Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10 сынып



Дата13.02.2023
өлшемі47,3 Kb.
#168499
Байланысты:
№2 БЖБ ЖМБ ТҚӨ 10 сынып
Презентация, Әйел тұрғындардың скринингі, 11- жауаптар, 5-ta-yryp-R-ltty-sayasat.-Til-sayasatyny-negizgi-printsipteri

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10 сынып

Оқыту мақсаты

10.2.4.4 Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуін салыстыру
10.2.4.5 Мутагенез себептерін және мутация түрлерін зерттеу
10.2.4.6 Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық ауруларын (аутосомдық және жыныстық) сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы
 Аллельді және аллельді емес гендердің өзара
әрекеттесуін салыстырады
 Мутагенездің себептерін мен мутацияның типтерін
түсіндіреді
 Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты
ауруларға берілген есептерді шығарады және түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі




Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

уақыты

20

Тапсырма
№1. Қызыл және ақ гүлді намазшамгүл өсімдігін будандастырғанда бірінші ұрпақта барлық гүл қызғылт түсті болды. Екінші ұрпақта 1:2:1 арақатынасында ажырау байқалады, яғни 25℅ қызыл, 50℅ қызғылт, 25℅ ақ гүлді өсімдік түзіледі. Бұл гендердің әрекеттесінің қандай түріне жатады? Есептің шығарылу жолын көрсет 2балл
№2. Генотипі А 1 А 1 А 2 а 2 қоңыр түсті мулатпен терісі ақ түсті отбасында қара терілі африкалық бала дүниеге келуі мүмкін бе? Бұл гендердің әрекеттесінің қандай түріне жатады? Есептің шығарылу жолын көрсет 2балл
№3. Аллельді және аллельді емес гендердің әрекеттесуін сипаттамаларымен сәйкестендір 2балл

  1. Аллельді гендер

  2. Аллельді емес гендер

А) Адамның қан топтары немесе кодоминанттылық
Б) Басымдылық заңы
В) Сары түс гені жасыл түс генінен басым болады
Г) Гетерозиготалы дарада аралық фенотип пайда болады
Д) Толымсыз доминанттылық
Е) Гендер өзара бірлесіп бір белгінің қалыптасуына қатысады
Ж) Комплементарлық
З) Полимерия
К) Толық доминанттылық

№4. Бір немесе бірнеше нуклеотидтердің жойылуы 1балл
А) индукцияланған
Б) физикалық
В) химиялық
С) гендік
Д) табиғи
№5. Хромосома құрылымындағы мен пішініндегі өзгеріс 1балл
А) гендік
Б) хромосомалық
В) геномдық
С) летальды
Д) пайдалы
№6. Хромосома бөлігінің жойылуы 1балл
А) дупликация
Б) инверсия
В) транслокация
С) делеция
Д) дефишенсия
№7. Хромосома бөліктерінің қайталануы 1балл
А) дупликация
Б) инверсия
В) транслокация
С) делеция
Д) дефишенсия
№8. Хромосома саны еселеп өзгермейтін мутация 1балл
А) хромосомалық, транслокация
Б) гендік, нүктелік
В) геномдық, анеуплоидия
С) физикалық, химиялық
Д) биологиялық,дефишенсия
№9. Қалып қойған ұяшықтарды толтыр 3балл



Мутагендер

Себептері

1




А) электромагниттік сәулелену, ультракүлгін, рентген, радиоактивті лазерлік сәулелену

2

химиялық




3

биологиялық




№10. Гемофилиямен ауыратын ер адам әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе? 1балл
№11. Ата анасының да, өзінің де көзі қалыпты көретін әйел дальтоник ер адамға тұрмысқа шығады. Оның туған ағасы-дальтоник. Осы некеден дальтонизммен ауыратын балалар тууы мүмкін бе? Егер ауру бала туылатын болса, жынысы және ықтималдылығы қандай?



Бағалау критерийі

тапсырма

дескриптор

балл

Аллельді және аллельді емес гендердің өзара
әрекеттесуін салыстырады

1

аллельді гендердің өзара әрекеттесуінің түрлерін атайды; есептердің шығарылу жолын көрсетеді

1
1

2

аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлерін атайды; есептердің шығарылу жолын көрсетеді

1
1

3

Аллельді және аллельді емес гендердің әрекеттесуін сипаттамаларымен сәйкестендіре отырып, салыстырады

2

Мутагенездің себептерін мен мутацияның типтерін
түсіндіреді



4

мутация түрлерін анықтайды;

1

5

мутация түрлерін анықтайды;

1

6

мутация түрлерін анықтайды;

1

7

мутация түрлерін анықтайды;

1

8

мутация түрлерін анықтайды;

1




9

Мутагендер топтарын атайды және себептерін анықтайды

3

Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты
ауруларға берілген есептерді шығарады және түсіндіреді

10

хромосомалар санының ауытқуымен байланысты ауруларға берілген есептерді шығарады;




1

хромосомалар санының ауытқуымен байланысты ауруларды түсіндіреді;

1

11

хромосомалар санының ауытқуымен байланысты ауруларды түсіндіреді;

1

хромосомалар санының ауытқуымен байланысты ауруларға берілген есептерді шығарады;

1

Жалпы

18


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет