Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеуін дамытудағы бақылаулар мен топсахаттардың рөлі



бет47/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

60. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеуін дамытудағы бақылаулар мен топсахаттардың рөлі
Оқушы айнала қоршаған шындықты сөз ұғымы арқылы бейнелейді. Ұғымды қалыптастыру арқылы ой әрекетін жүргізеді де, оны тіл арқылы жеткізеді. Олай болса, баланың тілін дамыту үшін, ең алдымен, тілдік ұғымдар қалаптастырылады. Табиғатты кез-келген зат, құбылыс, заңдылық болсын ол оқушыға дұрыс жетуі және түсіндірілуі үшін мұғалімнің өзі олармен жете таныс әрі оның қасиеттерінен жан-жақты хабардар болуы керек. Сонда ғана шындық дүниенің заттары мен құбылыстары туралы бала дұрыс түсініктер алып, ол туралы ой түзеді. Мұның өзі бала ойының жетілуі мен тілінің дамуына игі әсер етіп, алған таным білімдерін әрі қарай толықтырып, ұштап жол ашады.
61. Байланыстырып сөйлеуде дидактикалық ойындарды қолдану
Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін — өзі бақылауға үйретеді. Дидактикалық ойындарды іріктеуге баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ойын мақсатына сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Жолдасының қатесін түзетуге көмектесуде, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыруға, жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойынды ұйымдастыруға жатықтырылады. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі – монологтық және диологтық сөйлеуге арналған. Мысалы: «Телефон» ойнында диологтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі боуға үйрету болып табылады. Антоним сөздермен таныстырғанда жануарларды зообаққа әкеліп, оларды жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға немесе кіші торға орналастырады. Антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой — өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді осы сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыру арқылы меңгертуге болады. Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?» «Жалпы атауын бер», «Жеке – жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы «ыдыс аяқтар», алма, алмұрт, шие, өрік – жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша – көкөністер, көйлек,камзол, тақия, бешпент – киімдер, етік, туфли – аяқ киімдер т.б. немесе керісінше үй жиһаздарын — диван, төсек, үстел,орындық , теледидар, отбасы мүшелерін — әке, шеше, ата -әже, аға – іні, қарындас т.б. оқу құралдарын – кітап, дәптер қалам, өшіргіш, сумка т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет