Балалардың дербес әрекеті (аз қимылды, үстел үсті ойындары, бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалар)
Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттап айту; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту) Музыкалық аспаптармен ойындар. Білім күніне арналған әндер тыңдату. (шығармашылық дағдылар, музыка) Өнер бұрышында ойыншықтар тақырыбында сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру. (шығармашылық, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру) Қолдың ұсақ және ірі моторикасын дамытатын ойындар. (танымдық дағдылар) Кітаптарды санау, өлшеу, салыстыру.
Сюжетті-рөлдік ойын. "Балабақша".
Мақсат-міндеттер: балалардың балабақшадағы негізгі қызмет түрлері мен жұмыс атқаратын мамандар жайлы жалпы түсініктерін бекіту; өзара өнімді қарым-қатынас орнату қабілеттерін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар.
Балабақшада жұмыс атқаратын медбикеге, тәрбиешіге, тәрбиешінің көмекшісіне, аспазға, аула сыпырушыға қажетті құрал-жабдықтар.
Барысы.
Балалар алдымен балабақша қызметкерлерін өздері тағайындайды. Мамандардың рөлін ойнайтын балалар, өздеріне қажет құрал-жабдықтарды тандап, белгіленген бұрышқа жинайды.
Балалар мен мамандардың рөлін ойнайтындар өзара кімнің қайда баратының және не істейтінің кеңесіп, жоспарлайды.
Педагог диалогтар мен қарым-қатынастарды бекітуге ықпал етеді, қосымша сұрақтар қояды, анықтайды, қандай қимыл-әрекет қабылдап, не істеу керектігін, балалардың ауысуына бағыттайды.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, еңбек іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)
Әңгімелесу. «Айына бір рет отбасы күнін өткізу». Кеңес беру: «Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».