Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен



бет31/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, ИББ10-апта Сөжж
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, кателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
ә. Көрнекті құралдар, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай-ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл –кеңес беріп отыруы керек.

40. Монологтық сөйлеуді қалыптастыру әдістері ретінде қайталау және әңгімелеу
Монологтық сөйлеу – байланысқан логикалық бірізді сөйлеу. Бір адамның ойын білдіреді. Монологтық сөйлеудің міндеті мен мазмұны балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту және монологтық сөйлеудің ерекшеліктерімен анықталады.
Монологтық сөйлеу бірнеше белгілермен сипатталады. Олар: тұтастық (тақырыптың бірізділігі), құрылымы (басы, ортасы, аяғы), байланыстылығы (сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстар).
Қызметіне байланысты монологтың түрі бар: сипаттау (описание), баяндау (повествование), талқылау (рассуждение), контоминация (аралас мәтіндер).
Сипаттау– статикалық жағдайдағы (қвлыпты) затты сипаттау. Сипаттауды затқа деген бағалы қарым-қатынасты білдіретін, қорытынды фразамен аяқтайды. Балабақшада балалар суреттерді, ойыншықтарды, заттарды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.
Баяндау– кез-келген жағдайға байланысты әңгімелеу, яғни фактілерді, көңіл-күйді, болған жағдайды баяндау. Ол белгілі бір бірізділікті талап етеді. (жағдайдың басы, оның дамуы, аяқталуы).
Талқылау– бұл дәлелдеу формасында материалды логикалық баяндау. Талқылауда түсіндіріледі және дәлелденеді.
Балабақшада балалар монологтың 2 негізгі типін оқиды: өз бетімен әңгімелеу және қайталап айту.
Қайталап айту – бұл әдеби образды ауызша түрде мазмұнды қайталау. Бұл кезде бала дайын автордың мазмұнын жеткізеді және сөйлеу формаларын пайдаланады (сөздік қор, мәтін ішіндегі байланыстар).
Әңгімелеу– баланың мазмұнды өзбетімен кең түрде жеткізеді.
Сөйлеу көздеріне байланысты монологты былай бөлуге болады:
1. ойыншық және зат бойынша;
2. сурет бойынша;
3. өз шығармашылығынан;
4. творчествалық әңгімелер.

40 Монологтық сөйлеуді қалыптастыру әдістері ретінде қайталау және әңгімелеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет