Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары



бет28/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
35. Әңгімелесу ерекшеліктері
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе немесе сабақтың тұсаукесерін ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады. Әңгімелесу әдісі оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады. Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
• оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айтуға үнемі қатыстыру арқылы оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
• басқа оқушылардың түрлі идеяларын тыңдауға үйрену арқылы, оқушылардың өз білімі мен идеяларын бағалай алуы, құрдастарының пікірін құрметтеуге үйрену;
• мұғалім үшін жақсы диагностикалық құрал, әр оқушының білімі мен пайымын байқауға болады;
• құрдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынасқа түсуді үйрететін үлкен тәрбиелік күші бар.
• ес пен тілді дамытады, сабаққа қызығушылығы артады және барлық оқушыны сабаққа тартудағы тиімді әдіс;
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
• уақыттың көп кетуі;
• оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесуді үш түрі болады деп көрсетеді: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты. Жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайтындығын айтады және оқушылардың:
- Оқу материалын түсінуде белсенді болғанын, оқушыларға топ болып жұмыс істеу ұнағанын;
- Бастапқы күндегіден кейін оқушылардың арасында жақсы қарым-қатынас орнай бастағанын;
- Сабақта көп сөйлемейтін оқушылардың өз пікірін айтуға дағдылана бастағанын;
- Оқушылардың арасында бір-біріне сын айтуға үйренгенін және жауапкершіліктері пайда болып топтық жұмыс кезінде барлық оқушының қатысатынын айтады.
Бірақ та, тәжірибе көрсеткендей әңгімелесу әдісін қолданған алғашқы кездерде артық шу, оқушылардың тапсырманы жай орындауы, бірлесіп талқылау барысында бір-бірімен келіспей қалуы сияқты кедергілер кездеседі. Бұл кедергінің болуы – оқыту үдерісіндегі әңгімелесу әдісінің құндылығын түсінбеу, оны тек оқытуды түрлендіру ретінде қарастырудан болып отыр. Әңгімелесу кезінде кез-келген бала бірден оқыту үдерісіне еніп кете алмайды, мазасыздық болуы заңды. Алайда, сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтыруды мұғалім өзі белгілеп, әңгімелесу түрлерін таңдайды.
Әңгімелесу әдісінің құндылығы оқушылардың бірлескен әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне, зияткерлік қырларының дамуына ықпал етеді. Оқушылар әңгімелесуге, талқылауға белсенді тартылғанда олардың оқуы тиімдірек болады. Оқушылар әңгімелесуге тартыла отырып басқа құрбыларының көзқарастары арқылы өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамытуына мүмкіндік алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет