Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы – 4 сағат. Мақсаты: білім алушыларды өмір қауіпсіздігі мәдениетіне үйретудің әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар ұйымдастыру формаларын құрастыру;
Міндеттер: -күнделікті өмірдегі қауіп көздерін (жанғыш заттар, электр аспаптары, газ жабдықтары, тұрмыстық химия заттары, дәрі-дәрмектер) жіктеу;
-көліктегі қауіп түрлерін жіктеу (жердегі, жер асты, темір жол, су, ауа);
-жедел қызметтерді хабардар ету ережелерін білу;
-табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауға;
-төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету және өзіне-өзі көмек көрсету;
-жанжалды жағдайларды болдырмау және шешу жолдарын сипаттау;
-интернетті пайдалану кезінде ықтимал қауіптер мен қауіптерді сипаттау және алдын алу (мысалы: алаяқтық, құмар ойындар, әлеуметтік желілердегі деструктивті қауымдастықтар).
Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстың формалары мен әдістерін таңдауды біледі.
1-жаттығу. Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, бір тақырып бойынша сабақтың үзіндісін құрастыру.
Тақырыптар:
үйдегі қауіпсіздік;
қоғамдық орындардағы қауіпсіздік;
табиғи ортадағы қауіпсіздік;
денсаулық және оны қалай сақтау керек;
қоғамдағы қауіпсіздік;
ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік.
Тапсырма.Көще ережелерін жалғастыр
«Жалғастыр» әдісі
«Көше ережелерін білейік»
1топ: 1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ... / ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр/.
2.Мектепке келе жатып
үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса,.... / жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт./
2-топ. 1..Көше тәртібін орындамау... / көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді./ 2.Көшеден өтерде әуелі .... / сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр./
3топ:.1.Аялдамада тұрған автобустың ... / артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің./
2. Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі..... / Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады./
Тапсырма.Ситуациялық сұрақ беріледі, тапқырлығыңызды, ақылдылығыңызды көрсетіп жағдаяттан шығуларыңыз керек
«Жағдаяттық сұрақтар» әдісі
.
1-топ.Сен жолдан өтіп бара жатқанда, саған біреу айқайласа не істейсің?
2-топ.Сен жолдан өтіп келе жатырсың, кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің. Сен не істейсің?
3-топ.Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің?