Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет4/17
Дата03.10.2023
өлшемі29,74 Kb.
#183414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
YIdGWoheY31sXIIYeoqtAAD8D7TVg6ocKRf5B75K

Ертеңгілік жаттығу

Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, таяқшаны қолмен ұстау.
1. Таяқшаны алға созу.
2. Оң қолды төмен түсіріп, сол қолдағы таяқшаны тігінен ұстап, жоғары көтеру.
3. Таяқшаны алдыға созып ұстау.
4. Сол қолды төмен түсіріп, таяқшаны оң қолға ауыстырып, таяқшаны жоғары көтеру.
5. Таяқшаны алдыға созып ұстау.
6. Бастапқы қалыпқа келу.
Бастапқы қалып: аяқтың арасын ашып тұру, екі қолды шынтақтан бүгіп, таяқшаны кеуде тұсына ұстау.
1-2 алға иілу, еденге қолды тигізу.
3-4 бастапқы қалыпқа оралу.
Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, таяқша еденде жатады.
1. Оң аяқпен таяқшаны аттап, алға бір адым жасау.
2. Сол аяқты оның қасына алып келу.
3. Оң аяқпен таяқшадан аттап, артқа бір адым жасау.
4. Сол аяқпен артқа бір адым жасау.
Бастапқы қалып: тізерлеп тұру, таяқшаның екі шетінен ұстап, жауырынға қойып тұру.
1. Таяқшаны жоғары көтеру.
2. Оңға иілу.
3. Түзу тұру, таяқшаны жоғары көтеру.
4. Бастапқы қалып. Сол жақпен дәл солай орындалады. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру)

Таңғы ас

Балалардың беті-қолын жуып, таңғы асқа отыруы. Ас ішу мәдениетімен таныстыру. Қасық пен шанышқыны дұрыс пайдалануды үйрету. Ас ішкенде сөйлемеу. Астан соң беті-қолды жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз, сөйлеуді дамыту)
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі-жиі жуын сен:
Таңертең де, кеш те де,
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында,
Жуын ұйықтар мезгілде,
Су мен сабын - бір жолдас,
Жоймас олар кір қоймас!

Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет