Түйсіктер нәтижесінде адам заттың, құбылыстың жеке қасиеттері, сапалары туралы мағұлмат алады.
Мысалы, АПЕЛЬСИНді көз алдымызға елестетсек, әуелі оның дөңгелек екендігін, сары екендігін, хош иісті, аса дәмді екендігін білеміз. Бірақ осы қасиеттер бізге бірден бәрі қабылдана қалмайды. Біреуге сары екені, біреуге хош иістігі, біреуге дөңгелектігі әсер етуі мүмкін.
ӨЗЕН-ағып жатқан су. Ол ұзын болуы мүмкін, енді болуы мүмкін. Суының тұнық болуы мүмкін. Терең болуы мүмкін.
Заттардың, құбылыстардың жеке белгілерінің бейнеленуі түйсік деп аталады. Бір сөзбен айтқанда, түйсік - сезімдік танудың негізі.
Біз айналамызды қоршаған дүние туралы тікелей білімді түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Мысалы: апельсинді зерттеу арқылы тұтас мағлұмат алады. Яғни оның дәмін татып, тәтті екенін біледі, қабылдау кезінде заттың немесе құбылыстың тұтас бейнесін сезінеді, бағамдайды.
Заттар мен құбылыстардың бүкіл белгілерінің біртұтас бейнеленуі қабылдау деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |