қабылдауын, қиялдарын дамыту, кеңістіктегі, жазықтықтағы геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту.
Құралдары: геометриялық пішіндер жинақтамалары, шаршы пішінді парақтар.
(сөйлеуді дамыту, математика негіздері)


"Домино" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Баланың топтамалар жайлы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін тауып дұрыс айтқызып, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, қолдың ұсақ моторикасын желітдіру.
Ойын шарты.
Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, кім бәрінен бұрын барлық карточкаларын қояды, сол бала жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілердің бейнеленген көлемдері 5×6 см карточкалар.
(сөйлеуді дамыту, танымдық дағдылар)

"Лото" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың зейіндерін дамыту. Заттарды топтастыруды үйрету. Байқағыштыққа үйрету.
Әр бала отбасы мүшелерінің киімдерінің фотосуреттерін жинайды, бір атаумен біріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет