Тест сұРАҚтары қазақ әдебиеті неше түрге бөлінеді?



бет11/14
Дата25.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#8056
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

2. 326 - жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбыс үндестігі

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Мысалы: қаздар (қазтар емес), есептер (есепдер емес), әкеге (әкеке емес), мектебі (мектепі емес), қасығы (қасықы емес).

Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.

Көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейміз: тас-тан, жаз-ға, адам-нан. Ілгерінді ықпал бойынша

сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымша қатаңнан басталады. Сөздің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан, ал соңғы дыбыс дауысты немесе үнді дауыссыз болса, қосымша ұяң не үнді дауыссыздан басталады.

Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуін кейінді ықпал дейміз. Мысалы: теп-теуіп; жап-жабады, жауып; сабақ- сабағы; кітап-кітабы; жазса (айтылуы жазсса); көнбейді ( айтылуы көмбейді).
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

  1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

  3. Ілгерінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.

  4. Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

328-жаттығу

335 – жаттығу(ауызша)

  • Мәтіндегі басқа тілден енген сөздерге қосымшалардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңдер.

2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Төмендегі сөйлемнен ілгерінді және кейінді ықпалды тап.

Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биіӘйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды

ІІ деңгей

  1. Сөз тіркесінің аралығындағы ілгерінді кейінді ықпалды тап.

Атың кім? Ақ лақ, әкеп бер, сақ бол, көз сал, он бес, төрт қант.

ІІІ деңгей

  1. Түбір мен қосымша, біріккен сөз, сөз тіркестері аралығындағы кейінді ықпалға мысалдар жаз.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1 Дыбыс үндестігі туралы түсінік.

2.329-330-331 – жаттығу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 02.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Кейінді ықпал

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға кейінді ықпал туралы білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмала, мысалдар келтіру арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Дыбыс үндестігі

2. Фонетикалық талдау

ІІІ Білім тексеру:

Шығармашылық диктант

  • Төмендегі сөздерді қатыстырып,сөйлем құрап жазыңдар.

    1. Астық, айлық, айдын,

    2. Әйгілі, әдемі, әңгіме.

    3. Күләш,Кәрім.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Кейінді ықпал
Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және
дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған

Жаңақорған кім гелді? кім келді? КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа


Кейінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріпке дейінгі әріпке ықпал етуі. Ілгерінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріптен кейінгі әріпке ықпал етуі. Екеуін былай ажырытуға болады: кейінді ықпал кейінгі әріптің ықпал етуі, ілгерінді ықпал ілгері тұрған әріптің сол әріпке ықпал етуі. Мысалы: көк өрік - көгөрік - ілгерінді ықпал жұмысшы - жұмышшы - кейінді ықпал. Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығынд а алғашқы дыбы стың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап


  1. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

  2. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді?

  3. Кейінді ықпал деген не? Мысалмен дәлелде.


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

5 мысал жазу
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау




  1. Үйге тапсырма беру:

1 Кейінді ықпал туралы түсінік.

2.334 – жаттығу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 03.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Ілгерінді ықпал

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға ілгерінді ықпал туралы білім беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмала, мысалдар келтіру арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Кейінді ықпал туралы түсінік

2. 334-жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Кейінді ықпалға мысал жазу



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ілгерінді ықпал
Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және
дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған

Жаңақорған кім гелді? кім келді? КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің



соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Кейінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріпке дейінгі әріпке ықпал етуі. Ілгерінді ықпал дегеніміз - сөз ішіндегі әріптің сол әріптен кейінгі әріпке ықпал етуі. Екеуін былай ажырытуға болады: кейінді ықпал кейінгі әріптің ықпал етуі, ілгерінді ықпал ілгері тұрған әріптің сол әріпке ықпал етуі. Мысалы: көк өрік - көгөрік - ілгерінді ықпал жұмысшы - жұмышшы - кейінді ықпал. Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығынд а алғашқы дыбы стың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап

Кітаппен жұмыс 332-жаттығу

  1. Ілгерінді ықпал дегеніміз не?

  2. Мысалмен дәлелде


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

5 мысал жазу
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау




  1. Үйге тапсырма беру:

1 Ілгерінді ықпал туралы түсінік.

2. 335 – жаттығу.
ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

(Ассимиляция)

Түбір сөз бен қосымша, сөз бен сез арасыңдағы дыбыстардың бір-біріне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі аталады. Мысалы, қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте, сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшанын үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен. Ал мәжіліс, мектеп сөздеріне қосымшаның қатаңнан басталып жалғануына сөз соңындағы қатаң дыбыстар қосымшаның өзіне жақын қатаңнан басталуына ықпал еткен.

Дыбыс үндестігі үшке бөлінеді: Ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.

  ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ

Сөздің соңғы дыбысы дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысын өзіне ұқсата әсер етуін ілгерінді ықпал дейді. 1. Сөз дауысты дыбысқа, үнді және ұяң дауыссыздарға аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымша не үнді, не ұяң дауыссыз дыбыстардан басталады: ана + ны, әке + де, қар + лы, әжем + де, қыз + дар.

Ескерту: Ілгерінді ықпалға бағынбайтын қосымшалар бар, олар: -шыл, -шіл, -шақ, -шең, -шық, -шік, -ші, -ша, -ше, -шылық, -шілік, -сыз, -сіз, -са, -се, -сық, -сің, -сыздар, -сіздер, -паз, -қор, -қой, -хана, -кеш: ұйқы+шыл, күлкі+шіл, ашу+шаң, мәсі+шең, ойын+шық, үй+шік, бала+ша, менің+ше, оқу+шы, ән+ші, шаруа+шы-лық, кәсіп+шілік, қалам+сыз, әл+сіз, бар+са, кел+се, қала+сың, кере+сің, ала+сыз, біле+сіз, ұға+сыздар, жүре+сіздер, өнер+паз, бәле+қор, сән+қой, ем+хана, ар-ба+кеш.

Сөз қатаң дыбысқа және б, в, г, д дыбыстарына аяқталғанда, дауыссыздан басталатын қосымшаның алғашқы дыбысы қатаң дыбыстан басталады: халық+қа, бесік+ті, завод+та, кооператив+тің, штаб+та, педагог+тер, архив+тен, геолог+ке.



КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ

Қазақ тіліңде түбір мен қосымша және біріккен сөз сыңарларының аралығында, сөз тіркестері сыңарларының арасында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсер ететін жағдайы жиі кездеседі. Кейінгі дыбыстын алдыңғы дыбысқа әсерінен алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа ұқсап өзгеруі кейінді ықпал деп аталады. Мысалы: кітап — кітабы, күрек — күрегі, басшы — башшы, Оразжан — Оражжан, ақ лақ — ақ лақ, он бес — ом бес, боз жирен — бож жирен т. б. Кейінді ықпалдың жазуда ескерілетін де, ескерілмейтін жері де бар. Егер қ, к, п дыбыстарына аяқталған сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша қосылса, түбірдің соңындағы қ, к, п дыбыстары ұяң болып ғ, г, 6, (у) болып өзгерген қалпында жазылады. Мысалы, тік — тігеді, кеп — кебеді, жүрек — жүрегі, жап — жауып т. б. Бірақ қазақы (дәстүр), қалмақы (ер) және орыс тілінен енген п дыбысына аяқталатын сөздерде ұяңдамайды. Көбінесе кейінді ықпал бойынша ықпалдасатын қ, к, п, с, з, ш, ж, н дыбыстары болып келеді, тек айтылуда ғана өзгеріске ұшырайды, мысалы, қос шелек (қош шелек), саз жол (саж жол), Бозжан (Божжан), қосшы (қошшы), жұмысшы (жұмысшы), Боранбай (Борамбай) т. б.



ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ

Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне түрліше ықпал етеді. Кейде сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы, Ырысжан .(Ырышшан), Есжан (Ешшан), Жанқожа (Жаңқожа), тас жол (таш шол) т. б.

  ТҮБІР СӨЗДІҢ ЖАЗЫЛУ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСІ

1. Сөздер жазылуда айтылуы ескерілмей, түбірін сақтап жазылады: ақ лақ (ағ лак емес), ала ат (алат емес), келе алмайды (келе алмайды емес), қашса (қашша емес), ушсақ (ұшшаң емес), көк ешкі (көгешкі емес), ашсын (ашшын емес), айтып бол (айтып пол емес).

2. Орыс тілінен кірген сөздердің тілде қалыптасқан қалпында жазылатындары бар: самауыр, бәтеңке, минөт, газет, сиса, теңге, бәтес, сот т. б.

3. Араб, парсы тілдерінен кірген сөздер тілде өзгеріп қалыптасқан қалпында жазылады: Фатима, Бәтима, Патима, Ғали, Әли, К,али, Әлі т. б.

 

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

1. Күрделі атаулардың (мемлекет, облыс, аудан, мекеме, ұйым, ірі уақиға аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Қазақстан республикасы, Президент кабинеті, Қазақстан республикасының Президенті, Орта Азия, Кіші Азия, Америка Құрама Штаттары.

2. Сөз тіркестері, идиомалық, фразалық тіркестердің әр сездері бөлек жазылады: үлкен бөлме, ит өлген жер, тонның ішкі бауындай, адым жер, қозы көш жер т. б.

3. Күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі етістіктер, құранды етістіктер, күрделі үстеулер мен шылаулар бөлек жазылады: асықты жілік, қызыл ала, он бес, кіріп шық, қызмет қыл, ертеден қара кешке, сондықтан да т. б.

  БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Біріккен сөздер бірге жазылады: 1) Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтамай, бір-бірімен жымдасып кеткен кіріккен сөздер бірге жазылады: бүгін (бүл күн), биыл (бұл йыл) (жыл), әкет (алып кет), апар (алып бар), білезік (білек жүзігі), әкел (алып кел), сөйтіп (солай етіп), күндіз (күннің жүзі), қайны (қайын іні), кекілдірік (кекілге ілдірік) т. б.

Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтап біріккен сөздер бірге жазылады: қоянжел, жыланкөз, көкдәрі, қылтамақ, түйетабан, ұлтабар, шоқайна, қонақжай т. б. Біріккен сөздердің бұл тобына түрлі саладағы сөздер жатады: а) ғылымның түрлі салаларына байланысты терминдер: көпбұрыш, шикізат, оттегі, келіссөз, сутегі; ә) жан-жануар, өсімдік атаулары: алақұрт, ақшұнақ, қосаяқ; б) құрал-сайман, ойын, тұрмыстық, жабдық атаулары: шаңсорғыш, еттартқыш, төсек жапқыш, беташар, ақсүйек т. б.; в) бірінші кейде 2-сыңары еш, әр, кей, әлде, бір, қай, қайсы сөздерінен болған біріккен сөздер: ешкім, әркім, әлдеқалай, кейбір, қайсыбір т. б.; г) екінші сыңары аралық, тану, сымақ сөздері болатын біріккен сездер: халықаралық, өлкетану, батырсымақ; д) бірінші сыңары авто, авиа, агро, фото, электро, радио, кино, гидро, танс, инфра, ультра, изо, гипер сөздері болған біріккен сөздер: автошеберхана, авиомектеп, агроөнеркәсіп, фотокөрме, электрометр, радиоөнер, киноактер, гидрофизика, трансформатор, инфракүлгін, ультрадыбыс, изосызық, гипержазықтық.

  БІРГЕ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

Біріккен сөзден жасалған кісі аттары, жер-су, тау атаулары, қалалардың аттары, жалпы географиялық атаулар бірге жазылады: Ақтоқты, Ботагөз, Бауыржан, Ақмола, Жезқазган, Екібастуз, Алатау, Алакөл, Сабын-дыкөл т. б.

Ескерту: 1) Кейбір кісі аттарының қүрамындағы сыңарлар айтылуда өзгеріп қалыптасқан қалпында жазы-лады: Ботагөз, Дәметкен, Торайгыр, К,ожахмет т. б. 2) Екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатын кісі аттарының бірінші сыңары дауысты, үнді, ұяң дыбыстарға аяқталғанда, қ, к дыбыстары айтылуда ұяңдаса ғ, г әріптерімен жазылады: Қарагөз, Нұргелді, Нұрқожа, Нурғиса, Айғыз. Егер мұндай сөздердің екінші сыңарындағы қ, к дыбыстары айтылуда қатаң қалпын сақтаса, онда қатаң қ, к әріптерімен жазылады. Әбілқасым, Әбілқайыр, Нұрикамал, Әбдіқадыр, Құсниқамар т. б.; 3) Кісі аттары екі дауыссыздың тіркесінен басталмайды. Мұндай кісі аттарында екі дауыссыздың алдынан, не екеуінің арасынан ы, і әріптері қосылып жазылады: Ысқақ, Ысмайл, Сымайыл, Сымақұл, Ырзабай, Ырзыхан т. б. 4) Ұлы, қызы сөздері кісі аттарымен біріге жазылады: Асқарулы, Ахметұлы, Бауыржанұлы, Досанқызы, Құрманқызы, Шонақызы т. б.

  ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

Қос сөздер дефис арқылы жазылады: сауыт-сайман, қыз-келіншек, бетпе-бет, үлкен-кіші, қызылды-жасылды, келе-келе, айта-айта, сәлем сауқат т. б.

  ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЕМЛЕСІ

Қосымшалар түбір сөздің соңынан келіп, сөзбен бірге жазылады: аспанда, үйге, әлемді, сәнмен, қаладан ауылда т. б.

Қосымшалар сөзге үндестік заңы бойынша сөздің соңғы буыны мен дыбысына үндесе жалғанады: кітап + та, қағаз + ды, әлем + де, қызмет + кер, жұмыс + шы, бетеге-боз + ды, бетбұрыс + қа т. б.

Ескерту: 1) Бірлі-жарым сөздің алдынан қосылатын қосымшалар бар: ма + қрұм, на + разы, бей + шара, би + саясат т. б.

2) Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: а) үнемі жіңішке түрде жалғанып, жіңішке жазылатын қосымшалар: -нікі, -дікі, -тікі; қаланікі, аспаптікі, қолдікі; -би, -бей: бисаясат, бейшара; -мен, -бен, -пен: қаламмен, кітаппен, қызбен; -гер, -кер: дауагер, даугер, қызметкер; -еке, -ке: Асеке, Жұмеке; б) үнемі жуан түрде жалғанып, жуан жазылатын қосымшалар: -дар: діндар; -тал: сезімтал, өсімтал; -тай: әкетай, көкетай; -тар: кіріптар; -паз: өнерпаз, әсемпаз;

3. Сөз қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталып, оларға дауыстыдан басталатын қосымшалар жалғанғанда, бұл дыбыстар ұянданып, ғ, г, б әріптерімен жазылады: қазық + ы — қазығы, тілек + і — тілегі, мектеп + і —
мектебі, сабақ + ы — сабағы, күрек + і — күрегі, себеп + і — себебі т. б.

4. Тырнақшамен жазылатын сөздерге, атауларға қосымша тырнақшаның ішінде жазылады: М. Әуезовтың "Абай жолында" даналық сөздер үлгісі өте мол. С. Мұқановтың "Ботагөзін" оқы. Ғ. Мүсіреповтың "Оянған өлкесін" талдадық.

5. Бас әріптен қысқарған сөздерге қосымша дефис арқылы жазылады: ҚазМПУ-діқ студенттері, ҚазМУ-де оқимыз т. б. АКДІ-тық азаматы.

6. Цифрмен жазылған сан атауларына қосымша дефис арқылы жазылады: 60-тарда (алпыстарда), 7—8-де, 10-нан (оннан) астам, 100-деген (жүздеген).

7. Реттік сан есім цифрмен жазылса, одан соң дефис қойылады, цифрдан кейінгі дефис реттік сан есімнің -ншы/-нші, -ыншы/-інші жұрнағын білдіреді. Мысалы 10-үй (оныншы үй), 10 үй (он үй), 35-пәтер (отыз бесінші пәтер), 35 пәтер (отыз бес пәтер).

  ОРЫС ТІЛІНЕН КІРГЕН СӨЗДЕРМЕН



ҚОСЫМШАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

Орыс тілінен кірген сөздерге қосымша негізінде сөздің соңғы буынының әуеніне қарай, буын үндестігі бойынша жалғанады: олимпиада + лық, планета + лық, президент + ке, радист + ке, режиссер + лік т. б.

Сонымен бірге қазақ тілінің заңдылығына сай келе бермйтін жағдайлар да өте көп, олар: жіңішкелік белгіге, сөздің бірнеше дауыссыз дыбыстардың тіркесіне аяқталуына, қазақ тілінде сөздің соңында қолданылмайтын дыбыстарға сөздің аяқталуына байланысты т. б. орыс тілінің ерекшелігінен туатын жағдайлармен байланысты сөзге қосымшаның өзіндік ерекшеліктері бар.

  ЖІҢІШКЕЛІК (Ь) БЕЛГІГЕ АЯҚТАЛҒАН СӨЗГЕ



ҚОСЫМШАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ

Сөз жіңішкелік (ь) белгіге аяқталып, оған дауыссыздан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік белгі сөзде жазылады: гастроль-ға, секретарь-ды, монастырь-дан, лагерь-де, спираль-дық т. б.

Сөз жіңішкелік белгіге аяқталып, оған дауыстыдан басталатын қосымша жалғанса, жіңішкелік (ь) белгі сөзде жазылмайды: модель-і — моделі, секретарь + ы — секретары т. б.

ШЬІЛАУ СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

1. Шылау сөздер өзі тіркесетін сөзінен соң келіп тіркесіп, олардан бөлек жазылады: сен үшін, бұдан соң, Асан да, Сәуле мен Сайран, Дәулет пен Самал, үйге дейін, күзге таман, жүз шақты, мық қаралы, үшке шейін


т. б.

Бір топ шылаулар дефис арқылы жазылады: ақ, ау, ай, мыс, міс, ды, ді, сынды: жақсы-ақ, қалқам-ау, айна-лайын-ау, айтыпты-мыс, білген-ді, айтқан-ды, Аман-гелді-сынды батыр т. б.

Кейбір шылаулар тұлғасын өзгертіп, түбірмен бірге жазылатын кездері де бар, олар түбір мен қосымшаның ортасына түскенде, кейде түбірден сон да, түбірмен бірге жазылады. Мұндай шылауларға сұрау шылауы ма/ме және соқ шылауы жатады: келесің бе? келемісің?, барасың ба? барамысық?, білесің бе? (білемісіқ?, барғасын) (барған соң, келгесін) келген соң.

 

БАС ӘРІПТІҢ ЕМЛЕСІ

Сөйлемнің бірінші сөзі, өленнің әрбір жолы бас әріптен басталып жазылады.

Кісі аттары, жер, су (географиялық атаулар) аттары бас әріппен жазылады: Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Абай Құнанбайұлы, Ахмет, Асқар, Амангелді совхозы, Балқаш өзені, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Каспий теңізі, Арал теңізі, Орта Азия, Нигерия, Африка т. б.

Ірі уақиғалар, мекемелер, мерекелер аттары бас әріппен жазылады: Отан соғысы, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университеті, Наурыз мейрамы, Қазақстан Республикасы, Әлеуметтік қорғау министрлігі, Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, "Ынтымақ" сауда үйі Еліміздегі ен жоғарғы мемлекеттік мекемелер мен қызмет және құрмет атауларының әр сөзі бас әріппен жазылады. Қазақстан Республикасы, Қалақстан Республикасының Президенті, Қалақстан Республикисы Жоғары Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Халық суретшісі, Қалақстан Республикасының шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттігі, Қазақстан ғылым академиясының академигі.

Кітап, журнал, газет, түрлі шығармалар аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: "Қазақ әдебиеті" газеті, Егеменді Қазақстан газеті, "Зерде" журналы, "Балдырған журналы, "Ана тілі" газеті, Аққан жүлдыз романы, "Өттің дүние" спектаклі, "Абай" операсы,Дала" симпониясы, Шаттық отаны" симфониясы, "Той бастар' күйі, "Балбырауын" күйі т. б.

Сөздің бірінші әрпінен кысқарган сөздер бас әріппен жазылады: АҚШ, БҰҰ, ТМД, ҚХР, МХР, КХР. ЖАК.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 07.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Тоғыспалы ықпал

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға тоғыспалы ықпал туралы мәлімет беру және жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмала, мысалдар келтіру арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке еңбекті дәріптеуге ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ілгерінді ықпал туралы түсінік

2. 335-жаттығу

ІІІ Білім тексеру:

Ілгерінді ықпалға мысал жазу



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тоғыспалы ықпал
Қазақ тілінде көрші дыбыстар бір-біріне түрліше ықпал етеді. Кейде сөз тіркестері мен біріккен сөз сыңарларындағы дыбыстар бір-біріне ілгері-кейінді әсер етіп, алдыңғы дыбыс кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп өзгертетін, ал ол өзгерген дыбыс өзінен бұрынғы дыбысты өзгертетін жағдай кездеседі. Дыбыстардың осылайша өзгеруі тоғыспалы ықпал деп аталады. Мысалы, Ырысжан .(Ырышшан), Есжан (Ешшан), Жанқожа (Жаңқожа), тас жол (таш шол) т. б.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

Оқулықпен жұмыс 336-337 жаттығу орындау

  1. Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

  2. Мысалмен дәлелде


VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

5 мысал жазу
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау




  1. Үйге тапсырма беру:

1 Тоғыспалы ықпал туралы түсінік.

2. Кейінді ықпал, ілгерінді ықпал, тоғыспалы ықпалға мысал жазу 10 нан

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ тілі

2. Сыныбы: 5 «Ә»

3. Күні, айы, жылы: 09.04.2015ж

4. Тоқсан: IV

5. Мұғалім: Юнусова Жұлдызай
Сабақтың тақырыбы: Орфография мен орфоэпия

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Орфография мен орфоэпия туралы білім беру
және нақтылы мысалдармен түсіндіру.


2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке дұрыс сөйлеу мәдениеттілігіне,
ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.


3.Дамытушылық: оқушылардыңжалпы сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру:


1 Тоғыспалы ықпал туралы түсінік.

  1. Кейінді ықпал, ілгерінді ықпал, тоғыспалы ықпалға мысал жазу 10 нан

ІІІ Білім тексеру:

    1. Сатылай фонетикалық талдау үлгісі

Сөз

1. Жуан, жіңішке, аралас буынды сөз

2.буын а) ашық ә) тұйық б) бітеу

3.тасымал

4.екпін

5.буын үндестігі



6. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мінездеме
Осы үлгіге сүйене отырып, білім - сөзіне сатылай кешенді

талдау жасау.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

«Орфография» деген сөз «дұрыс жазамын» дегенді білдіреді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
Орфография дыбыстарды қандай әріппен беруді, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді.

«Орфоэпия» - «дұрыс айтамын» деген сөз. Орфоэпия – ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы тілдесуді жеңілдетеді.

Дыбыс үндестігі орфоэпияның негізгі нормаларының бірі болып табылады.


Орфоэпиялық норма бойынша сөз бен қосымшаның шегіндегі, сөз бен сөздің аралығындағы дыбыстар бір – біріне үндесіп айтылуы керек.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сұрақ жауап

  1. Орфография дегеніміз не?




  1. Орфоэпия дегеніміз не?

  2. Тіліміздегі сөздердің айтылуы мен жазылуына байланысты оқушылардың өздеріне мысалдар айтқызу және тақтаға жаздыру

  3. Мына сөздердің айтылуын жаз.

Көзқарас, шекара, бейсенбі, білекте, қашса, шашса.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс

  1. жаттығу(ауызша)

  1. Төмендегі сөздерді айтылуы бойынша жазыңдар.

  1. жаттығу

  1. Төмендегі сөздердің тұсына олардың орфоэпиялық нормасын сақтап жазыңдар.

  1. жаттығу

  1. Мәтінде қате жазылған сөздерді тауып, оларды дұрыс жазып шығыңдар.


2.Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1.Төмендегі сөздерден айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап және оны дұрыс жаз.

Қонысбай, дүйсембі, сенбі, жұмышшы, бірқатар,сүссе, жасса, балмұздақты, Талдығорған, Меңдіқұл

ІІ деңгей

1.төмендегі сөздерді орфография бойынша жазып шық.
Башшы, өнүм, тұу, ыйық, тоқыу, іріу.

ІІІ деңгей

1. 1. Орфография мен орфоэпия туралы айт. Абайдың «Қыс» деген өлеңін орфоэпиялық нормамен жазып шық.
VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:


1 Орфография мен орфоэпия туралы түсінік.

2.342 – жаттығу.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 5 «Ә»

3.Күні, айы, жылы: 10.04.2015ж

4.Тоқсан: IV

5.Мұғалім: Юнусова Жұлдызай

Сабақтың тақырыбы: Екпін, ой екпіні, сөз екпіні.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың екпін ой екпіні, сөз екпіні туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың екпін және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

IV Жаңа сабаққа дайындық

1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау

V Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Тілдегі сөйлеу нормасына тән ендігі бір фонетикалық құбылыс – екпін. Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

Екі немесе оданда көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны тиянақты болды: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.



Сөйлем ішіндегі ерекше көңіл аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Ой екпіні тұрақты болмайды. Өйткені бір сөйлемдегі кез келген сөзге ерекше көңіл аударыла беруі мүмкін.

Мысалы: Атасы бүгін ауылға келді. Атасы ауылға бүгін келді. Ауылға бүгін атасы келді.

Осында бірінші сөйлем атасы ауылға келгенін, екінші сөйлемде атасы бүгін келгенін, үшінші сөйлемде ауылға басқа емес, атасы келгенін нақтылап хабарлау мақсаты көзделген. Сондықтан тыңдаушының назарын ой екпіні түскен сөзге аудару үшін ол сөздің қалыпты орны басқа орынға (баяндауыштың алдына) ауыстырып қолданылған. Назар аударылатын сөз сөйлемнің басында не соңында, көбінесе баяндауыштың алдында тұрады.
VІ. Түсінік тексеру

  1. Терме диктант

1.Тігін фабрикасынан әкелінген киімдер дүкендерде сатылды.

2. Мектеп оқушылары құс фермасын аралап көрді. 3. Ферма жиырма мың центнер құс етін тапсырды. 4. Менің ағам авиация училищесінде оқиды. 5. Менің тұңғыш очеркім аудандық газетте жарияланды.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту

1..Деңгейлік тапсырмалар:



І деңгей

  1. Екпін дегеніміз не?

  2. Мына мәтіннен сөз екпінін тап.

Жастардың бүгінгі міндеті - оқу, білім, тәрбие жұмыстары. Сондықтан жастардың жалпы назары мектепке аударылуы керек.

(Ғ. Мұратбаев)

ІІ деңгей

1. Ой екпіні дегеніміз не?

2 Төмендегі шешендік сөзден ой екпінін тап.

Бостандықтың қадірін

Жабылғанда білерсің

Қалтаңдағы ақшаңды

Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің.

Ақ бетіңнің қадірін

Қан кеткенде білерсің.
ІІІ деңгей

  1. Мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндір және ой екпіні түсіп тұрған сөздің астын сыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет