Тіл дамыту емтихан жауаптары "Тіл" ұғымы. Сөйлеу түрлері Сөйлеу формалары


Көркем әдебиет негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру



бет48/72
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#152984
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72
Байланысты:
Тіл дамыту. емтихан жауаптары

62 Көркем әдебиет негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру
Көркем әдебиет бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Көркем әдебиет негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс жасауда алатын орны ерекше. Көркем әдебиет пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
— тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
— шығарманы қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
— тыңдалған шығарма бойынша сұрақтар қою;
— шығарма бойынша жоспар құру;
— тыңдаған шығарманың белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
— шығарманың мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
— шығарманы өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
— мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
— ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
— жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
— ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
— берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
Көркем әдебиет пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
— көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
— шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
— шығарманың негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
— ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
— әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау).
— интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау).
Көркем әдебиет пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
— тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
— оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
— әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
— әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
— газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
— белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
— әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
— ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
— сұхбатқа сұрақтар дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет