Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)



бет11/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

"Не істейтінімізді айтпаймыз, не істейтінімізді көрсетеміз" дамытушылық ойын.
Мақсат-міндеттері. Балалардың ой-өрістерін, қиялдарын, логикалық ойлауларын, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Барысы.
Жүргізуші.
1-нұсқа. Педагог жұмбақты ым-ишарамен көрсетеді, балалар затты, жан-жануарды, құбылысты көрсетеді.
2-нұсқа. Белсенді балалар ортаға шығып, қимылдарды кезектесіп көрсетеді.
3-нұсқа. Шеңберде отырған (тұрған) әр бала, қимылды кезек-кезек көрсетеді. Балалар ойланып, жұмбақты шешуге тырысады.


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Дәріхана".
Мақсат-міндеттері. Балалардың дәріхана жұмысшыларының мамандығы (фармацевт, провизор) жайлы түсініктерін бекіту; әдептілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар.
Ойыншық пішінді дәрілер, сөмкелер, ақ халаттар, төлемақыны қамтамасыз ететін карточкалар мен жетондар.
Барысы.
Педагог балалармен дәріханада жұмыс істейтін мамандар туралы алдын ала әңгімелеседі. Балалар фармацевт, провизор секілді мамандардың міндеттерін, дәріханада медициналық көмек көрсетуге арналған қандай дәрілер мен құралдар сатылатынын анықтайды.
Балалар дәріхана мамандарының (дәріханашы, провизор) рөлін өзара бөлісіп алады; қалғандары тұтынушы болады; өздеріне керек құралдарды алып, орындарына барады.
Педагог балаларға дәріханаға бірінші тұтынушы келіп, ойынды бастайтынын айтады.
Басында педагог диалогтарды түзетіп, балаларды күрделі сұрақтар қоюға жаттықтырады.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)




"Тергеушілер" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың ой-өрісін, қиялдарын дамыту.
Келісім.
Педагог балаларға әртүрлі заттарды кезек-кезек көрсетеді. Балалар қай заттың кімге және не үшін керектігін түсіндіреді.
Ойынның тағы бір нұсқасы: баланың өзі қораптан бір затты алып, оның сын-сипатын айтып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет