Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу


TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы



бет2/7
Дата10.11.2022
өлшемі368,61 Kb.
#157461
түріСборник задач
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TIMSS-8сынып2022-2022

1 TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы


1.1 Тапсырмаларды орындауға нұсқау


TIMSS математика және жаратылыстану ғылымының білім сапасын халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеу жалпы балім саласындағы негізгі мониторингтік зерттеулер болып табылады. Ол математика және жаратылыстану ғылымының білім саласындағы білім тенденциясын бақылауға көмектеседі. Зерттеу барысында бастауыш мектептердегі 4 сынып және 8 сынып оқушыларының жетістіктері бағаланады.
8-сынып оқушыларын TIMSS халықаралық зерттеулерiне дайындауға арналған жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндерінен және екінші бөлімде «Математика» пәнінен тапсырмалар берілген.
Тестке қатысушылардың нәтижелілігі оқу танымдық іс-әрекеттің түрлері білу, қолдану және ойлау бойынша бағаланады.


2-кесте – Оқу танымдық іс-әрекеттер

Түрлері

Танымдық аймақтар

Білу

Ғылыми жаратылыстану дәлелдерін жады бойынша жаңғырту; терминдер мен түсініктерін анықтау; ағзаларды, процестерді, байланыстарды сипаттау; білімдерін дәлелдеу, мысал келтіру; мәліметтер мен жабдықтарды қолдануда білім арқылы көрсету.

Қолдану

Ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын салыстыру, берілген нысандарды жіктеу; суреттеу; модельдерді, диаграммаларды қолдану, байланысын табу, мәліметті және түрлі құбылыстарды түсіндіру.

Ойлау

Мәселелерді шешу, талдау, жинақтау, жаратылыстанудың әртүрлі бөлімдері бойынша білімдерін ықпалдау, шешімдері мен болжамдарын тұжырымдау, берілген тапсырмаларға сәйкес эксперимент жоспарлау; процестер мен құбылыстардың басымдығы мен кемшіліктерін бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет