Тіл білімі сөзді әр қырынан зерттейді. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің үлкен бір саласы Семасиология деп аталады. Семасиологияда қамтылатын мәселелер көп, оның бастысы ұғым және мағына



бет7/16
Дата16.01.2022
өлшемі44,5 Kb.
#112392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
2-ДӘРІС.

1.1.2.1. Сөздік мағына. Белгілі бір дыбыстық қабықпен сөзформамен (сөздікке енетін) бірге дербес өмір сүретін біртұтас логикалык-ұғымдық, лексикалық-семантикалық, лексикалық-грамматикалық мағынаны сөздік мағына деп түсінеміз. Яғни сөздің қарым-қатынасқа түспей тұрғандағы мағынасы.Сөздік мағына өз ішінен екіге бөлінеді: 1) лексикалық мағына, 2) лексика-грамматикалық мағына.

1.1.2.1.1. Лексикалық мағына. Сөз мағынасы өте күрделі. Сөз мағынасының құрамдас бір бөлегі лексикалық мағына. Сөздің өзге сөздермен карым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғанда тікелей түсінілетін логикалық (ойша түсініледі, мысалы: періштені, сананы біз ойша түсінеміз) -заттық ұғымы (көзбен көрінілетін заттар, ағаш, терзе) лексикалық мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы адам санасында зат, құбылыс, әрекет жайында ұғым, түсінік пайда болғаннан кейін ғана қалыптасады. Екінші сөзбен айтқанда, лексикалық мағына дегеніміз - әр сөздің жалпыға түсінікті, меншікті мағынасы. Лексикалық мағына – сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына. Сондықтан да ол сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады. Сөз лексикалық мағына арқылы ғана жеке-даралық сипатқа ие болады. Шындық өмірдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері де, қарым-қатынастары да сан алуан. Әр түрлі сапа-қасиеттер, қарым-қатынастар сөздің лексикалық мағынасының құрамына еніп, бір сөздің екінші бір сөзбен ажыратылып жатуына не байланысып жатуына себепші болады.

1.1.2.1.2. Лексика-грамматикалық мағына. Кез келген сөздің әрі лексикалық, әрі лексика-грамматикалық мағынасы болады. Түбір арқылы берілетін, лексикалық мағынамен жарыса қолданылатын, дерексізденген мағынаны лексика-грамматикалық мағына дейміз. Сөздердің бойында лексикалық мағына мен лексика-грамматикалық мағына жеке-жеке өмір сүрмейді, бірімен екіншісі жалғасып, араласып, біте қайнасып жатады. Лексика-грамматикалық мағына, өзге де грамматикалық мағыналар сияқты, лексикалық мағынаның жетегінде болады, соның негізінде анықталады. Сөз әрі лексикалық, әрі лексика-грамматикалық мағыналардың жиынтығынан құралып, біртұтас мағынаны білдіріп, сөйлемнің кірпіші бола алады.

(Грамматикалық мағыналар да ақиқат дүниені бейнелейді, сәулелендіреді, солармен белгілі бір дәрежеде қарым-қатынас жасайды. Сөздердің лексикалық мағынасы сыртқы дүниемен араға ойлау процесін салып, адам миының қызметі негізінде байланысса, грамматикалық мағына лексикалық мағына арқылы ғана байланысады. Демек, лексикалық мағынаның шындық өмірді сәулелендіруі мен грамматикалық мағынаның сәулелендіруі тең емес. Лексикалық мағына жеке сөздерге тән болса, грамматикалық мағына белгілі бір сөз табына енетін сөздердің тобына тән.)

Зат есімнің заттардың атауы болуы, сын есімнің заттардың сындық белгісін білдіруі, етістіктің заттың амал-әрекетін, қалпын, қозғалысын т.б. ерекшеліктерін білдіруі, кейбір сөздердің әрі көптік, әрі жекелік мәнде жұмсалуы, заттардың деректі, дерексіз мәнді білдіруі, тағысын тағылар лексика-грамматикалық мағынаның мысалы бола алады.

(Тіпті таза грамматикалық мағына делініп жүрген көптік, септік, тәуелдік жалғауларының, шақ көрсеткіштерінің, тағы басқалардың мағыналары да сыртқы ақиқат дүниемен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жатады. Таза грамматикалық мағына деп жүргеніміздің өзі кей тілдерде лексикалық мағына болып шыға келетіндігі жоғарыда баяндалған пікірлердің дұрыстығын көрсетеді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет