Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)



бет12/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)


Сюжетті-рөлдік ойын.
"Отбасы".
Мақсат-міндеттері. Балалардың отбасы мүшелері туралы түсініктерін бекіту; отбасы мүшелерінің жанұядағы рөлін пысықтау; үлкенге құрмет сезімдерін, жақынына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар.
Отбасы мүшелеріне қажет заттар: көзілдірік, ыдыстар, алжапқыш, кітап, газет, сыпырғыш, шелек пен орамал, ойыншықтар, ойыншық тұрмыстық техника және тағы басқа.
Барысы.
Балалар отбасы мүшелерінің рөлдерін өзара бөлісіп алады да, өздеріне қажет киімдер мен құралдарды алып, өз орындарына барады.
Балалар қойылымда қандай оқиғаны көрсететіндерін педагогпен бірге анықтайды.
Педагог диалог барысында ойыншылар арасындағы сөйлеу тізбегін, әдептілік ережелерінің сақталуын реттейді, бекіту сұрақтарын қояды.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)

Мүсіндеуден ойын-жаттығу.
"Асқар ата келді".
Мақсат-міндеттері. Балаларды сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, түрлі әдістерді қолданып, ыдыс-аяқ жасауды және бұйымның сыртын дымқыл шуберекпен өңдей отырып, пішіннің бетін тегістеуді үйрету.


Сурет салудан ойын-жаттығу.
"Балабақша".
Мақсат-міндеттері. Балаларды екі параллель сызықтың ұштарын көлденең қосып, төртбұрышты пішінді, үшбұрышты шатырды салып, балабақшаның қарапайым ғимарат бейнесіне біріктіруді үйрету.


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу.
"Күз келді бақшама".
Мақсат-міндеттері. Балабақша маңайында ауа райын бақылау, күзгі құбылыстарды байқау, бір-бірінен ажыратуды үйрету.
Дидактикалық ойын: "Күз құбылыстарын ата".
Мақсат-міндеттері. Күз құбылыстарын атау іскерліктерін дамыту; балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.


Вариативті компонент. Математика негіздері
"Зообаққа барамыз"
Мақсат-міндеттер: балаларды 1 саны және цифрымен таныстыру; 1 цифрын дұрыс жазуға үйрету, математика оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет