Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Аңшылар мен қояндар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)



бет15/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K
Экскурсия реферат срс
"Аңшылар мен қояндар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру; мергендікке, дәлдікке, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, қимылдардың үйлестеіре білуге бейімдеу; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалар тобынан арасынан бір-екі бала "аңшы" болып (өз қалауларымен немесе санамақ арқылы) тағайындалады. Қалған балалар - "қояндардың" рөлін ойнайды.
Педагог ойынды бастайды:
- Аңшылар жүр орманда,
"Не бар?" - деп шалғында.
"Аңшылар", қолдарына бір доптан алып, алаңды аралап, "қояндарды" іздеген сияқты болып жүреді, содан кейін бір жасырын жерге барып, алаңды алыстан бақылайды. "Қояндар" өз "іздерінен" шығып, алаңда ойнап, секіріп, жүгіріп жүреді.
Педагог:
- Қояндар шықты шалғынға,
Секіреді қуана.
Бір-біріне сәлем береді,
Тәтті шөппен қоректенеді.
"Қояндар, қашыңдар!" деген сөздерден кейін "аңшылар" жасырынған жерлерінен ытқып шығып, "қояндарды" көздеп, допты олардың аяқтарына тигізуге тырысады. "Қояндар" бір-біріне соғылмай, өз орындарына жылдам қашуға тырысады.
Ойынның соңында "аңшылар" қанша "қоянды" ұстап алғандарын санайды, соған қарай ұпай беруге болады.
Педагог ойын барысындағы қауіпсіздік сақталуын қадағалайды.
Белгі бойынша жылдам әрекет етуге үйрету; қимыл координациясын пысықтау, допты лақтыруды, күштерін бағыттауды дамыту.
"Төмпешіктен төмпешікке секір" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Белгілі орындарға аттап секіре білу қабілетін дамыту; дене тепе-теңдігін, күш-жігерін жетілдіру.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, далаға шығарылған материалмен алаңда ойын өткізу.
Мақсат-міндеттері. Қызығушылығы бойынша ойын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету және құрдастарымен өзара әрекет ету біліктерін дамыту.




Желдің соғуын бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел.)
Бақылау: бақылау дағдыларын қалыптастыру; желдің соғуын анықтау; ағаштардың қозғалуы, бұлттардың аспанда көшіп жүруі, қатты желден ағаштардың жапырақтарының түсуі, жел бағытын анықтау. Жаздың күні жел қандай болады; баяу, қатты, ағаш басының тербелуі; күзбен салыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет