18-есеп.Фигураның биіктігі. Биіктігі 30 см конус пішінді мыс тетік цилиндр етіп қайта балқытып құйылды, оның табанының радиусы осы конус пішінді тетіктің шеңбері радиусына тең. Сұрақ. Цилиндр қандай биіктікте болады? Жауабы: _______ . 19-есеп.Қозғалыс. Екі пойыз 60 км/сағ және 65 км/сағ жылдамдықпен бір-біріне қарсы жүріп келеді. Үш сағаттан кейін олардың арасы 250 км болды. . 1-сұрақ. 3 сағ-та әр пойыз қанша километр жүріп өтті? Жауабы: _______ . 2-сұрақ. Пойыздар қанша сағаттан кейін кездеседі? Жауабы: ________ .
20-есеп. Шаршы. Қабырғасы 8 см болатын шаршы пішінді қағазды 21-суретте көрсетілгендей сызықтар бойымен бүгіп үшбұрышты пирамида жасалды. Сұрақ. Шыққан дененің көлемін неге тең?
21-сурет 21-есеп.Көпбұрыштар. Геометриялық фигуралардан кескінделген мозаика берілген (22-сурет). Суретті қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
22-сурет
1-сұрақ. Суретте қанша тіктөртбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________. 2-сұрақ. Суретте ауданы ең кіші болатын қанша тікбұрыш үшбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________. 3-сұрақ. Суретте қанша тең бүйірлі үшбұрыш кескінделген? Жауабы: ___________. 4-сұрақ. Суретте қанша ромб кескінделген? Жауабы: ___________.
22-есеп.Қозғалыс. Бірінші пойыздың жылдамдығы 70км/сағ, ал екінші пойыздың жылдамдығы біріншінің жылдамдығынан 5км/сағ-қа кем. 1-сұрақ. 5 сағ-та әр пойыз қанша километр жол жүреді? Жауабы: _______ . 2-сұрақ. Егер ұзындығы 270 км жолда пойыздар бір-біріне қарама-қарсы бағытта бір мезетте қозғалатын болса, онда қанша сағаттан кейін кездеседі? Жауабы: ________ .
23-есеп.Бұрыштар.
Егер РОК = 230 бұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (23-сурет)?
23-сурет
24-есеп.Бұрыштар.
Егер КВР үшбұрышы тең қабырғалы үшбұрыш болса, онда АВС бұрышы неге тең (24-сурет)?
26-есеп.Функция және оның графигі. 26-суретте функциясының графигі берілген.
26-сурет
Функция графигін қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер. 1-сұрақ. Парабола төбесінің координаталарын жазыңыздар. 2-сұрақ. Функция графигінің симметрия осінің теңдеуін жазыңыздар. 3-сұрақ. Функцияның минимум нүктесін табыңыздар.
27-есеп.Функция және оның графигі. 27-суретте функциясының графигі берілген.
27-сурет
Функция графигін қолданып, келесі сұрақтарға жауап беріңіздер. 1-сұрақ. Парабола төбесінің координаталарын жазыңыздар. 2-сұрақ. Функция графигінің симметрия осінің теңдеуін жазыңыздар. 3-сұрақ. Функцияның максимум нүктесін табыңыздар. 2.3 Математикалық сауаттылығыPISA 1-есеп.Жанармай. 2016 жылы 1 литр бензин 125 тг тұрады. Ал 2007 жылы ол 23,2%-ға қымбат болған. 1-сұрақ: Бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай? Жауабы: __________ 2-сұрақ: Бензиннің бағасы 2007 жылмен салыстырғанда 2016 жылы қанша теңгеге қымбат? Жауабы: __________
2-есеп.Киім тігу. Тігін шеберханасында көйлек тігуге 600 м матаның 420 м мата кеткен және одан 84 көйлек тігілген. 1-сұрақ: Барлық матаның қанша пайызы көйлек тігуге жұмсалды? Жауабы: __________ 2-сұрақ: Үш көйлек тігуге қанша метр мата жұмсалған? Жауабы: __________ 3-сұрақ: 600 м матадан осындай қанша көйлек тігуге болады? Жауабы: __________
3-есеп.Қозғалыс. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы арақашықтықты картада бейнелеу қажет. 1-сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет? Жауабы: _______. 2-сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша сантиметрге тең болады? Жауабы: ________.
4-есеп.Қозғалыс. Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының арақашықтығы 10 см-ге тең. 1-сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша километрді құрайды? Жауабы: ________. 2-сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады? Жауабы: ________.
5-есеп.Билет бағасы. Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады. 1-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай? Жауабы: ________. 2-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме? Жауабы: ________. 3-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет? Жауабы: ________.
6-есеп.Билет бағасы. Үш ересек және төрт баладан тұратын отбасы Астана қаласынан Алматы қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып алу қажет. 10-кестеде Астана – Алматы қатынасындағы пойыздардың плацкарт вагонының билет бағасы көрсетілген.
10-кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы
№
Жол бағыты
Жолдағы уақыт
Билеттің бағасы
Ересектер
Балалар
002
Астана – Алматы 2
12 сағ 38 мин
13471 тг
6736 тг
004
Астана – Алматы 2
19 сағ 09 мин
3776 тг
1888 тг
016
Петропавл – Алматы 2
22 сағ 39 мин
3376 тг
1688 тг
010
Астана – Алматы 1
18 сағ 58 мин
3776 тг
1888 тг
043
Костанай – Алматы 1
20 сағ 15 мин
4986 тг
2493 тг
1-сұрақ. Пойыздардың жолына кететін уақыттарын және билеттерінің бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар. Жауабы: ____ . 2-сұрақ. Дұрысы қай пойызға билет сатып алу керек? Жауабын түсіндіріңіздер. Жауабы: ____ . 3-сұрақ. Пойызбен баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең аз сомасы қандай? Жауабы: ____ . 4-сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай? Жауабы: ____ .