Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет6/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.

1.1.2. Сөз мағынасы (семантикасы)

Адам ойында- ұғым

Сөзге көшкенде- мағына лексикалық.

Жоғарыда адам санасында өмір сүретін ұғым мен сөзге бекітілген ұғымдық мағынаның бірдей болмайтындығын атап өттік, логикалық-заттық ұғымға ие болған әрбір сөз тарихи даму барысында әлденеше тілдік мағыналарды жамап алып, өзінің семантикалық аясын кеңейтеді. Басқаша айтқанда, ол ұғымдық мағынадан тыс адамның ақиқат дүниеге деген көзқарасын да, әр түрлі көңіл күйі мен сезімін де білдіре алады. Грамматикалық мағыналары да баиды. Ұғым мен сөз мағынасының арасы уақыт өте келе осылайша алшақтайды.

Сөз өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей-ақ, жеке-дара күйінде де, сөз тіркесі мен сөйлем ішінде де жұмсала береді. Сөздің жеке қолданылғандағы мағынасы мен грамматикалық қарым-қатынасқа түскендегі мағынасы тең емес. Мысалы: шам десек жеке тұрғандағы мағынасын түсінеміз, маймен жанатын жарық беретін құрал, шырақ (заттық мағына,сөздік мағына). Яғни зат есім екенін білеміз, ал шам жанып тұр десек байланысқа түседі. Яғни зат есім етістікпен байланысқа түсіп тұр. Бастауыш ен баяндауыш қиысып тұр. Бізде баяндауыш, қиысу, бастауыш деген грамматикалық мағыналар пайда болады. Екеуінің қиылысу формасын да білеміз. Мұны тілдік мағына дейміз. Шам әшейін емес, белгілі бір қызмет көрсетіп тұр.

Жеке тұрғанда пайда болатын мағынасын сөздік мағына (Есік- заттық – сөздік мағына), қарым-қатынасқа түскенде туындайтын мағыналарын тілдік мағына (Есік ашық тұр- грамматикалық-тілдік мағына).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет