Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет13/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

Балалармен жеке жұмыс

"Ал одан кейін не?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту, логикалық ойлауларын дамыту. (математика негіздері, сөйлеуді дамыту)

"Жоғалған зат" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттері. Қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Педагог үстел үстіне бірнеше заттарды қояды. Балалар оларды мұқият қарастырып алғаннан кейін, бәрі артқа бұрылады. Үстел үстінен бір затты алып тастайды. Бала жоғалған затты табу керек. Жоғалатын заттар санын біртіндеп көбейтуге болады.




«Ғажайып дорба» дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Сөздік қорларын ойыншық атауларымен толықтыру.

Жыл мезгілі жайлы мнемокестемен жұмыс істеу немесе әңгімелесу.
Мақсат-міндеттері. Мнемокестедегі жыл ерекшеліктерін айтып, толық сөйлем құруды үйрету.

Серуенге дайындық

Балаларды серуенге ынталандыру; серуенге арналған ойын құралдарын таңдау; балаларды үстіне киген киімдеріне қарап, шкафта қалдыратын заттардың орнын тексеріп, тәртіп орнатуға шақыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Мысықты бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Мысықты бақылау; мысықтың тіршілігіне қызығушылығын дамыту.
Көркем сөзді мәнерлеп айту, жаттау жаттығуы.
Мақсат-міндеттері. Көркем сөзді мәнерлеп айтуға машықтандыру, артикуляцияны, есте сақтау қабілетін дамыту; мысыққа қызығушылықты арттыру.
Н. Арынова "Мысығым".
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады,
Бойын жазып, керіліп,
Беті-қолын жуады.
Қасымнан қалмайды,
Көзін қысып алдайды.
Ойнатсам да күнімен,
Ойыны бір қанбайды.
Еңбек әрекеті: бақшадағы піскен көгөністерді жинау.
Мақсат-міндеттері. Көгөністерді қазып алуды үйрету; топпен бірге жұмыс істеуге ұмтылысын тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет