15-есеп. Бөлмені жөндеу.
Офис бөлмесін жөндеу қажет. Айдос бұл жұмысты үш күнде, Ербол осы жұмысты төрт күнде, ал Мейрам бес күнде орындайды. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер.
1-сұрақ. Олар бұл жұмысты бірге қанша уақытта орындайды?
Жауабы: ___________ .
2 сұрақ. Егер алдымен Айдос бір өзі үштен бір бөлігін, сосын қалған бөліктің жартысын – Ербол, ал ендігі қалғанын – Мейрам орындаса, барлық жұмыс қанша уақытта орындалады?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Барлық жұмысты кім тезірек орындыйды: Айдос бір өзі ме, әлде Ербол мен Мейрам бірге жұмыс істесе ме?
Жауабы: ___________ .
16-есеп. Таулар.
15-кестеде әр континент бойынша ең биік таулар туралы мәліметтер көрсетілген. Осы мәліметтерді қолданып, таулардың биіктіктерін табыңыздар.
15-кесте – Таулардың биіктігі
№
|
Таудың атауы
|
Тау орналасқан материк
|
Мәліметтер
|
Биіктігі
|
1
|
Эверест
|
Азия
|
|
8852 м
|
2
|
Аконкагуа
|
Оңтүстік Америка
|
Аконкагуа тауының биіктігі Эверест тауы биіктігінің 79%-ын құрайды
|
|
3
|
Мак-Кингли
|
Солтүстік Америка
|
Аконкагуа тауының биіктігі Мак-Кингли тауынан 798 м-ге биік
|
|
4
|
Килиманджаро
|
Африка
|
Килиманджаро тауының биіктігі Мак-Кингли тауынан 199 м-ге аласа.
|
|
5
|
Эльбрус
|
Еуропа
|
|
6642 м
|
6
|
Винсон массивіндегі Сентинел жотасы
|
Антарктида
|
Сентинел жотасының биіктігі Аконкагуа мен Эльбрус тауларының биіктігінің айырымын 13,98 есе арттырғанға тең
|
|
7
|
Косцюшко
|
Аустралия
|
Косцюшко тауының биіктігі Сентинел жотасының биіктігінен 2666 м-ге аласа
|
|
17-есеп. Әшекейлеу.
Ұзындық өлшемдері 4м және 2,5м қабырғаны 36-суретте көрсетілгендей плиткамен әшекейлеу қажет.
36-сурет
1-сұрақ. Берілген қабырғаның ауданы қанша?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Бір плитка қанша жерге жетеді?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу үшін шамамен қанша осындай плитка керек?
Жауабы: ___________ .
4-сұрақ. Берілген қабырғаны әшекейлеу кезінде сурет симметриялы болу үшін кем дегенде қанша осындай бүтін плитка керек?
Жауабы: ___________ .
18-есеп. Әшекейлеу .
Қабырғасының ұзындығы 45 см ромб пішінді фигураны 37-суретте көрсетілгендей ромб пішінді плиткамен әшекейлеу қажет.
37-сурет
1-сұрақ. Берілген фигураның ауданы қандай?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Берілген фигураны плиткамен толық толтыру үшін плитканың қабырғасы қанша сантиметр болуы керек?
19-есеп. Қозғалыс.
Велосипедші 4 сағат бойы 18 км/с жылдамдықпен жүрді.
1-сұрақ. Жолды 0,5 сағатқа тезірек жүріп өту үшін, ол қозғалыс жылдамдығын қаншаға арттыруы керек?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Жолды 20 км/с жылдамдықпен жүрсе, онда уақыт қалай өзгереді?
Жауабы: ___________.
20-есеп. Жас.
Әкесі және баласының жасын бірге қосқанда – 30 жас, баласы мен атасының жасын бірге қосқанда – 60 жас, ал әкесі мен атасын бірге қосқанда – 84 жас.
Сұрақ. Сонда әкесі, баласы және атасының әрқайсысы неше жаста болғаны?
Жауабы: ___________.
21-есеп. Санау.
Егер газеттің ашылған парағының сол жақ беті он сегізінші деп, ал оң жағы – отыз алтыншы деп нөмірленсе, онда осы газетте неше бет болғаны?
Жауабы: ___________.
22-есеп. Спортшылар саны.
Шаңғы жарыс жолында Айнұрдың алдында 25 спортшы тұрды. Айнұрдың артында 19 спортшыдан кейін Елдос кезекте тұр. Елдостан кейін 7 спортшы бар.
1-сұрақ. Айнұрдың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
2-сұрақ. Елдостың нөмірі нешінші?
Жауабы: ___________ .
3-сұрақ. Жарысқа барлығы қанша спортшы қатысуда?
Жауабы: ___________ .
23-есеп. Қашықтық.
Оқушыларға 60 тал отырғызу тапсырылды.
1-сұрақ. Талдарды 6 қатарға отырғызу керек болса, онда әрқатарда қанша талдан болады?
Жауабы: ___________.
2-сұрақ. Талдарды әрқатарда 12 талдан болатындай етіп отырғызса, онда қанша қатар болады?
Жауабы: ___________.
3-сұрақ. Талдарды 4 қатарға әрқатарда 5 талдан болатындай етіп отырғызуға болады ма?
Жауабы: ___________.
4-мәтін
16-кестеде Қазақстандағы ақбөкендер санының өсу динамикасы көрсетілген. Қазақстанды мекендейтін ақбөкендер саны бұл жануардың әлемдік популяциясының 90 пайызын құрайды. Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылы ақбөкендер қазақ даласынан мүлде жойылып кету қауіпі бар.
Дереккөзі http://abai.kz/post/view?id=5550
16-кесте – Ақбөкендер саны
Дереккөзі http://el.kz/blogs/entry/content-1175
Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.
Ақбөкендер Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 31-32 мың ғана (39-сурет). Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған ақбөкендердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.Үкімет ақбөкендерді 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енгізген.
Дереккөзі https://kk.wikipedia.org/wiki
Дереккөзі http://go.mail.ru/search_images
39-сурет – Ақбөкендер тіршілігі
Тапсырмалар:
1-сұрақ.
2015 жылы ақбөкендер саны қанша бас болған?
А. 15 мыңға жуық.
В. 20 мыңға жуық.
С. 50 мыңға жуық.
Д. 31 мыңға жуық.
Е. Ондай ақпарат жоқ.
2-сұрақ.
Ақбөкендердің саны шамамен қай жылы 1 миллион 400 мың болған екенін анықтаңыз.
3-сұрақ.
Автор не себепті 2-сұрақтағы жылдарды ерекше көрсетіп отыр?
4-сұрақ.
Ақбөкендер болашағы туралы ойыңызды бір сөйлеммен қорытындылаңыз
5-сұрақ.
Ақбөкендердің саны 2013 жылдан кейін қанша пайызға азайды?
А. 10-12%.
В. 57-60%.
С. 15-20%.
Д.25-30%.
Е. 50-52%.
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-суретке мұқият қараңыз.
1-суреттен қажетті ақпаратты алыңыз.
Екінші сұрақтың жауабына мұқият назар аударыңыз.
2-суреттің қандай жағдайда бейнеленіп тұрғаны туралы ойланыңыз.
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Бағалау кестесі.
Ең жоғары балл – 5
31 мыңға жуық.
Шамамен 1995-1996 жылдары.
Осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған ақбөкендердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.
Барлық мәліметтер ақбөкендер саны қырыла берсе, олардың құрып кетеуі мүмкін екенін көрсетеді.
Ақбөкендердің саны 2013 жылдан кейін қанша 57-60 пайызға азайды.
Мазмұны
1
|
TIMSS халықаралық зерттеулерiне 8-сынып оқушыларын дайындайтын есептер жинағы...........................................................
|
3
|
1.1
|
Тапсырмаларды орындауға нұсқау...................................................
|
3
|
1.2
|
Ғылыми жаратылыстану сауаттылық...............................................
|
5
|
1.3
|
Математикалық сауаттылық...............................................................
|
20
|
2
|
PISA халықаралық зерттеулерiне дайындайтын
есептер жинағы ....................................................................................
|
28
|
2.1.
|
Тапсырмаларды орындауға нұсқау ...................................................
|
28
|
2.2
|
Ғылыми жаратылыстану сауаттылық ...............................................
|
30
|
2.3
|
Математикалық сауаттылық...............................................................
|
37
|
2.4
|
Оқу сауаттылығы.................................................................................
|
46
|
TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу
Есептер жинағы
Разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям TIMSS и PISA
Сборник задач
Басуға 30.03. 2016 қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.
Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 7,9
Подписано в печать 30.03. 2016. Формат 60×84 1/16.
Бумага офсетная. Печать офсетная.
Шрифт Times New Roman. Усл. п.л. 7,9
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 15-қабат.
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
010000, г. Астана, ул. Орынбор, 4, БЦ «Алтын Орда» 15 этаж
Достарыңызбен бөлісу: |