Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы


Ауыспалы келер шақ етістік (-атын, -етін, -йтын, -йтін)



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата17.11.2019
өлшемі3,42 Mb.
#51957
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1


Ауыспалы келер шақ етістік (-атын, -етін, -йтын, -йтін)
1-жаттығу
Қажетті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Дополните предложения, вставляя нужные аффиксы.
1. Шәкірттер тарихшы ағайдың дәрісін сүйіп мұқият тыңда... болар. 2. Ертең жаңбыр 
жау... сияқты. 3. Осы айда ауа райы жылынып кет... тәрізді. 4. Ағам бүрсігүні 
Астанаға бар... шығар. 5. Біздің апайымыз осы жиналыста сөйле... болар. 
қажетті қосымшалар: -атын, -етін, -йтын, -йтін
Жауабы:
1. Шәкірттер тарихшы ағайдың дәрісін сүйіп мұқият тыңдайтын болар. 2. Ертең 
жаңбыр жауатын сияқты. 3. Осы айда ауа райы жылынып кететін тәрізді. 4. Ағам 
бүрсігүні Астанаға баратын шығар. 5. Біздің апайымыз осы жиналыста сөйлейтін 
болар. 
мекен үстеулер
1-жаттығу
Тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Дополните предложения, вставив нужные слова.
1. Олар бізден сәл ... көтеріліп барып тоқтады. 2. Кейбір саяхатшы көтерілгісі 
келмей, ... қалды. 3. Ағам менен біраз ... кетіп қалыпты. 4. Мен ағамның ... жүгіре 
жөнелдім.
қажетті сөздер: артынан, ілгері, төменде, жоғары.
Жауабы:
1. Олар бізден сәл жоғары көтеріліп барып тоқтады. 2. Кейбір саяхатшы көтерілгісі 
келмей, төменде қалды. 3. Ағам менен біраз ілгері кетіп қалыпты. 4. Мен ағамның 
артынан жүгіре жөнелдім.

211
қОС
ым
ША
л
АР
Септеулік шылаулар
(атау септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік)
1-жаттығу
Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Дополните предложения, вставляя нужные слова.
1. Айбек Астанаға оқуға түсу ... келіпті. 2. Анам әскердегі ағам ... көп ойлайды. 3. 
Майра Тараздағы сіңлісімен телефон ... сөйлесті. 4. Гүлсім оның ол жайындағы 
сырын білетін ... . 5. Біз жазғы демалыста жыл ... ауылдағы туыстарымызға 
барамыз. 
қажетті шылаулар: сайын, арқылы, үшін, сияқты, туралы
Жауабы:
1. Айбек Астанаға оқуға түсу үшін келіпті. 2. Анам әскердегі ағам туралы көп 
ойлайды. 3. Майра Тараздағы сіңлісімен телефон арқылы сөйлесті. 4. Гүлсім 
оның сырын білетін сияқты. 5. Біз жазғы демалыста жыл сайын ауылдағы 
туыстарымызға барамыз.
Септеулік шылау
(барыс септігіндегі сөздермен тіркесетін септеулік)
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті шылаударды қойып жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте соответствующие служебные слова.
1. Алмас үйге ... келе жатқанда Біржанды жолықтырды. 2. Ол әйелін ертіп 
кешке ... бұлардікіне келетін болды. 3. Мен бар шаруамды түске ... тез бітіріп 
тастадым. 4. Досымды үйіне ... машинамен жеткізіп салдым.
Тиісті шылаулар: шейін, таман, қарай, шейін.
Жауабы:
1. Алмас үйге қарай келе жатқанда Біржанды жолықтырды. 2. Ол әйелін ертіп 
кешке таман бұлардікіне келетін болды. 3. Мен бар шаруамды түске шейін тез 
бітіріп тастадым. 4. Досымды үйіне дейін машинамен жеткізіп салдым.
Шығыс септігін меңгеретін септеулік шылаулар
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные служебные слова.
1. Қыстан ... ұзақ күттіріп көктем де келеді. 2. Бір аптадан ... әкем іссапардан 
қайтатын болды. 3. Кенже сіңілісі өзінен ... тұрмысқа шығып кетті. 4. Бізді 
әкемнен ... шешеміз қаталдау ұстайтын. 5. Апасына орамалдан ... алған 
жеке сыйлығы бар. 6. Сендерден ... маған жақын ешкім жоқ екенін түсіндім. 
7. Менің біреуден ... болайын деген бөтен ойым жоқ болатын. 8. Әбу Насыр 
әл-Фарабидің 150-ден ... еңбектері бар. 9. Баласының үйден ... жүргеніне де 
біраз жылдың жүзі болыпты. 10. Оқудан ... уақытында спорт секциясына барып 
жүретін.
Қажетті сөздер: соң, бөлек, бұрын, гөрі, ілгері, астам, басқа, тыс, тысқары, 
кейін

212
Жауабы:
1. Қыстан кейін ұзақ күттіріп көктем де келеді. 2. Бір аптадан соң әкем іссапардан 
қайтатын болды. 3. Кенже сіңілісі өзінен бұрын тұрмысқа шығып кетті. 4. Бізді 
әкемнен гөрі шешеміз қаталдау ұстайтын. 5. Апасына орамалдан бөлек алған жеке 
сыйлығы бар. 6. Сендерден басқа маған жақын ешкім жоқ екенін түсіндім. 7. Менің 
біреуден ілгері болайын деген бөтен ойым жоқ болатын. 8. Әбу Насыр әл-Фарабидің 
150-ден астам еңбектері бар. 9. Баласының үйден тысқары жүргеніне де біраз 
жылдың жүзі болыпты. 10. Оқудан тыс уақытында спорт секциясына барып жүретін.
Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер
1-жаттығу
Көмектес септігін меңгеретін септеулік шылауы бар сөйлемді жазып, шылаудың 
астын сызыңыз.
Спишите предложения с послелогами творительного падежа и подчеркните их.
1. Мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты спектакльге отбасыммен бірге барамын. 
2. Сейфуллин даңғылымен төмен қарай жүріп келемін. 3. Сен таңертеңге дейін 
құжаттарыңды алып кел. 4. Ол отырған көлік автобуспен қатар біраз жерге дейін 
жүріп отырды. 5. Осы аптада жұмыспен қоса отбасылық мәселе де басымды 
қатырды. 6. Дүкенде көптен бері көрмеген досымды кездестіріп, қуанып қалдым. 
7. Дүкеннен кейін екеуіміз бір жақсы кафеге барып тамақтандық. 8. Сабақпен 
қабаттасып тексеру жүріп жатыр.
Жауабы: 
1. Мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты спектакльге отбасыммен бірге барамын. 2. 
Жол Сейфуллин даңғылымен бірге жөнделіп жатыр. 4. Ол отырған көлік автобуспен 
қатар біраз жерге дейін жүріп отырды. 5. Осы аптада жұмыспен қоса отбасылық 
мәселе де басымды қатырды. 8. Сабақпен қабаттасып тексеру жүріп жатыр.
Демеулік шылаулар. Күшейткіш, нақтылау демеуліктері
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті (-ай, -ау, де, ғой, -ақ) шылауларды жазыңыз.
Вместо многоточия вставьте нужные частицы (-ай, -ау, де, ғой, -ақ).
1. Қайран, жастық жылдар-..., зуылдап өте шықты.
2. – Әй, Жиренше-..., осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-...! - 
дейді жолдастары.
3. Ол қызды бір көрді ... ұнатып қалды.
4. Сен кеше театрға барғанда ..., тамаша қойылым болды.
5. – Ербол-..., мен қайда тұрмын осы? (М.Ә.)
6. Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжаным ...! - деп, бар сабырдан айырылып, 
тағы да өзгеше бұзылып кетті (М.Ә.). 
7. Бұл қала шекарадан небары қырық-... километр жерде болатын (Қ.Қайсенов).
Жауабы:
1. Қайран, жастық жылдар-ай, зуылдап өте шықты.
2. – Әй, Жиренше ай, осыны да азаматым бар деп, әлдеқандай етіп айтасың-ау! - 
дейді жолдастары.
3. Ол қызды бір көрді де ұнатып қалды.
4. Сен кеше театрға барғанда ғой, тамаша қойылым болды.
5. – Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? (М.Ә.)

213
қОС
ым
ША
л
АР
6. Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжаным ғой! - деп, бар сабырдан 
айырылып, тағы да өзгеше бұзылып кетті. (М.Ә.) 
7. Бұл қала шекарадан небары қырық-ақ километр жерде болатын.
(Қ.Қайсенов)
Жалғаулық шылаулар. Себептік жалғаулықтар
1-жаттығу
Cөйлемнің екінші сыңарын тауып, бағанды сәйкестендіріңіз.
Найдите вторую часть предложения и соотнесите столбцы.
 Мен саған уақытылы келе алмаймын, 
Сен қалаға бармайтын болдың, 
Асқар дұрыс жауап бермеді
Кеше ол киноға бармады, 
Айгүл қолшатырын алып алды, 
Ол анасына телефон жоғалтқанын айпады
Мен үйден ерте шықтым, 
себебі анасын ашуландырғысы 
келмеді 
себебі жаңбыр жауады деп 
хабарлады
себебі көлік кептелісінде тұрмын
себебі әкең өзі баратын болды
себебі бүгін жұмысым ерте 
басталады
себебі оның өзі де түсініп тұрған жоқ
себебі ата-анасы рұқсат етпеді
Мен саған уақытылы келе алмаймын, 
Сен қалаға бармайтын болдың, 
Асқар дұрыс жауап бермеді, 
Кеше ол киноға бармады, 
Айгүл қолшатырын алып алды, 
Ол анасына телефон жоғалтқанын айпады, 
Мен үйден ерте шықтым, 
себебі көлік кептелісінде тұрмын 
себебі әкең өзі баратын болды
себебі оның өзі де түсініп тұрған жоқ 
себебі ата-анасы рұқсат етпеді
себебі жаңбыр жауады деп 
хабарлады
себебі анасын ашуландырғысы 
келмеді
себебі бүгін жұмысым ерте 
басталады
Жауабы:_Салдарлық_жалғаулық_шылаулар_1-жаттығу'>Жауабы:
Салдарлық жалғаулық шылаулар
1-жаттығу
Себеп мәнді жалғаулықты сөйлемді бір бөлек, салдарлық мәнді жалғаулықты 
сөйлемді бір бөлек жазыңыз.
Запишите отдельно: предложения с причинными союзами и предложения со след-
ственными союзами.
1. Мен бүгін ерте жатып қалдым, себебі таңертең үйден ерте шығып кетуім керек.
2. Сіз күні бойы көп жұмыс бітірдіңіз, сондықтан біраз демалып алыңыз.
3. Қазақ тілін әрбір азамат білуі керек, себебі ол – мемлекеттік тіл.
4. Ертең мен болмаймын, сондықтан жиналысты өткізе беріңдер.
5. Баланың бар тәрбиесіне сіз жауаптысыз, өйткені сіз баланың анасысыз.
6. Ол кеше жиналыста болған жоқ, сондықтан кейбір мәселелерді түсінбей отыр.
7. Сіз симпозиумда сөйлейсіз, сол себепті сөйлейтін тезисіңізді дайындаңыз.
8. Мен ол жерде болмадым, себебі мені үй иелері шақырған жоқ.
9. Асқар үйіне кетті, себебі баласы үйдің кілтін жоғалтып алыпты.
10. Мен өте ақкөңіл адаммын, неге десеңіз, менің шешем де, әкем де ақкөңіл кісілер.

214
Себеп мәнді жалғаулықты сөйлем
Салдарлық мәнді жалғаулықты сөйлем
Мен бүгін ерте жатып қалдым, себебі 
таңертең үйден ерте шығып кетуім 
керек.
Сіз күні бойы көп жұмыс бітірдіңіз, 
сондықтан біраз демалып алыңыз.
Қазақ тілін әрбір азамат білуі керек, 
себебі ол – мемлекеттік тіл.
Ертең мен болмаймын, сондықтан 
жиналысты өткізе беріңдер.
Баланың бар тәрбиесіне сіз 
жауаптысыз, өйткені сіз баланың 
анасысыз.
Ол кеше жиналыста болған жоқ, 
сондықтан кейбір мәселелерді түсінбей 
отыр.
Мен ол жерде болмадым, себебі мені 
үй иелері шақырған жоқ.
Сіз симпозиумда сөйлейсіз, сол себепті 
сөйлейтін тезисіңізді дайындаңыз.
Асқар үйіне кетті, себебі баласы үйдің 
кілтін жоғалтып алыпты.
Мен өте ақкөңіл адаммын, неге десеңіз, 
менің шешем де, әкем де ақкөңіл 
кісілер.
Жауабы:_Еліктеуіш_сөздер_1-жаттығу'>Жауабы:
Демеулік шылаулар (Шектік, болымсыздық, салыстыру)
1-жаттығу
Демеулік шылауларды мағынасы бойынша топтаңыз.
Сгруппируйте частицы по значению.
Шектік
Болымсыздық 
(салыстыру)
Күшейткіш
Нақтылау
214

215
қОС
ым
ША
л
АР
1. Cіздің-ақ естімейтін нәрсеңіз жоқ екен?
2. Биыл университетке тек 70-тен жоғары балл жинағандарды ғана қабылдады.
3. Студент тұрмақ оқытушының өзі де сабаққа кешікпеуі керек.
4. Ол әжесіне өткен аптада кіріп шыққан-ды.
5. Құдай-ау, осыны да үлкен мәселеге айналдырып отырсыңдар ма?
6. Кездесу наурыз айының ортасында өтті ғой.
7. Тек ұлдар ғана барған сияқты.
8. Саған бермек түгіл өзімде де бір кітап қалмайтын болды.
Шектік
Болымсыздық 
(салыстыру)
Күшейткіш
Нақтылау
Тек ұлдар ғана 
барған сияқты.
Студент тұрмақ 
оқытушының өзі де 
сабаққа кешікпеуі 
керек.
Құдай ау, осыны 
да үлкен мәселеге 
айналдырып 
отырсыңдар ма?
Ол әжесіне өткен 
аптада кіріп шыққан 
ды.
Биыл университетке 
тек 70-тен жоғары 
балл жинағандарды 
ғана қабылдады.
Саған бермек түгіл 
өзімде де бір кітап 
қалмайтын болды.
Cіздің ақ 
естімейтін 
нәрсеңіз жоқ 
екен?
Кездесу наурыз 
айының ортасында 
өтті ғой.
Жауабы:
Еліктеуіш сөздер
1-жаттығу
Сөздерді сәйкестендіріңіз. 
Определите соответствие. 
Қарға
сарт етіп жабылды
Дөңгелек
қарқылдайды
Есік
зырылдайды
Бала
әңгіме болды
Гу-гу
шыр-шыр етті
Аяғын
гүрілдеп шығады
Даусы 
тарп-тарп басты 

216
Қарға
қарқылдайды 
Дөңгелек
зырылдайды
Есік
сарт етіп жабылды
Бала
шыр-шыр етті 
Гу-гу
әңгіме болды
Аяғын
тарп-тарп басты
Даусы 
гүрілдеп шығады
Жауабы:
бейнелеуіш сөздер
1-жаттығу
Көп нүктенің орнына қажетті бейнелеуіш сөздерді қойыңыз.
Вместо многоточия вставьте необходимые образоподражательные слова.
1. «Қара Көже» дегендерге «әу» деп ... қарайтын болдым. 2. Ғимараттың кіре 
берінде  ...  етіп  құлап,  аяғын  қайырып  алды.  3.  Құлағындағы  сырғасы  күнмен 
шағылысып, ... әдемі көрінеді. 4. Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған 
жиынға  ...  сәлем  берісіп  амандасып  қалды  (М.Әуезов).  5.  Мойнындағы  жұқа 
мойын  орағышы  желмен  ...  .  6.  Бүгін  күні  бойы  ...  біреуді  күтумен  болды.  
7. Баласының ... түріне қарап, әңгімесін бастады. 8. Әжесінің ... жүзінен мейірім 
шуағы төгіліп тұр. 9. ... айнадай таза кең үйіне алып келді. 10. Байғұс қара өгіз, 
көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, ... аяңдап келеді.
Қажетті сөздер: жалп, жылтылдап, елеңдеп, митың митың, сөлбіреген, жапыр 
жұпыр, жарқыраған, жалт, желпілдейді, күлімсіреген
Жауабы: 
1.  «Қара  Көже»  дегендерге  «әу»  деп  жалт  қарайтын  болдым.  2.  Ғимараттың 
кіре  берінде  жалп  етіп  құлап,  аяғын  қайырып  алды.  3.  Құлағындағы  сырғасы 
күнмен  шағылысып,  жылтылдап  әдемі  көрінеді.  4.  Аттылар  бұрылып  келіп, 
дөңгелене  отырған  жиынға  жапыр  жұпыр  сәлем  берісіп  амандасып  қалды  
(М. Әуезов). 5. Мойнындағы жұқа мойын орағышы желмен желпілдейді. 6. Бүгін 
күні бойы елеңдеп біреуді күтумен болды. 7. Баласының сөлбіреген түріне қарап, 
әңгімесін бастады. 8. Әжесінің күлімсіреген жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұр. 
9. Жарқыраған айнадай таза кең үйіне алып келді. 10. Байғұс қара өгіз, көзіне 
шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, митың митың аяңдап келеді.

217
қОС
ым
ША
л
АР
Императивтік ишара одағайларының берілуі
1-жаттығу
Берілген сөйлемнен адамға арнай айтылған сөздердің астын сызыңыз.
Из данных предложений подчеркните слова, обращенные к человеку.
1. Әй, бәрің маған неге қарап қалғансыңдар? 
2. Ау, халайық! Шешімін айтыңдар.
3. Түу, болар-болмас нәрсені айтып отыра береді екенсің.
4. Қаз-қаз, балам, қаз балам!
    Қадам бассаң, мәз болам.
5. Кәне, жігіттер, үйдің шаңырағын көтеруге көмектесіп жіберейік.
6. Жә, үндемеген сайын басына береді екенсіңдер.
7.  Тәйт,  мұндай  жаман  қылығыңды  анаң  екеуміз  екінші  рет  естімейтін  де, 
көрмейтін де болайық!
8. Ой, қойған затым қайда кетті екен!?
Жауабы: 
1. Әй, бәрің маған неге қарап қалғансыңдар? 
2. Ау, халайық! Шешімін айтыңдар.
3. Түу, болар болмас нәрсені айтып отыра береді екенсің.
4. Қаз-қаз, балам, қаз балам!
    Қадам бассаң, мәз болам.
5. Кәне, жігіттер, үйдің шаңырағын көтеруге көмектесіп жіберейік.
6. Жә, үндемеген сайын басына береді екенсіңдер.
7.  Тәйт,  мұндай  жаман  қылығыңды  анаң  екеуміз  екінші  рет  естімейтін  де, 
көрмейтін де болайық!
8. Ой, қойған затым қайда кетті екен!?
қыстырма сөздердің берілуі
1-жаттығу
Қыстырма сөздерді анықтаңыз.
Определите вводные слова.
1. Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,
    Саған жар, менен артық табылса да (Абай).
2. Менің ойымша, біз адамның сыр келбетіне қарап баға берген сияқтымыз.
3. Алдымен, сен ұйықтап дем алып ал, сосын екеуіміз бақшаны суғарамыз.
4. Осының бәрі, әрине, оның адамгершілігін танытады.
5. Қорыта келгенде, дәріні ішкен кезде дәрігер жазып берген кеңесті бұлжытпай 
орындаңыз.
6. Қысқасы, латынға көшудің техникалық қиындықтары – шешуге болатын іс.
7. Емханада:
– Дәрігер, маған кімнің миын ауыстырып салғансыз?
– МАИ қызметкерінің.
– Бәсе, қолымды шошайтып, ысқыра беремін, ысқыра беремін... 
(Алматтың әзілі)
8. Кино қарағанды хобби көресіз бе? Мысалы, мен қымбатқа түсірілген тарихи 
киноларды жақсы көремін.
9. Негізінен, патриотизм өзіңнің отбасыңнан басталады. Сен ата-анаңды қалай 
сүйсең, Отан да саған сондай ыстық болуы керек.
10. Дағдарыс қайталануы мүмкін, бірақ біз оған дайынбыз.

218
Жауабы:
1) сірә
2) менің ойымша
3) алдымен
4) әрине
5) қорыта келгенде
6) қысқасы
7) бәсе
8) мысалы
9) негізінен
10) мүмкін

219
қОС
ым
ША
л
АР
Оқылым бөлігі бойынша дағды қалыптастыратын жаттығулар
Упражнения для формирования навыков чтения
1-мәтін
Сағи Асанұлы Әшімов 1961 жылдың 18 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге 
келген.  Т.  Жүргенов  атындағы  Алматы  мемлекеттік  театр  және  көркемсурет 
институтын  қызыл  дипломмен  бітірген.  Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты. 
Жиырмадан астам фильмде басты рөлдерде ойнаған. Алғашқы фильмге («Өз 
бидайыңды өзің өсір», режиссері – Болат Шманов) тоғызыншы сыныпта түскен. 
Мәтін бойынша төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по тексту.
1. Сағи Асанұлы Әшімов кім?
2. Сағи қай оқу орнында білім алған? 
3. Жас әртіс қай жылы қайда туылған?
4. Әртіс ең алғаш қай фильмде ойнады?
2-мәтін
Бұлан – Сырым ауданындағы елді мекен. Бұлан – аша тұяқты, бұғытектес ірі 
аңның бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, Қандағайты өзенінің бойында бұландар 
көп болыпты. Тіпті өзен атауындағы «қандағай» сөзі де моңғол тілінде «бұлан» 
деген ұғымды білдіреді. Кейін бұлан атауы Байбақты руының бір бөлімінің аты 
ретінде қолданылған. Сонымен қатар бұл елді мекен атауы Байбақты руының 
XVIII  ғасырда  өмір  сүрген  биі  Бұлан  Қарақұлұлының  есіміне  де  байланысты 
болуы мүмкін. Бұлан Қарақұлұлы 1783-1797 жылдары Сырым Датұлы басқарған 
ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан. 
Мәтін бойынша берілген төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Ответьте на вопросы по тексту.
1) Бұлан қандай аң? 
2) Бұлан қай ауданда орналасқан?
3) Елді мекен атауы неге байланысты? 
4) Бұлан Қарақұлұлы қандай көтеріліске қатысқан?
5) Тарихи деректер бойынша бұландар қайда көп орналасқан?
3-мәтін
Ел ордасы – Астана
Қай елдің болса да астанасының аты мемлекеттік рәмізі тәріздес. Мысалы, 
Мәскеу  десе  –  Ресей,  Лондон  десе  –  Англия  мемлекеттерін  көз  алдымызға 
елестетеміз.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге 
әйгілі.  Бұл  өңір  –  талай  тарихи  оқиғаларды  бастан  өткізген  қасиетті  өлке. 
Тарихшылардың  айтуы  бойынша,  өткен  ғасырларда  осы  күнгі  Астана  тұрған 
орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Оқылым бөлігінің қосымшасы
Приложение к блоку Чтение
3
1
2

220
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы 
таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр.
Астана іскерлік пен мәдени орталыққа айналды.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Қазақ жерінің тарихы баяндалады.
В) Солтүстік Қазақстан аймағының табиғаты суреттеледі.
С) Қазақстанның бас қаласы Астана қаласы туралы ақпарат беріледі.
D)  Қазақ  елінің  Ресеймен  достық  қарым-қатынасы  туралы  ақпарат  беріледі 
ақпарат.
Мәтіннің бірінші азатжолына нақтырақ тақырып таңдаңыз таңдаңыз. 
Выберите наиболее подходящую тему для первого абзаца.
А) Қазақ елінің тарихы
В) Астананың бүгінгі келбеті 
С) Астана қаласының болашағы
D) Әр елдің астанасы – сол мемлекеттің белгісі.
4-мәтін
Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Көптеген ұлттық спорт ойындары 
бар. Көкпар, бәйге, қазақша күрес, аударыспақ сияқты ұлттық ойын түрлерінен 
жиі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. 
Тәуелсіз  Қазақстан  1994  жылы  Дүниежүзілік  Олимпиада  комитетінің  мүшесі 
болды.  Қазақстандық  спортшылар  әр  түрлі  жарыстарда  жақсы  көрсеткіштерге 
жетіп келеді.
Біздің  команда  қысқы  Наганада  өткен  олимпиадалық  ойында  100  команда 
арасында 11-орынды жеңіп алды. Атлантада біз 180 команданың ішінен 26-орын 
алдық. Сиднейдегі спортшыларымыздың жеңісі Қазақстанға даңқ әкелді.
Спорттың көптеген түлерінен әлемге танылған спортшыларымыз бар. Мәселен, 
боксшы  Серік  Қонақбаевтың  шеберлігін  дүниежүзі  мойындады.  Жақсылық 
Үшкемпіров  –  күрестен  олимпиада  чемпионы.  Бекзат  Саттарханов  –  Сидней 
олимпиадасының чемпионы.
Ойды жалғастырыңыз.
Продолжите мысль.
1) Ұлттық спорт ойындарына 
2) Қазақстандық спортшылар 
3) Менің сүйікті спортшыларым 
Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
Определите достоверность предложений, используя текст. 
3
4
5
6

221
қОС
ым
ША
л
АР
№ Сөйлем
Дұрыс
Қате
1
Қазір елімізде спорттық барлық түрі дамыған.
2
Ұлттық спорт ойындары назардан тыс қалуда.
3
Тәуелсіз  Қазақстан  1991  жылы  Дүниежүзілік 
Олимпиада комитетіне мүше болды.
4
Сидней 
олимпиадасында 
спортшыларымыз 
табысқа жетті. 
5
Атақты спортшыларымыз аз емес.
Кестені толтырыңыз.
Заполните таблицу.
7
Спортшының 
аты-жөні
Спорт түрі Қай жарыстың 
чемпионы
Жарыс 
өткізілген 
жыл
Жарыс өткен 
қала
5-мәтін
Мен 3 жасымнан би билеп, 5 жасымнан сахнаға шығып, ән айтып келемін. 
Ең  алғаш  мектепте  «Бота,  бота»  деген  әнді  айтқанмын.  6  жасымда  «Әнші 
болғым келеді» байқауына қатысып, «Домбырасыз ән қайда?» деген әнмен бас  
жүлдеге  ие  болдым.  Ең  алғашқы  байқауым  сол  болды.  Одан  кейін  көптеген 
байқауларға қатысып жүрдім. Бәрінен жүлделі орындарға ие болдым.
Репертуарымда «Мектебім», «Бозқараған», «Бала қиял» деген әндермен қоса 
патриоттық әндер де бар. Әкем Ерғали әскери адам болғаннан кейін, «Туған 
ел», «Жас ұлан» деген патриоттық әндерді жаздырдым. Болашақта патриоттық 
әндердің орындаушысы болғым келеді. 
Анам Бақыт пен әкем Ерғалидың менің өнеріме қосқан үлесі зор. Олар алғаш 
«Әнші  болғым  келеді»  продюсерлік  орталығына  апарып,  өнерімді  шыңдауға 
жол ашып берді. Сол кезден бастап әнге деген қызығушылығым күн санап арта 
түсті. Алдағы уақытта үлкен мамандық иесі болуды армандаймын. Еліме деген 
өзімнің  аз  да  болса  үлесімді  өнеріммен  қоссам  деймін.  Қазір  репертуарыма 
жаңа ән жазып жүрмін. Болашақта осы әнге клип түсіру ойымда бар. Мен де 
Бибігүл  Төлегенова,  Роза  Рымбаева  апайларым  сияқты  әнші  болғым  келеді. 
Қазақ  өнері  әлемге  танылса  деп  тілеймін.  Қазақтың  өнерін  дүниежүзіне  паш 
еткізе алатын өнер иесі болсам екен деймін.
Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды табыңыз.
Найдите основную мысль текста. 
1) Мен әнші болуды армандадым.
2) Менің отбасым – өнерге жақын адамдар.
3) Мен атақты әншілермен бірге ән салдым.
4) Мен шетелде өзімнің әншілік өнерімді көрсетіп қайттым. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет