Найзағай
Біздер, жеті-сегіз бала, жаздыгүні тоғайға бардық. Тоғай таудың етегінде ағашы қалың, іші көлеңкелі екен. Ағаш көлеңкесінде отырып дем алдық. Күні қызуы күшейе түсті. Шөлдеген соң, жидек теріп жедік. Кенет тоғай іші қара көлеңке болып кетті. Аспанды қалың бұлт бүркеді. Жел тұрды. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жаңбыр басталды. Біздер бір биік ағаштың түбін паналадық. Жаңбыр шелектеп құйды. Киімдеріміз су болды. Көп ұзамай бұлдырап, жаңбыр басылды. Күннің көзі көрінді. Киімдерімізді сығып, кептіріп алдық. Содан үйді-үйімізге қайттық.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: Жаздыгүні, көлеңкесінде, қалың бұлт, жаңбыр, найзағай, шелектеп құйды.
Жоспар:
1.Орманға серуен.
2.Жаңбыр.
3.Жаңбырдан қорғану.
Критерий
|
Дескриптор
|
Баға
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«2»
|
Мәтін мазмұнын түсінуі
|
Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген
|
Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген
|
Мәтін
мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.
|
Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп
|
Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы
|
Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс
|
Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған
|
Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар
|
Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң
|
Грамматикалық сауаттылығы
|
Сөздік қолданыста
1 -2 түзету жіберілген;
|
Аздаған
(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ
1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар
|
Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар
|
Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету
|
Достарыңызбен бөлісу: |