Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№27 дәріс тақырыбы: Тілдің шығуы және тілдердің жасалуы
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі проблеманы бір-бірімен ажыратып алу қажет: оның бірі – жалпы адам баласы тілінің шығуы, яғни алғашында адамның сөйлеуді, ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселе де, екіншісі – жеке, нақтылы тілдердің, мысалы, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, араб тілі, испан тілі немесе француз тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір –бірімен шатастырмау керек. Бұлай дейтініміз: адамзат тілінің пайда болуы сонау көне заманға – адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығу заманына, алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке нақтылы тілдердің немесе туыс тілдердің тобының жасалып құрылуы жалпы адамзат тілінің шығып пайда болу заманынан анағұрлым бертінгі дәуірлерде болған. Нақтылы, жеке тілдердің, мысалы, қазақ тілінің, орыс тілінің немесе ағылшын тілінің пайда болып жасалуын және олардың пайда болу дәуірін тарих пен лингвистика ғылымдары тұрғысынан зерттеп айқындауға болады. Ал жалпы адамзат тілінің шығуы, яғни адамдардың о баста сөйлеп үйренуі туралы проблеманы қарастырып айқындау үшін, тек қана тарихи-лингвистикалық зерттеулердің өзі тіптен жеткіліксіз болады. Адамзат тілінің шығуы адамның пайда болуы және адам баласы қоғамының пайда болуы тәрізді күрделі мәселелермен тығыз байланысты.Осылай болғандықтан бұл мәселелерді бірін екіншісіне байланыстырмай, жеке дара күйінде алып қарастыру да, тыңғылықты түрде шешу де мүмкін емес.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің шығуы
2.Тілдің жасалуы
3.Тілдің өзара әсерлері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№28 дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары
1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары
3.Тілдің дамуының жеке заңдары
4.Тілдердің өзара әсері
Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде көп үшырасқанымен, оның нақты анықтамасы жасалмаған. Негізгі себептерінің бірі — тілдің дамуы мен өзгеруі жайындағы ұғымдардың толық ажыратылмауы. "Даму" термині екі түрлі мағынада түсіндіріледі: 1) тіл бірлігінің қалпының езгерісі; 2) қоғамдық қажеттілікке сәйкес тілдің өзгеру үдерісі.
Тілдің дамуы туралы Н.Я.Маррдың-сатылық даму теориясы, ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың ұстанған бағыты – тілдің өткен дәуірін- классикалық дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу, бүліну дәуірлері деп есептеген. Тілдердің өзара байланысы екі түрлі жолмен болады. Бірі-тоғысу, екіншісі-тілдік элементтердің енуі. Тоғысу, субстрат, адстрат, суперстрат.Тілдің тоғысуы дегеніміз этникалық топтардың бірігуі, осының негізінде субстрат пайда болады. Субстрат дегеніміз – жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері. Адстрат - әр түрлі халықтардың ұзақ уақыт бірге өмір сүріп, қарым-қатынаста болу нәтижесінде пайда болған тіл жүйелеріндегі өзгерістер.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің даму заңдылықтары туралы түсінік
2.Тілдің дамуының жалпы заңдары.
3.Тілдің дамуының жеке заңдары.
4.Тілдердің өзара әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№29 дәріс тақырыбы: Тілдердің генеологиялық классификациясы
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі. 2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), моңғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады. Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) 2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады. Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№30 дәріс тақырыбы: Тілдердің типологиялық классификациясы
1. Тілдердің типологиялық классификациясы
Тілдердің типологиялық классификациясы
Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде. 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды.
Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге). 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц) Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің типологиялық классификациясы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
Тәжірибелік сабақтар
№1 тақырыбы: Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
Мақсаты: Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
жайлы түсінік беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімі лингвистика (грек linqua–тіл), тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы – тіл. Тіл – адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Осыдан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика, грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет.
Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Тіл білімінің ғылым жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.
Тіл білімі жаратылыстану ғылымдары: физиология, физика, математика, география, кибернетикамен байланысты т.б.
Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категорилар сараланады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімі ғылымы нені зерттейді?
2.Тіл білімі қандай салалардан тұрады? Тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
3. Тарихи тіл білімі және сипаттамалы тіл білімінің зерттеу нысанына не жатады?
4.Жалпы тіл білімі және жеке тіл білімі нені қарастырады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№2 тақырыбы: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі
Мақсаты: Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі жайлы түсіндіру
Әдістемелік нұсқаулар: Тілдің анықтамасы, бұл мәселедегі ала-құлалық. Тілге дұрыс анықтама берудің теориялық мәні. Тілдің коммуникативтік, экспрессивтік функциялары, бұл екеуінің ара қатынасы, коммуникативтік функцияның мәнділігі. Тілдің структуралық, семиотикалық сипаттарына қарай, қоғамның, мәдениеттің дамуына тигізетін әсеріне, алатын орнына қарай беріліп жүрген анықтамалар. Жалпы тіл білімінің анықтамасы. Ол, біріншіден, тіл білімінің теориялық саласы болса, екіншіден, оқу пәні болып есептелінетіні. Соңғы мағынадағы оның мақсаты мен міндеті. Жалпы тіл білімінің нысаны адамдардың дыбыстық тіл
Тіл табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жататыны, мәні дегенге оның қоғамда атқаратын қызметі ерекшелігі жататыны. Бұл мәселелерді шешуде болып келе жатқан пікір қайшылықтары. Тіл білімі тарихында болған әр түрлі мектептердің, бағыт-бағдарлардың дүниеге келуіне ғалымдардың тілдің табиғаты мен мәнін қалай түсініктерінің себеп болғандығы және қазірде де солай болып келе жатқаны.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілге берілген қандай анықтамаларды білесің?
2. Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына жатқызамыз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№3 тақырыбы: Тіл мен ойлау
Мақсаты: Тіл және ойлау, тіл және сөйлеу, тіл және сана жайлы жан-жақты түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар: Тіл мен ойлау өзара байланысты, дыбыстық тіл де, абстаркты ойлау да адамға тән құбылыс. Біріншіден, тіл де , ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де , ойлау да – қоғамдық құбылыстар. Тіл мен ойлау бір мезгілде туып, бірге дамып келеді.Тіл мен ойлаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар. Тіл мен ойлауды бір деп қарастырушылар.(Ф.Шлейермахер, И.Гаман) Тіл мен ойлау ұқсас жақын құбылыстар.(В.фон Гумбольд,Л.Леви-Брюль) Тіл мен ойлаудың ұқсастығы жоқ деп қарастырушылар да болды. Олар ойлауға көңіл бөлмеді.(Ф. Бенеке, дескриптивистер) Тіл мен ойлау диалектикалық бірлікте.Диалектикалық материалистер тіл мен ойлаудың диалектикалық тұтастығын алға тартты.
Бұл проблеманың замандық тарихы барлығы. Бұл екеуі арасындағы қарым-қатынасты айқындаудағы әр түрлі көзқарастар: екеуін тепе-теңдік бірлікте қарау, бұлардың арасында ешқандай бірлік жоқ, екеуі екі түрлі ғылым обьектілері деушілер.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл және сана жайлы не білесіңдер?
2. Тіл және ойлаудың арақатынасы қандай?
3. Тіл және сөйлеу мен тіл және сананың бірлігі неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№4 тақырыбы: Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелік сипаттары
Мақсаты: Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары жайлы мәліметтер беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік.Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықшақұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің таңбалық, жүйелік, құрылымдық сипаттары неден көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№5 тақырыбы: Фонетиканың мақсаты мен міндеті, Тілдің дыбыстық жүйесі. Фонема мәселесі. Екпін және оның түрлері
Мақсаты: Фонетика. Фонетиканың мақсаты мен міндеті, қарастыратын мәселесі, Тілдің дыбыстық жүйесі. Фонема мәселесі. Екпін және оның түрлері жайлы мәліметтер беру.
Әдістемелік нұсқаулар: Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен заңдылықтары, үдерістер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық,перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады.Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім – фонология деп аталады. Фонема – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX ғ. 70-80 жылдары жасаған.
Фонема (гр.phonema-дыбыс)- сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан айыруға септігі бар тілдің тілдің ең кішкене функциялық бөлшегі.
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің сонғы буынына түседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Фонетиканың мақсаты мен міндетіне не жатады?
3. Фонема дегеніміз не?
4. Екпін дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. - Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке, 2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№6 тақырыбы: Қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі Сингармонизм. Ассимиляция, диссимиляция. Дыбыстардың алмасуы
Сингармонизм – гректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.Мысалы:Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік. Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.
Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.
1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.
2.Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.
Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.
Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады.
Ерін үндестігі немесе лабиальдық (латын бойынша labialis «еріндік» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм. Бастапқы буындағы ерін .дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындар да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады.
Ассимиляция ( лат.-ұқсау) морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляцияық жақтан бір-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады.
Регрессивті ассимиляция кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері арқылы реттеуді мақсат етеді.
Диссимиляция (лат.ұқсамау) дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол бір сөздің ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.
Комбинаторлық өзгерістер тек қана сөз ішіндегі, сөз аралығындағы, сөздің мағыналы бөлшектерінің арасындағы іргелес тұрған немесе бір-бірінен алшақтап тұрған бір фонеманың екінші фонемаға ілгерінді,кейінді, кейде тоғыса келіп, тигізетін әсерінен болады. Позициялық өзгерістер белгілі бір сөздің шенінде болатын өзгерістер.Оған протеза,эпентеза,элизия т.б. жатады. Ал спонтандық өзгерістер кейбір сөздердің дыбыстық құрамы ешқандай өзгеріске ұшырамай-ақ бірнеше түргі ауысуы мүмкін.Мысалы,мысық-мышық,секер-шекер т.б.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм) дегеніміз не?
2. Дыбыс үндестігі (Ассимиляция)дегеніміз не?
3. Диссимиляция дегеніміз не?
1.Игерулі өзгерістердің қазақ тілінде жиі кездеспейтін түрлері қандай?
2. Комбинаторлық немесе позициялық өзгерістер мен спонтандық өзгерістер туралы не білеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |