Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


мазмұндама жоспары:
1. 1894 жылы олимпиадалық комитеттің шешімі.
2. Олимпиада ойындарының тарихы.
3. Олимпиада өткізу шарты.
Тірек  сөздер:  Олимпиадалық  ойын  тарихы,  1894  жыл,  олимпиадалық  комитет, 
комитет  шешімі,  бірінші  олимпиадалық  ойын,  Грекия  астанасы,  8  спорттық  түр, 
жарыс, 13 мемлекет, 285 спортшы, 10 мың көрермен, 27 рет өтті, 1996 жыл, спорт 
қозғалысына  100  жыл,  Олимпиадалық  ойын,  өтетін  ел  экономикасы,  10  мың 
спортшы,  5  мың  журналист,  бір  миллион  көрермен  жүз  миллион  ақша  кепілге,  
7 миллиард өсімі, айып кепіл қайтарылмайды, 28 ойын Грекияда, 29 ойын, Бейжіңде 
өтті.
2

180
Мазмұндама үлгісі:
«Олимпиадалық  ойын  тарихы  1894  жылы  басталды.  Ол  жылы  алғашқы 
олимпиадалық комитет ашылды. Комитет шешімі бойынша бірінші олимпиадалық 
ойын Грекия астанасы Афинада өткізілді. Онда 8 спорт түрінен 13 мемлекет, 
285  спортшы,  10  мың  көрермен  қатысты.  Сол  уақыттан  бері  олимпиадалық 
ойындар 27 рет өткізіліпті.
Жоғарыдағы жоспар негізінде мазмұндама жазып шығыңыз. 1996 жылы аталмыш 
спорттық қозғалысқа 100 жыл толды.
Олимпиада өтетін елдің экономикасы мықты болуы керек. Олар 10 мың спортшы, 
5 мың журналист, 1 миллион көрермен қарсы ала алуы керек. Олимпиада өткізбес 
бұрын ол ел жүз миллион Америка долларын кепілге қояды. Олимпиада уақытында 
өткізілсе, кепілге қойылған ақшаны өсімімен қайтарып алады, ал керісінше дәл 
жоспарланған  уақытта  өтпесе,  ақшасынан  айырылады.  Сол  уақыттан  бері 
олимпиада 4 жылда 1 рет өткізіліп келеді. ХХVІІІ Грекияда болды. ХХІХ олимпиада 
Қытай Республикасының астанасы Бейжіңде болды».
Дұрыс жауап беруге жаттығу жолдарын ұсынамыз:
1) Өзіңіз жазған мазмұндама мәтінін қайта оқып шығыңыз.
2) Әр сөйлемнің мағынасын түсініп оқыңыз.
3) Сізден не сұралып отырғанын түсінуге тырысыңыз.
4) Жауабыңыз мәтіндегі мәселемен байланысты болу керек.
5) Жауапта сіздің пікіріңіз жүйелі, нақты, толық берілуі қажет.
6) Сөйлемдеріңіздегі сөздердің орын тәртібіне мән беріңіз. Қимыл иесі сөйлемнің басында, іс-
әрекет сөйлемнің соңында келуі тиіс. 
Рекомендации для выбора правильного ответа на заданные вопросы:
1) Перечитайте текст написанного Вами изложения.
2) Читая, вникайте в суть каждого предложения.
3) Постарайтесь понять, в чем суть вопроса.
4) Ответ должен быть связан с содержанием текста.
5) Ваш ответ должен быть целостным, конкретным и полным. 
6) Обратите внимание на порядок слов в предложениях. Лицо, производящее действие 
ставится в начале предложения, действие – в конце предложения. 
1. Олимпиадалық ойындардың тәртіпке келуі қай жыл?
Бұл  сұраққа  жауап  берерде  жалпы  олимпиада  не  екенін  есіңізге  түсіріңіз.  Сұрау  мағынасы 
«не?» деген есімдік арқылы беріліп тұр, ол сөз атау септігінде тұрғандықтан, жауап та сол 
формада болуы керек.
Мәтінде мынадай ақпарат бар: Олимпиада тарихы алыста жатыр. Олимпиадалық ойындардың 
тәртіпке түсуі – 1894 жыл.
Тәртіпке түсуі тіркесінің синонимін анықтаңыз.
Тарихы сөзінің мағынасын басқа сөзбен ауыстырыңыз.
Ойындардың сөзінің баламасын табыңыз.
Анықталған тірек сөздеріңіз арқылы сөйлем құрып, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көріңіз.
Жауап беруде өз ойыңызды қосуыңызға болады.
3
Мазмұндамадағы мәселеге қатысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жазу.
1) Жауабыңызда мазмұндамадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-сөз 
қайталауға болмайды. 
2) Сіз оларға балама сөздер (синонимдер) табуыңыз керек. 
3) Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут.
1) Отвечая на вопросы, не допускается дословное употребление слов и 
словосочетаний из текста. 
2) Необходимо заменить слова из текста на слова, близкие по значению.
3) Время на выполнение задания – 10 минут.

181
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
2. Олимпиадалық ойындар алғашқы рет қай елде өткізілді?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мәтінде не туралы айтылғанын еске түсіру керек. Сұрау мағынасы 
«қай ел+де» жатыс септігінде тұрғандықтан, жауап та сол формада тұруы керек. 
Мәтінде мынадай ақпарат бар: Бірінші олимпиадалық ойын 1896 жылы Грекия астанасы 
Афинада өткен.
Жауабыңыз сәтті болуы үшін мәтіндегі ақпаратты сөзбе-сөз қайталауға болмайды.
Бірінші сөзінің баламасын анықтаңыз.
Астанасы сөзін мағыналас түсінікпен ауыстырыңыз.
Өткен сөзін басқа сөзбен ауыстырыңыз.
Анықталған тірек сөздеріңіз арқылы сөйлем құрып, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көріңіз.
Жауап беруде өз ойыңызды қосуыңызға болады.
Жауабыңызда төмендегі қосымша мәліметті пайдалануыңызға болады.
1908 жылы IV олимпиадалық ойындар Лондон + да болды. 
1912 жылы V олимпиадалық ойындар Стокгольм+ де өтті.
1980 жылы ХХII олимпиадалық ойындар Мәскеу+де өткізілген.
2008 жылы XXIX олимпиадалық ойындар Пекин+де ұйымдастырылған.
3. Бірінші олимпиадада спорттың неше түрі болды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін «неше?» деген сауалға жауап іздейміз, ол нақтылықты талап 
етіп тұр. Мәтін мазмұнын еске түсірсек, мазмұндамада: «Онда 8 спорттық ойын түрінен жарыс 
болды» деген сөйлем жауап бола алады.
Жауабыңыз сәтті болуы үшін мәтіндегі ақпаратты беретін сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-
сөз қайталауға болмайды.
Онда, ойын түрі, жарыс сөздері мен сөз тіркестерінің баламаларын ауыстырып жазуға болады.
Анықталған тірек сөздеріңіз арқылы сөйлем құрып, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көріңіз.
4. Олимпиада өткізетін ел қандай болуы керек?
Сұрау  мәні  ел  сөзіне  қатысты  болып,  сын  есімнің  «қандай?»  сұрағы  арқылы  беріліп  тұр, 
ендеше жауап ңұсқасында ел сипаты анықталу керек. 
Мәтінде бұл туралы ақпарат былай берілген: Олимпиада өткізуші мемлекеттің экономикасы 
күшті болуы керек, 10 000 спортшы, 5000 журналист және бір миллион көрермен қабылдап, 
қызмет көрсетуі қажет.
Жауабыңыз сәтті болуы үшін мәтіндегі ақпаратты беретін сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-
сөз қайталауға болмайды.
Өткізетін, ел, экономикасы күшті сөздері мен сөз тіркестерінің баламаларын анықтаңыз.
Анықталған тірек сөздеріңіз арқылы сөйлем құрып, жоғарыдағы сұраққа жауап беріп көріңіз.
Жауап беруде өз ойыңызды қосуыңызға болады.
5. Олимпиада қай елдерде болды?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мәтінге сүйену керек немесе өзіңіз білетін мәліметіңізді қосуға 
болады. «Қай елдерде?» деген сұрақ құрылымында жатыс септігінің жалғауы болғандықтан, 
жауап нұсқасында да жатыс септігінің жалғауы тұруы керек, «елдерде» деп көптік жалғауымен 
беріліп тұрғандықтан, жауапта бір ғана емес, бірнеше ел туралы мәлімет болуы қажет. Мәтінде 
бұл  туралы  ақпарат  былай  берілген:  Комитеттің  бекітуімен  2004  жылы  шілдеде  Грекия 
астанасы Афинада ХХVІІІ олимпиада өтті. Ал ХХІХ олимпиада Бейжің қаласында өткізіледі.
Жауабыңыз сәтті болуы үшін мәтіндегі ақпаратты сөзбе-сөз қайталауға болмайды.
Бекітуімен, Бейжің қаласы, өткізілді сөздері мен сөз тіркестерінің баламаларын анықтаңыз. 
Анықталған баламаларды тірек сөз етіп, сөйлем құрастырыңыз.

182
Жоспар үлгісі
Тақырыпшалар
Тойға жиналған адамдар
Сауытбайдың үйіне жиналған адамдар.
Қымыз 
ішіп 
отырған 
ақсақал, 
қарасақалдар.
Төрде  отырған  аққұба,  шоқша  сақалды 
адам.
Ы. Алтынсариннің пікірі
Оқыту туралы әңгіме.
Жиынды  аузына  қаратып  отырған 
Ыбырай
«Өнер жастан шығады».
Шешім
Ауылдық мектепті ашу туралы шешім.
Жиын тарады.
Мектеп  ашылатыны  туралы  хабардар 
болу.
2-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста. 
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
Алғашқы мектеп
Сауытбайдың  тойына  көп  адам  жиналыпты.  Менiң  әкемдi  үлкен  ақ  боз 
үйге  түсiрдi.  Бiз  үйге  кiрсек,  жұрт  лық  толып,  қымыз  iшiп  отыр  екен.  Ақсақал, 
қарасақалдардың  алуан  түрi  осы  үйде.  Төрде  доп-домалақ,  қара  бiреу  отыр. 
Ол Тыржық деген бай екен, оның жанында тағы бiреу отыр, ол – осы ауылдың 
молдасы. Әрiректе аққұба, шоқша сақалды бiреу отыр. Бұл – Ыбырай Алтынсарин 
еді.
Бiз келiп отырғанда, балаларды оқыту туралы әңгiме болып жатты. Әңгiменi 
қозғап, бүкiл жиынды аузына қаратып отырған – Ыбырай. Жұрт үнсiз тыңдап қана 
отыр. Ыбырай өзiнiң сөзiнде ғылым да, өнер де оқуда екенiн түсiндiрдi. Ыбырай:
– Өзiмiз талпынып, өзiмiз еңбектенбесек, бәрiнен артта қаламыз. Заман өнерлi, 
бiлiмдi болуды талап етедi. Өткенге өкiнуiмiз пайдасыз. "Өнер жастан шығады", 
– деген үлкендер. Бүгiнгi таңда әуелi екi жылдық ауыл мектебiн ашуды көздеп 
отырмыз. Жастарды бiлiмге шақыруымыз керек. Балалар – бiздiң болашағымыз, 
– дедi.
Ыбырайдың сөзiнен соң жұрт біраз пiкiр алысты да, ауылдық мектеп ашылсын 
деген шешімге келдi.
Жиын тарауға айналды. Бiр топ адам жиналып, ойын болатын төбеге қарай 
кеттi.
Сонымен,  той  аяқталатын  мезгiл  де  келiп  жеттi.  Ауыл  ақсақалдары  өз 
адамдарын жинап алып, үйлеріне тарай бастады. Бiраз елдiң адамдары мектептiң 
ашылатынынан хабардар боп кеттi.
С. Көбеев бойынша
Мәтінді ойша үш бөлікке бөлейік. Ол үш бөлікті тағы да мағына беретін 
тақырыпшаларға ажыратайық. 
Мысалы:

183
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Жоспары:
1. Тойға жиналған адамдар
2. Ы. Алтынсариннің өз пікірі
3. Шешім
Мазмұндама жазуға көшіңіз, ол үшін:
1. Мәтіндегі тақырыпшаларды сұрақтарға ажыратыңыз.
2. Сұрақтарға жауап бере отырып, мазмұндама жазыңыз.
2
Тақырыпшалар
бағыттаушы сұрақтар
мазмұндама
Сауытбайдың үйіне 
жиналған адамдар.
Сауытбайдың үйіне кімдер 
жиналды?
Сауытбайдың үйіне біраз 
адамдар жиналды. 
Ішінде ақсақалдары да, 
қарасақалдары да бар.
Қонақтардың ішінде шоқша 
сақалды біреу отыр. 
Ол – ағартушы педагог Ыбырай 
Алтынсарин еді.
Қымыз ішіп отырған 
ақсақал, қарасақалдар.
Олардың ішінде кімдер бар?
Төрде отырған аққұба, 
шоқша сақалды адам.
Қонақтардың арасында кімдер 
бар?
Ол кім?
Балаларды оқыту 
туралы әңгіме.
Жиналған қонақтар не істеп 
отыр? 
Олар не туралы сөйлесуде?
Ол үшін не істеуіміз керек?
Жиналған қонақтар қымыз ішіп, 
әңгімелесіп отыр. 
Олар ауылда мектеп ашу 
керектігі жөнінде сөйлесуде. 
Ыбырай Алтынсарин өнер-білім 
жастардан шығады, сондықтан 
балаларды оқыту керектігі 
туралы айтып отыр.
Ол үшін өзіміз еңбектенуіміз 
керек дейді. Ауылда екі жылдық 
мектеп ашуға болады. Жастарды 
шақыру қажет. 
Ыбырай атамыз «Жастар – біздің 
болашағымыз», – деді.
Жиынды сөйлеп 
отырған Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин не деді?
«Өнер жастан 
шығады».
Ауылдық мектепті ашу 
туралы шешім.
Ыбырайды тыңдаған халық 
қандай шешімге келді?
Ыбырайды тыңдап болғаннан 
соң, халық ауылда мектеп ашу 
керек деген ойға келді. 
Жиын тарап, біраз адамдар 
ойынға кетті. 
Барлық адамдар ауылда мектеп 
салынатыны туралы естіді.
Жиын тарады.
Жиыннан кейін адамдардың 
біразы қайда кетті?
Мектеп ашылатыны 
туралы хабардар болу.
Барлық адамдар не туралы 
естіді?

184
Мазмұндамадағы мәселеге қатысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жазу.
Жауабыңызда мазмұндамадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін сөзбе-сөз 
қайталауға болмайды. 
Сіз оларға балама сөздер (синонимдер) табуыңыз керек. 
Тапсырманы орындау уақыты – 10 минут. 
1. Ыбырай Алтынсарин кім?
Ыбырай Алтынсариннің атына лайық сөздердің барлығын жатқызуға болады. Тарихта оның 
кім болғанын есімізге түсірейік.
Жауап үлгісі: 
1-нұсқа:  «Ыбырай  Алтынсарин  –  мұғалім  (ұстаз,  ағартушы,  жазушы,  аудармашы,  қоғам 
қайраткері)» деген жауап беруге болады немесе жауапты нақтылай отыра, қазақ халқының 
кімі деп түсініп, төмендегідей жауап нұсқасын ұсынған да жөн.
2-нұсқа:  Ыбырай  Алтынсарин  –  қазақ  халқының  алғашқы  (педагог-ағартушысы,  мұғалімі, 
алғашқы мектеп ашқан адамы, оқытушысы). 
Жауап  нұсқаларына  жақша  ішіндегі  кез  келген  сөзді  немесе  үтір  арқылы  барлығын  алуға 
болады.
2. Ыбырай Алтынсариннің туған жері қай өңір?
Жауап «қай?» есімдігі арқылы жасалып, бұл жерде нақты географиялық атауды талап етіп тұр.
«Өңір» сөзі аймақ, облыс, аудан, жер мағыналарына жақын.
3. Жиында ол не туралы айтты?
Сұрақ «не туралы айтты?» Атау септігін меңгеріп тұрған септеулік шылау мен «айтты» етістігі: 
-айт  –  түбір  етістік,  -ты  –  жедел  өткен  шақ  жұрнағы,  ендеше  жауаптағы  іс-әрекет  те  өткен 
шақта тұруы керек. Жауап берген уақытта «айтты?» сұрағына жауап беретін сөз баяндауыш 
болатындықтан, ол сөйлемнің соңында орналасуы керек екенін ұмытпаңыз. 
Сөздердің  орын  тәртібі  –  сөйлем  мүшелерінің  сөйлемде  орналасу  реті.  Сөздердің  орын 
тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің 
соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш 
өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем 
мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы да нормалық құбылыс болып табылады. 
4. Ыбырай балалар туралы не деді?
Ыбырайдың айтқан сөзін табу керек, оның жауабы мәтін ішінде болуы керек.
Жауабы:
1-нұсқа: «Өнер жастан шығады, біздің болашағымыз – балалар», – деді деп төл сөз түрінде 
жауап беруге болады.
2-нұсқа: Төл сөзді төлеу сөзге айналдырып, Ыбырай Алтынсарин өнер жастан шығатынын, 
балалар біздің болашағымыз екендігін айтты – түрінде жауап беруге болады.
5. Халық қандай оймен тарады?
«Қандай оймен?» деген сұрақ арқылы мәтінде сөз болған халықтың ойы туралы сұрап тұр, 
«тарады» (тара - түбір етістік, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы) етістігі өткен шақта тұр. Жауап 
берген кезде де етістіктің шақ категориясын өзгертпейміз. Сұрақ қай шақ формасында қойылса, 
жауап та сол шақта болу керек. 
Дәлме-дәл мәтін сөзімен жауап бермеу үшін, кейбір сөздердің баламасын ауыстыруға болады.
Жауабы:  Халық  (адамдар,  жұрт,  көпшілік)  мектепті  міндетті  түрде  ашу  керек  деген  оймен 
тарады (үйлеріне қайтты, үйді-үйге кетті).
3

185
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Жоспар құру үшін, мәтінді ойша бөліктерге бөліп, негізгі ойды анықтау қажет.
3-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста. 
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
мәдениет туралы түсінік
Мәдениет  (латын.  Cultura  –  өңдеу,  егу  деген  сөзінен  шыққан)  –  табиғат 
объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам 
еңбегінің  ерекшелігі,  оның  адамның  іс-әрекетімен  байланыстылығы,  адамның 
және  оның  қызметінің  бірлігі  негізделген.  Кейіннен  «мәдениет»  деген  сөз 
жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы 
ұғымда  мәдениеттің  мазмұнды  белгілері,  түсінігі  көрсетілді.  Мәдениет  –  адам 
жасаған «екінші табиғат». 
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның 
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде 
қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына 
әсер етеді, өзгертеді. Адамдар мәдениетті өз мақсатына пайдаланады. Болашақ 
қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда 
болады. 
Мәдениет  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдардың,  топтардың,  таптардың, 
жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес 
пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, 
тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста 
болу және т.б.
Бұл  талап-тілектер  қоғамдық  прогреске,  өрлеуге  тікелей  байланысты,  әр 
қоғамдық  кезеңде  жаңа  талап,  тілектер  пайда  болады,  өндіріс  құралдары 
дамиды.  Мәселен,  бір  кездерде  жазба  әдебиеті  болмады,  соның  нәтижесінде 
фольклор  қалыптасты,  кейінірек  білім  қалыптасып,  жазудың  шығуы  жаңа 
талап  қойды.  Бүкіл  құндылықты,  мифті  жазып  қалдыру  талабы  пайда  болды. 
Информатика  дамыды,  оларды  микрофон,  магнитофон,  компьютерге  түсіру 
арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, 
жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс 
мәдениет қалыптаспайды. Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы 
күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен 
қоғам талабы тікелей байланысты. Мәдениет – адамның өмір сүру мақсаты мен 
құндылық жүйесі.
«Парасат» журналынан

186
мәтін бөліктері
Негізгі ой
жоспар
Мәдениет (латын. Cultura – өңдеу, егу деген 
сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның 
әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде 
адам  еңбегінің  ерекшелігі,  оның  адамның  іс-
әрекетімен  байланыстылығы,  адамның  және 
оның  қызметінің  бірлігі  негізделген.  Кейіннен 
«мәдениет»  деген  сөз  жалпылық  маңыз  алды, 
адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. 
Осы  ұғымда  мәдениеттің  мазмұнды  белгілері, 
түсінігі  көрсетілді.  Мәдениет  –  адам  жасаған 
«екінші табиғат». 
Мәдениет, 
адамның әрекеті 
арқылы жасалатын 
өзгерістер, 
адам еңбегі, адам 
іс-әрекеті, оның 
қызметінің бірлігі, 
жалпылық маңыз, 
жасағанның 
бәрін, мазмұнды 
белгілері, «екінші 
табиғат» 
Мәдениет – 
«екінші табиғат»
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты 
мен  құндылық  жүйесі,  адамның  өмір  сүрген 
ортамен  қарым-қатынасы.  Ол  –  өзара  қарым-
қатынас  нәтижесінде  қалыптасатын  ерекше 
құбылыс. 
Адамдар  өздерін  қоршаған  ортаға,  оның 
әлеуметтік  және  мәдени  қатынасына  әсер  етеді, 
өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. 
Болашақ  қоғамға,  ұрпаққа  мұра  етіп  қалдырады, 
ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
Өмір сүру 
мақсаты, құндылық 
жүйесі, қарым-
қатынас негізінде 
қалыптасады, 
қоршаған 
ортаға әсер 
етеді, мақсатқа 
пайдалану, ұрпаққа 
мұра етіп қалдыру
Мәдениет пен 
адам тығыз 
байланысты
Мәдениет 
әртүрлі 
әлеуметтік 
құрылымдардың, 
топтардың, 
таптардың, 
жіктердің,  ұлттардың,  жеке  адамдардың  өмір 
сүру  жағдайына,  талабына  сәйкес  пайда 
болып,  қалыптасады.  Мысалы:  аң  аулау,  еңбек 
құралдарын  жасау,  от  жағу,  тамақ  пісіру,  киіну, 
жарасымды  өмір  сүру,  екінші  біреуге  ұнау, 
ортамен қатынаста болу және т.б.
 Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге 
тікелей  байланысты,  әр  қоғамдық  кезеңде 
жаңа  талап,  тілектер  пайда  болады,  өндіріс 
құралдары  дамиды.  Мәселен,  бір  кездерде 
жазба  әдебиеті  болмады,  соның  нәтижесінде 
фольклор  қалыптасты,  кейінірек  те  білімнің 
қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. 
Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы 
пайда  болды.  Информатика  дамыды,  оларды 
микрофон,  магнитофон,  компьютерге  түсіру 
арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет 
әлеуметтік  құрылымдардың,  жеке  адамның 
тілегіне,  талабына  сәйкес  қалыптасты.  Қоғамда 
адам  тілегінен  тыс  мәдениет  қалыптаспайды. 
Мәдениет  –  әлеуметтік  фактор,  қоғамның 
қозғаушы  күші.  Мәдениеттің  дамуы  қоғамды 
ілгері  жылжытады.  Жеке  адам  мәдениеті  мен 
қоғам  талабы  тікелей  байланысты.  Мәдениет  – 
адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі.
Әлеуметтік 
құрылым, тап, 
жіктердің, 
ұлттардың, жеке 
адамдардың, өмір 
сүру жағдайына, 
мәдениет 
байланысты, әр 
қоғамда жаңа 
тілек-арман 
болады, дамиды, 
жаңалық пайда 
болады, өндіріс 
құралы дамиды, 
адам тілегінен тыс 
болмайды
Мәдениет – 
адамның өмір 
сүру мақсаты 
мен құндылық 
жүйесі.
Мәдениет – 
адамның өмір 
сүру мақсаты 
мен құндылық 
жүйесі.

187
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Мазмұндаманың жоспарына жоба төмендегідей болады:
1. Мәдениет – «екінші табиғат».
2. Мәдениет пен адам тығыз байланысты.
3. Мәдениет – адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі.
Мәтін мазмұнына қатысты жоспар құрыңыз.
Мазмұндама жазу үшін жоғарыда айтылған тірек сөздер мен анықталған жоспарды 
біріктіру қажет.
2
Тірек сөздер
Жоспар
Мазмұндама жобасы
Мәдениет, адамның 
әрекеті арқылы 
жасалатын өзгерістер, 
адам еңбегі, адам іс-
әрекеті, оның қызметінің 
бірлігі, жалпылық маңыз, 
жасағанның бәрін, 
мазмұнды белгілері, 
«екінші табиғат» 
Мәдениет – «екінші 
табиғат»
Мәдениет – адамдардың 
әрекеті арқылы жасалатын 
өзгерістер. Бұл түсінік негізінде 
мәдениет пен адам еңбегінің 
бірлігі жатыр. Кейін бұл мағына 
жалпыланды да, адамның барлық 
жасағандары «мәдениет» сөзіне 
біріктірілді.
Мәдениет – адам жасаған "екінші 
табиғат". 
Өмір сүру мақсаты, 
құндылық жүйесі, 
қарым-қатынас негізінде 
қалыптасады, қоршаған 
ортаға әсер етеді, 
мақсатқа пайдалану, 
ұрпаққа мұра етіп 
қалдыру
Мәдениет пен адам 
тығыз байланысты
Мәдениет әр түрлі таптардың, 
топтардың, жіктердің, 
халықтардың мүддесіне қызмет 
етеді. Мәдениет арқылы 
адамдар қоршаған ортаға әсер 
етеді. Ұрпақтарына мұра етіп 
қалдырады.
Әлеуметтік құрылым, тап, 
жіктердің, ұлттардың, 
жеке адамдардың, 
өмір сүру жағдайына, 
мәдениет байланысты, 
әр қоғамда жаңа 
тілек-арман болады, 
дамиды, жаңалық пайда 
болады,өндіріс құралы 
дамиды, адам тілегінен 
тыс болмайды
Мәдениет – адамның 
өмір сүру мақсаты 
мен құндылық жүйесі.
Информатика дамыды, 
компьютерлер енді. Мәдениет 
жеке адамның тілегіне, талабына 
сәйкес қалыптасты. Әрқашан 
жаңалықтар пайда болып 
отырады. Өндіріс құралдары 
дамыған сайын мәдениет те 
дамиды. Мәдениеттің дамуы 
қоғамды алға жылжытады.

188
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді бір-
біріне байланыстыра жауап жазу. 
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с другом.
1. Мәдениет дегеніміз не?
«Не?»  арқылы  беріліп  тұрған  сұрақ  «мәдениет»  сөзіне  түсінік  беруді  талап  етеді.  Мәтін 
мазмұны бойынша біз 
1.  Мәдениет  (латын.  Cultura  –  өңдеу,  егу  деген  сөзінен  шыққан)  –  табиғат  объектісіндегі 
адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер деген сөйлемді аламыз. 
2. «Мәдениет» араб тіліндегі «мудун» сөзінен шыққан; біздің түсінігіміздегі «қала» мағынасын 
берсе, «медэни» – «қала тұрғыны» деген ұғымды меңзейді. Осыдан «мәдениет» деген сөз 
пайда болған.
3. Енді «мәдениет» – «өркениет» және «қоғамдық-экономикалық формация», «жаһандану» 
деген ұғымдармен түйіседі. Сіздің жауабыңызда сіз өзіңіз «мәдениет» сөзін қалай түсінетініңізді 
жазуыңыз керек. Жауабыңыз мына формада болуы мүмкін:
Менің ойымша, мәдениет – ... .
2. Неліктен мәдениет – адам жасаған екінші табиғат деп те аталады?
Бұл  сұраққа  жауап  берерде  жалпы  табиғат  –  бізді  қоршаған  орта  екенін  көз  алдымызға 
елестетеміз. Адамның табиғатсыз күні жоқ.
Сіздің  жауабыңыз:  Мәдениет  –  екінші  табиғат,  өйткені  ...  деп  өз  дәлелдемелеріңізді  алға 
тартқаныңыз жөн. 
3. Адамдар қоршаған ортаға қалай әсер етеді, мәдениетке мұның қатысы бар ма?
Мәдени  әрекет  деп,  әдетте,  мәдениет  игіліктерін  өндіруге,  таратуға,  тұтынуға  бағытталған 
мақсатқа  сәйкес  әлеуметтік  іс-қимылдарды  атайды.  Мәдени  игіліктерді  толассыз  жасау 
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Адамның тікелей әсері туралы кеңірек 
жауап беруге болады. Мысалы:
1. Адамдар ерте кезден-ақ тасты өңдеді.
2. Қару-жарақ жасады.
3. Тасқа қашап сурет салды.
4. Жан-жануарларды қолға үйретті.
5. Олардың терісінен, жүнінен өзіне қажетті көп нәрселерді жасады.
6. Заман дамыған сайын, жаңалықтар енгізіп, өз шеберлігін арттырып отырды.
7. Табиғаттан алынған заттардың барлығын өз қажетіне жұмсады.
4. Қоғамда адам тілегінен бөлек мәдениет қалыптаса ма?
Бұл сұраққа жауап бергенде, мәтінді, мәтіннен бөлек өз дүниетаным көкжиегі бойынша бар 
біліміңізді пайдаланып, жауап беруге болады. Жауабыңызда сұрақ негізін растауға немесе 
жоққа шығаруыңызға болады. Сөйлеміңіз: иә/жоқ модаль сөздерінен басталуы мүмкін.
5. Мәдениет қоғамды қалай алға жылжытады?
Бұл  сұраққа  жауап  бергенде  қоғамды  алға  жылжытушы,  экономиканы  өркендетуші,  адам 
өмірін жеңілдетуші, жаһандануға жақындатушы факторлар туралы айтуға болады.

189

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет