Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
4-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста. 
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
1
марқакөл қорығы
Жер-Ана  бәрімізге  ортақ.  Оның    бетінде    болатын    табиғи    ауытқушылық 
ғаламшарды мекен етушілердің бәріне бірдей зардабын тарттырады. Сондықтан 
Қазақстандағы  әрбір  өлкенің  табиғатын  аялау,  оған  сүйіспеншілікпен  қарау 
табиғатты аялау сезімін оятады. 
Осындай Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. 
Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 
метр. 
Басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы 
орманда  аңдар  мен  құстардың  60-қа  жуық  түрі  тіршілік  етеді.  Қазір  Марқакөл 
көлі  мен  оның  төңірегіндегі  орманды  алқап  қорыққа  айналдырылған.  Өлкенің 
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған. 
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-
тынысын  бақылайды.  Қыста    аңдар  қосымша  азықтандырылады,  өйткені 
Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден 
үйреніп алған. 
Қар қалың жауған жылдары  олар  таудан  түсіп, елді  мекендерге жақын жерге 
жайылады. 
Табиғатты  қорғау  жақсы  нәтижелер  бере  бастады,  өйткені  Марқакөлде  бүкіл 
Ертіс  өңірінің  қарағайлы  орманы  мен  қуаң  даласын  мекендейтін  марал,  қызыл 
қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады. Аң-құстарға 
қамқорлық жасау Қазақстан мемлекетінде табиғатты қорғау, табиғат байлықтарын 
көбейту мақсатында ұйымдастырылған. 

190
Бөліктер
Тірек сөздер
Жоспар
Жер-Ана бәрімізге ортақ. Оның 
бетінде болатын табиғи ауытқушылық 
ғаламторды мекен етушілердің 
бәріне бірдей зардабын тарттырады. 
Сондықтан Қазақстандағы әрбір өлкенің 
табиғатын аялау, оған сүйіспеншілікпен 
қарау табиғатты аялау сезімін оятады.
Табиғи 
ауытқушылықтар, 
мекен етушілер, 
зардабын 
тарттырады, 
әрбір өлкенің 
табиғатын аялау, 
сүйіспеншілікпен 
қарау
Жер-Ананы қорғайық
Осындай Ертіс өңіріндегі көрікті әрі 
табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің 
аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 
1434 метр биіктікте орналасқан. Оның 
тереңдігі – 27 метр. 
Басты байлығы – халық «майқан» деп 
атайтын қызыл балық. Айналасындағы 
орманда аңдар мен құстардың 60-қа 
жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл 
көлі мен оның төңірегіндегі орманды 
алқап қорыққа айналдырылған. Өлкенің 
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі 
қорғауға алынған.
Ертіс өңірі, бай өлке, 
Марқакөл аймағы, 
биіктігі 1434 метр, 
тереңдігі 27 метр, 
басты байлық, 
майқан балығы, 
Марқакөл төңірегі, 
орманды алқап, 
қорыққа айналған, 
өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі
Марқакөл байлығы
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер 
аңдарды есепке алады, олардың 
тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста 
аңдар қосымша азықтандырылады, 
өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі 
ұзақ. Адамдардың қамқорлығына 
жануарлар әбден үйреніп алған. 
Қар қалың жауған жылдары олар таудан 
түсіп, елді мекендерге жақын жерге 
жайылады. 
Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер 
бере бастады, өйткені Марқакөлде 
бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы 
мен қуаң даласын мекендейтін марал, 
қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті 
қоңыр аюды да кездестіруге болады.
Аңшылар 
мен ғылыми 
қызметкерлер, 
қосымша азық, 
қатты қыс, таудан 
түсу, елді мекенге 
жақындау, табиғатты 
қорғау шаралары, 
қарағайлы орман, 
қуаң дала, марал, 
қызыл қасқыр, қоңыр 
аю, кездестіру
Қазақстан – бай өлке
Аң-құстарға қамқорлық жасау Қазақстан 
мемлекетінде табиғатты қорғау, табиғат 
байлықтарын көбейту мақсатында 
ұйымдастырылған.
Аң-құстарға 
қамқорлық жасау, 
табиғат байлығын 
көбейту
Табиғатты қорғау 
шаралары
Мәтін мазмұнына қатысты жоспар құрыңыз.
Жоспарды құру үшін мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, тірек сөздерді 
анықтауымыз керек:
2

191
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Жоспар құрылды:
1. Жер-Ананы қорғайық
2. Марқакөл байлығы
3. Қазақстан – бай өлке
4. Табиғатты қорғау шаралары
Жоспар
Тірек сөздер
Мазмұндама жобасы
Жер-Ананы 
қорғайық
Табиғи ауытқушылар, 
мекен етушілер, 
зардабын тарттырады, 
әрбір өлкенің 
табиғатын аялау, 
сүйіспеншілікпен қарау.
Жер-Ана бәрімізге ортақ. Жер бетінде 
болатын табиғи ауытқушылықтардан 
оның бетін мекендейтіндердің барлығы 
қиындық көреді. Сондықтан да еліміздің 
әр өңірінде мекен ететін аң-құстар 
қамқорлыққа алынады. Адамдар 
табиғатқа сүйіспеншілікпен қарап, оны 
аялауы керек.
Марқакөл 
байлығы
Ертіс өңірі, бай өлке, 
Марқакөл аймағы, 
биіктігі 1434 метр, 
тереңдігі 27 метр, 
басты байлық, майқан 
балығы, Марқакөл 
төңірегі, орманды 
алқап, қорыққа 
айналған, өсімдіктер 
мен жануарлар 
дүниесі.
Ертіс өңіріндегі ең бай өлкенің бірі – 
Марқакөл аймағы. Оның теңіз деңгейінен 
биіктігі –1434 метр, тереңдігі 27 метр 
екен. Бұл өлкенің басты байлығы – 
майқан балығы. Көлдің айналасы 
қорыққа айналған. Өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі өте бай.
Қазақстан – бай 
өлке
Аңшылар мен ғылыми 
қызметкерлер, 
қосымша азық, қатты 
қыс, таудан түсу, елді 
мекенге жақындау, 
табиғатты қорғау 
шаралары, қарағайлы 
орман, қуаң дала, 
марал, қызыл қасқыр, 
қоңыр аю, кездестіру.
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер 
осындағы жануарларды қамқорлыққа 
алған. Қыста оларға азық береді. 
Жануарлар адамдардан қорықпайды. 
Қыстың қатты аяздарында азық табу 
қиын болғандықтан, олар адамдар 
беретін азықпен қоректенеді. Осындай 
қамқорлықтың арқасында Қазақстан 
байлығы көбеюде. Бұл өңірдің 
ормандары мен қуаң даласынан марал
қасқыр, бұлан, бұғы, қоңыр аюды 
кездестіруге болады.
Табиғатты қорғау 
шаралары
Аң-құстарға қамқорлық 
жасау, табиғат 
байлығын көбейту.
Аң-құстарға қамқорлық жасау – табиғатқа 
қамқорлық жасау. Осындай шаралардың 
арқасында ғана табиғат байлығы 
көбейе береді. Табиғатты қорғау – біздің 
міндетіміз.
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді 
бір-біріне байланыстыра жауап жазу. 
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с другом.
3

192
1. Табиғи ауытқушылықтар дегеніміз не?
Мәтінде  мынадай  мәлімет  бар:  «Жер-Ана  бәрімізге  ортақ.  Оның  бетінде  болатын  табиғи 
ауытқушылық  планетаны  мекен  етушілердің  бәріне  бірдей  зардабын  тарттырады».  Нақты 
жауап жоқ. Бұл сұраққа жауап беру үшін «ауытқу» деген сөздің мағынасын ашып алуымыз 
керек. 
2. Адамдардың табиғатқа деген қамқорлығы туралы айтыңыз.
Мәтінде  мынадай  ақпарат  бар:  «Аңшылар  мен  ғылыми  қызметкерлер  аңдарды  есепке 
алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдарға қосымша азық береді, өйткені 
Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ». Жауабыңызда мәтін мәліметін сөзбе-сөз қайталамау үшін 
төмендегі сөздердің баламасын анықтап алыңыз:
• аңшылар мен ғылыми қызметкер;
• есепке алады;
• тіршілік-тынысы;
• бақылайды;
Сөйлем  құрастырғанда,  жоғарыдағы  сөздердің  баламаларын  қолдана  отырып,  сөйлем 
құрастырыңыз.
3. Марқакөл қай жерде орналасқан?
Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  мәтіндегі  географиялық  атауларды  еске  түсіруіңіз  керек.  Қай 
облыс, өңір екендігін есіңізге түсіріңіз.
4. Марқакөлдің басты байлығы не?
Мәтінде  не  туралы  айтылғандарды  еске  түсіріп,  жауап  берген  уақытта  «не?»  сұрағы 
арқылы  берілгендіктен,  жауап  беретін  кезде  атау  тұлғада  қоюды  ескерген  жөн.  Мәтінде 
мынадай мәлімет келтірілген: «Басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. 
Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл 
көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған. Өлкенің өсімдіктер мен 
жануарлар дүниесі қорғауға алынған».
Жауабыңызда «қызыл балық, аңдар мен құстар, өсімдіктер» сөздерінің барлығын бір сөйлемге 
біріктіруіңізге болады.
5. Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
Бұл сұрақ өз көзқарасыңызды білдіруіңізді талап етеді. Төмендегі мәліметтерді басшылыққа 
алыңыз:
- табиғат байлықтарын: орман-көлдерді, тау-кенді қорғау;
- табиғат аясында тіршілік ететін аң-құстарға қамқорлық жасау;
-  табиғатты  адам  игілігіне  жұмсау  үшін,  оны  тілсіз  жаулардан  қорғау.  Анықталған  тірек-
сөздермен сөйлем құраңыз.
5-нұсқа
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдайсыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения в соответствии с содержанием текста. 
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
балуан Шолақ
Баймырзаұлы  Балуан  Шолақ  –  қазақтың  халық  композиторы,  ат  ойынының 
түрлі  тәсілін  меңгерген  өнерпазы,  күш  өнерін  көрсеткен  спортшысы,  жауырыны 
жерге  тимеген  балуаны.  Оның  есімін  халық  осы  соңғы  өнеріне  сүйсінгендіктен 
еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп 
атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Әкесі 
Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі 
болған дейді. «Алып – анадан туады» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына 
тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
1

193
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
14  жасынан  бастап  күреске  түсіп,  ат  құлағында  ойнаған  спортшы  болған, 
шауып  келе  жатқан  ат  үстінде  әртүрлі  күрделі    жаттығуларды  шебер 
орындаған. Мысалы, жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен 
тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып 
шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың 
далалық  цирк  өнерінің  іргетасын  қалағандығын  айғақтайды.  Көкшетау 
қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң 
қалдырған. 1899 ж. орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын 
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, 
жігіт шағында ол осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған 
соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады 
және  жалғыз-жарым  жүрмей,  маңына  әнші-күйші,  палуан,  өнерлі  жастарды 
жинайды.  Топ  құрып,  «ансамбль»  болып  сауық  құру  Балуан  Шолақтың 
дәстүріне айналған.
Енді мәтінді бөліктерге бөлеміз де, үзіндіге ат қоямыз.
Поделим текст на три части, озаглавим микротексты.
Мәтін
Жоспар
Баймырзаұлы Балуан Шолақ – қазақтың халық композиторы, 
ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін 
көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. 
Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен 
еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты 
«Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып 
қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Әкесі Баймырза ағаш шебері 
болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі 
болған дейді. «Алып – анадан туады» деген ғой, Балуан Шолақ 
та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 
Алып анадан 
туады
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құлағында ойнаған 
спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әртүрлі күрделі 
жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан 
ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан 
өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы 
бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, 
қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын 
айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт 
кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. 
Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын 
сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
 
Ат құлағында 
ойнаған 
алғашқы қазақ 
цирк әртісі
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. 
Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар 
дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген 
қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және 
жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі 
жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру 
Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
 
«Жігітке жеті 
өнер аз»

194
Жоғарыдағы сызбадан көргеніміздей, мазмұндаманы баяндау жоспары 
мынадай болады:
1. Алып-анадан туады.
2. Ат құлағында ойнаған алғашқы қазақ цирк әртісі.
3. «Жігітке жеті өнер аз».
Мазмұндама жазу үшін құрылған жоспар, тірек сөздерді пайдалана отыра, 
өз ойымызды білдіретін шығармашылық жұмыс орындаймыз. Шамамен ол 
төмендегідей жұмыс үлгілерінен тұрады:
2
Жоспар
Тірек сөздер мен сөз 
тіркестері
Мазмұндама
Алып анадан туады Балуан Шолақ, ат 
өнерін танитын, 
композитор, әнші, 
балуан,үсіген саусақ, 
Нұрмағанбет, әкесі 
Баймырза, анасы 
Қалампыр, ірі адам, 
анасына тарту
Ат өнерін жақсы білген Балуан Шолақ 
дарынымен қатар композитор, әнші, 
балуан болған. Оның шын аты - 
Нұрмағамбет. Кішкентай кезінде 
саусағын үсіріп алғандықтан, халық 
оны Балуан Шолақ деп атап кеткен. 
Әкесі Баймырза, анасы Қалампыр. 
Әкесіне қарағанда анасы ірі денелі, 
қарулы адам болыпты дейді. Балуан 
анасына тартып, кішкентай кезінен 
алып күш иесі атанған.
Ат құлағында 
ойнаған цирк әртісі
14 жас, күрес, 
күрделі жаттығу, 
ат үстінде тұру, 
астынан өту, епті 
шеберлік, Көкшетау 
қаласындағы, 
51 пұт кір, тасын 
көтеріп, жұртты таң 
қалдырған. 1899 ж. 
Орыс палуаны Иван 
Кореньмен күресіп, 
оның қабырғасын 
сындырған. Жасы  
35-те еді
Балуан Шолақ 14 жасынан бастап 
түрлі сайыстарға қатысып отырған. 
Ат құлағында ойнай алған қазақтан 
шыққан тұңғыш цирк әртісі деуге әбден 
болады. Көкшетау қаласында өткен бір 
сайыста 51 пұт тасты көтеріп, жұртты 
таңдандырғаны бар.1899 жылы орыс 
палуаны Иван Кореньмен күресіп, 
жеңген. Ол кезде жасы 35-те еді.
«Жігітке жеті өнер 
аз»
Ән-күйге жаны құмар 
болу, екі өнерді қатар 
ұштау, Ғаникейге 
үйлену, ел аралау, 
әнші-күйші, палуан, 
өнерлі жастарды 
жинау, «ансамбль», 
топ құру
Күрес, ауырлықты көтерумен қатар ол 
жастайынан ән өнеріне жақын болған. 
Қасына ақындарды ертіп, салдық 
өмір кешкен. Бірінші рет «ансамбль» 
түсінігі қазақ даласында Балуан Шолақ 
есімімен байланысты болған.

195
ЖАЗ
ылым
 
бөлігі
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде сөйлемдерді 
бір-біріне байланыстыра жауап жазу. 
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с другом.
1. Балуан Шолақ кім?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мәтіндегі және өз жадыңыздан білетін ақпараттарды пайдаланып, 
«кім?» деген сұраққа атау тұлғалы сөздерді қою арқылы жауап беруге болады.
2. «Алып анадан туады» дегенді қалай түсінесің?
Бұл сұраққа жауап берерде Балуан Шолақтың анасына тартқан алып күш иесі екендігін алға 
тартуға болады, жауабыңызға сұрау мәнін тудырып тұрған сөйлемді толық қойып, құрмалас 
сөйлемге айналдырып, жалғастыруға болады. Сонда жауабыңыздың үлгісі:
«Алып анадан туады», өйткені ... деп жалғастырасыз.
3. Балуан Шолақтың тағы қандай өнері болды?
Сұрақ «қандай?» сын есім арқылы беріліп тұр, осы сұраққа жауап болатын Балуан Шолақтың 
барлық өнерін тізбектеп жазуға болады.
Жауабыңыз: Балуан Шолақтың ... , ... , ... сияқты өнерлері болды.
4. Балуан Шолақ қазақ елінде ғана танымал болды ма?
Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  қосымша  ақпаратты  қарастыру  керек.  Мәтінде  оның  Ресей 
палуанымен күрескендігі туралы айтылған, ендеше ол тек қана қазақтардың арасында ғана 
танымал болған жоқ. Тағы да басқа мәліметтерді білсеңіз, қосуыңызға болады. Жауабыңыз: 
Балуан Шолақты қазақ елі, ... , ... елдерінде таныды.
5. Қазақтың тағы қандай әнші-композиторлары бар?
ХІХ ғасырда қазақ даласында әнші-композиторлар көп болды. Олар Біржан сал Қожағұлұлы, 
Ақан сері, Жаяу Мұса.
Жауабыңыз: Қазақтың әнші – композиторлары-... , ... , ... .

196
Жазылым бөлігі. 
қорытынды тапсырмалар
блок Письмо. 
Итоговые задания
3
бәсеке
Компакт-дискіден аудиожазбаны тыңдаңыз.
Мазмұндама мәтінін екі рет тыңдаңыз.
Мәтін мазмұнына сәйкес жоспар құрыңыз.
Мазмұндама соңында берілген мәтін мазмұнын ашатын 5 сұраққа жазбаша 
жауап беріңіз.
Прослушайте аудиозапись на компакт-диске.
Прослушайте текст изложения два раза.
Составьте план изложения. 
Письменно ответьте на 5 вопросов, раскрывающих содержание текста.
Жоспар құрыңыз.
Мазмұндамадағы мәселеге байланысты берілген сұрақтар негізінде 
сөйлемдерді бір-біріне байланыстыра жауап жазу. 
Ответить на вопросы по теме изложения, объединив предложения друг с 
другом.
1. Бәсеке деген не?
2. Бәсекенің қырлары қандай?
3. Бәсекенің нышандарын қайдан байқауға болады?
4. Адамгершілік тұрғыға жатпайтын бәсеке дегенді қалай түсінесіз?
5. Өркениетті қоғамда бәсекенің сипаты қандай болу керек деп ойлайсыз? 
1
2
3

197
қОС
ым
ША
л
АР

Қосымшалар
Приложения
V
тарау

199
қОС
ым
ША
л
АР
Тыңдалым бөлігінің қосымшасы
Приложение к блоку Аудирование
1
Тыңдалым  бөлігі  бойынша  мәтіндегі  ақпараттарды  есте  сақтауға,  дұрыс  және 
қате ақпараттарды анықтауға, сәйкесін табуға арналған жаттығулар ұсынылады. 
1-диалог
- Мен қазақ тілін үйрететін курсқа жазылайын деп едім.
- Сіз қазақша жақсы сөйлеп тұрсыз ғой!
- Иә, бірақ мен көп сөздерді түсінбеймін. Көп сөздерді досымнан үйрендім.
- Досыңыз қазақ па?
- Иә, біз көрші тұрамыз. Біздің отбасымыз жақында көшіп келді. Сондықтан мен 
қазақша аз білемін. 
- Жарайды, талабыңыз оң болсын. Аты-жөніңіз кім?
- Иванов Сергей.
- Жасыңыз нешеде?
- Он бестемін. Мен алфавиттен бастап үйренгім келеді.
- Сізді түсіндім, Сергей. Бастауыш топқа тіркелесіз ғой. 
- Иә. Мен енді қашан келейін?
-  Топ  жиналған  соң,  сізге  өзіміз  хабарласамыз.  Телефоныңыздың  нөмірін 
қалдырыңыз. Бір аптаның ішінде белгілі болады.
- Сізге көп рақмет! Сау болыңыз!
- Көріскенше!
Диалог мазмұны бойынша тапсырмалар
Тестовые задания по содержанию диалога
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
1
Сергей қазақ тілін
Сергейдің жасы
Сергейдің досы
Сергей қазақша
жақсы біледі.
қазақ.
үйренгісі келеді.
он бесте.
Мәтін мазмұны бойынша дұрыс және қате ақпараттарды анықтап, кестені 
толтырыңыз.
Заполните таблицу, определив достоверность информации.
2
Дұрыс 
ақпарат
Қате ақпарат Мәтін мазмұны бойынша ақпараттар
1. Сергей тіл үйренудің қажеті жоқ деп ойлайды.
2. Сергей қазақ тілін досынан үйренгісі келеді.
3. Сергей тіл үйрету курсына жазылды.
4. Сергейдің досы қазақша білмейді.
5. Сергей қазақ тілі курсына жазылды.
6. Сергей – университеттің студенті.
7. Сергей бастауыш топқа тіркелді.
8. Сергейдің досы – қазақ.

200
2-диалог
- Әмин аға, спорт мектебі жоқ ауылда оқып, үлкен спортқа қалай келдіңіз?
- Менің бала кезімде біздің ауылда мектеп болған жоқ. 7-10 шақырым 
қашықтықтағы көрші ауылға жаяу қатынап оқыдық. Бір топ бала ауылдан жаяу-
лап шығамыз. Кейде тым ерте барып алып, таң ағарып атқанша күтеміз. Сабақтан 
кештеу шыққан күндері ауылға күн батпай жету үшін, аяғымыз аяғымызға тимей* 
жарыса жүгіреміз. Мен сол, о бастан жаяу жүргенді, жүгіргенді ұнататын едім. 
Үлкен спортқа келуіме А.М. Куликова деген жаттықтырушым себепкер болды. 
- Бұл студент кезіңіз ғой?
- Иә, 1956 жылы Атырау педагогикалық институтында оқып жүрген кезімде 
республикалық спартакиадаға жолдама алдым. Сол жолы Қазақстан құрамасына 
қабылдандым. 1959 жылы 100-200, 400 метрге жүгіруден Қазақстанның чемпи-
оны атандым. 1965 жылы 200 метрге жүгіруден Кеңестер Одағының рекордын 
жаңарттым.
* аяғы аяғына тимеу – тез жүгіру, жылдам жүру
Диалог мазмұны бойынша тапсырмалар
Задания по содержанию диалога
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по содержанию текста.
1. Сұхбат беруші кім?
2. Әмин Тұяқов спорттың қай түрінен рекорд жаңартты?
3. А.М. Куликова кім?
4. Ә. Тұяқов қайда оқыған?
Сәйкесін табыңыз.
Найдите соответствие.
1
2
1956 жылы
1956 жылы
1959 жылы
1965 жылы
Қазақстанның чемпионы атанды.
Қазақстан құрамасына қабылданды.
Кеңестер Одағының рекордын жаңартты.
республикалық спартакиадаға жолдама алды.
3-диалог
-  Мамырдың  24-і  күні  Астанада  қыздар  арасындағы  бокстан  Азия  чемпионаты 
басталды. Еліміздің бас қаласында өтіп жатқан сыннан қандай үмітіңіз бар?
- Қазақстан боксшылары 3 алтын алуға дәмелі. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып 
отырған  қыздар  арасындағы  бокстан  Азия  чемпионатында  11  салмақ  бойынша 
жүлде сарапқа салынады. Астанадағы бокс бәсекесіне 16 елден 86 спортшы келген. 
Әрине, өткен жылдармен салыстырғанда бұл спорт түріне қызығушылықтың артып 
отырғанын байқауға болады. Оның басты себебі – Лондон Олимпиадасына қыздар 
боксының еніп отырғандығы екені белгілі. 
- Құрамалардың жағдайы туралы не айтасыз?
-  Азияда  Үндістан  қыздары  жақсы  нәтижелерімен  топ  бастап  жүр.  Мысалы,  бұл 
елдің Мэри Ком есімді қызы әлемнің төрт дүркін* жеңімпазы. Оңтүстік Корея мен 
Қытай спортшылары да Азиядағы үздіктердің қатарында. Бұл елдер Астанаға мықты 
құраммен келген. Соған қарамастан, біздің қыздар да алдарына үлкен мақсат қойып 
отыр.
- Біздің құраманың басты қарсыласы кімдер?
-  Үндістан,  Қытай,  Солтүстік  Корея  елдерінің  боксшылары.  Әзірше  жеребе 
отандастырымыздың бағына орай, біз үшін оңтайлы* түскен. Үндістан құрамасымен 

201

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет