Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет10/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

Біртіндеп ұйқыдан
ояту,
сауықтыру шаралары

Жалпақтабандықтың алдын алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру.
Алған білімдерін бекітіп, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындау.
"Сылдыр, сылдыр, сылдыр су" ойын жаттығулары. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Бесін ас

Алдына қойған асқа назар аударту; тамақтану мәдениетіне баулу. (мәдени-гигиеналық дағдылар)

Балалардың дербес әрекеті
(аз қимылды, үстел үсті
ойындары,
бейнелеу іс-әрекеті,
кітаптарды қарау және
басқалар)

"Тергеушілер" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың ой-өрісін, қиялдарын дамыту.
Келісім.
Педагог балаларға әртүрлі заттарды кезек-кезек көрсетеді. Балалар қай заттың кімге және не үшін керектігін түсіндіреді.
Ойынның тағы бір нұсқасы: баланың өзі қораптан бір затты алып, оның сын-сипатын айтып береді.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Отбасы".
Мақсат-міндеттері. Балалардың отбасы мүшелері туралы түсініктерін бекіту; отбасы мүшелерінің жанұядағы рөлін пысықтау; үлкенге құрмет сезімдерін, жақынына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар.
Отбасы мүшелеріне қажет заттар: көзілдірік, ыдыстар, алжапқыш, кітап, газет, сыпырғыш, шелек пен орамал, ойыншықтар, ойыншық тұрмыстық техника және тағы басқа.
Барысы.
Балалар отбасы мүшелерінің рөлдерін өзара бөлісіп алады да, өздеріне қажет киімдер мен құралдарды алып, өз орындарына барады.
Балалар қойылымда қандай оқиғаны көрсететіндерін педагогпен бірге анықтайды.
Педагог диалог барысында ойыншылар арасындағы сөйлеу тізбегін, әдептілік ережелерінің сақталуын реттейді, бекіту сұрақтарын қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет